Сабақ жоспарлаудың әдістемелік конструкторы


Бағалау Бағалау түрін жоспарлау



бет6/6
Дата17.04.2024
өлшемі45.28 Kb.
#499016
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
7.4-ресурс. ОМЖ Симпсон индексі

Бағалау
Бағалау түрін жоспарлау:
Қалыптастырушы бағалау сабақтың басында биоәртүрлілік туралы бейнежазбаны көруден және биоәртүрлілікті анықтау үшін статистикалық әдісті қолданудан басталады.
Практикалық жұмыста көрсетілген логикалық дәлелдер жұмысты дұрыс зерттеудің көрсеткіші болып табылады. Оқушылардың қабілеттері сұрақтар, ой қозғау және NX-ойлау әдістері арқылы үнемі бағаланады.
Дұрыс орындалған практикалық жұмыс оқушылардың сабақ материалын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді.
Бағалау – мұғалімнің бағалауы, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау
Бағалаудың зерттеу идеясымен байланысы қандай (концептілерді дамыту, мазмұнның жаһандануымен байланысы):
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, күтілетін нәтижелерін анықтаған кезде оқушылар сабақтың негізгі концептісі жүйе мен өзара қарым-қатынас болатынын түсінеді, биоәртүрлілік – бұл өз жүйесінде орын алатын белгілі бір қатынастардағы организмдердің әртүрлілігі, ал биоәртүрлілік компоненттерін білу: біртектілік пен молшылық пәндік концептіні көрсетіп, қоршаған ортаның теңгерімін анықтайды. Симпсон индексінің статистикалық талдау әдісін қолдана отырып, аймағыңыздағы экожүйелердің жағдайын талдау тұрақты дамуды зерттейді, яғни жаһандық концептіні анықтайды.



Рефлексия



Тарауды зерттеуге дейін
Бейне-жаңалықтарды қараңыз: Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау Сенатта талқыланды, соңғы жаңалықтар,24KZ. Материалды көргеннен кейін жаңалықтардағы осы бейнежазбаның мән-маңызын талқылаңыз.

Тарауды зерттеу барысында
Оқушылар материалды жеке оқиды, жауаптарын мәтіннен алып жазуы керек.
Математика мұғалімімен бірге екі аймақтағы биоәртүрліліктің молдығын немесе біркелкілігін анықтау үшін Симпсон индексі әдісімен статистикалық есептер шығару. Алған білімдерін бекіту үшін оқушылар практикалық жұмысты өз бетінше орындайды.



Тарауды зерттегеннен кейін

Биоәртүрлілік не үшін қажет екенін түсіндің бе?

Сен биоәртүрліліктің маңыздылығын анықтай алдың ба?

Мен бүгін қандай білім, тәжірибе алдым?

Менің көңіл-күйім қандай?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет