Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады



бет13/24
Дата05.09.2022
өлшемі229.91 Kb.
#460248
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Силлабус ИТН

Бақылау сұрақтары

  1. Неге математикада алгоритм ұғымын формальдандыру қажет болды?

  2. Алгоритм ұғымын жетілдірудің қандай қырлары бар?

  3. Қандай функциялар есептелінетін функциялар деп аталады?

  4. Қандай функциялар бөлікті рекурсиялы функциялар деп аталады?

  5. рекурсивті функциялар теориясында қандай қарапайым функциялар мен амалдар жиынтығы қолданылады?

  6. Черч тезисінің формулировкасы қандай?

  7. Посттың абстрактілі машинасының құрылғылары қандай?

  8. Тъюрингтің абстрактілі машинасының құрылымы қандай?

  9. Тьюринг машинасы қалай сипатталады? Тьюринг машинасының схемаларына мысал келтір.

  10. Тьюринг машинасының композициясы деген не?

  11. Тьюринг теоремасының мазмұны неден тұрады?

  12. Дедекциялық шынжырға мысал келтір.

  13. Марковтың қалыпты алгоритмдері қалай анықталады?

  14. Әмбебап алгоритмнің есебі неден тұрады?

СӨЖ тапсырмалары:
1. СӨЖ.
Тақырыбы: Символдық жолдарды өңдеу функциялары.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1.Бүтін санды кодты символға және керісінше айналдыру функциялары.
2.string.h, stdlib.h файлында анықталған жолдарды түрлендіру функциялары.қ[2] 20б
Әдебиеттер: [2] 219-230, [3] 192-203,[4] 230-234, қ[2]16-21
2. СӨЖ.
Тақырыбы: Жол функция параметрі ретінде.
Тапсырма: Тақырыпты оқу, конспектілеу, меңгеру.
Әдебиеттер: [2] 219-230, [3] 192-203,[4] 230-234, қ[2]16-21
string.h, stdlib.h файлында анықталған жолдарды түрлендіру функциялары.
Тапсырма:Жолдарды түрлендіру функцияларының кестесін толтыру.
1. Сөйлемдегі сөздердің санын табатын программа.
Әдебиеттер: [2] 219-230, [3] 192-203,[4] 230-234, қ[2]16-21


Оныншы апта
10 дәрістің тақырыбы: Алгоритмдердің тиімділігі мен күрделілігіне анализ жасау.
Терминдер мен анықтамалар: Алгоритмнің күрделілігі ұғымы. Алгоритмнің асимптотикалық күрделілігі. Есептің күрделілігі. Күрделіліктің жоғарғы, төменгі және орташа бағасы. Алгоритмнің асимптотикалық уақытша күрделілігі. Әр түрлі алгоритмдердің тиімділігін салыстыру.

10 практикалық сабақтың тақырыбы:Табиғи тілде, графиктік және алгоритмдік тілде есептердің алгоритмін құру.


Тапсырмалар:


Төмендегі есептердің табиғи тілде, блок схема және алгоритмдік тілдегі алгоритмін құрыңдар:

  1. Берілген екі санның арифметикалық және геоматриялық ортасын табыңдар.

  2. Үшбұрыштың үш төбесі берілген. Қабырғаларын және ауданын табыңдар.

  3. Екі қабырғасы және арасындағы бұрышы берілген үшбұрыш ауданын табыңдар.

  4. Радиусы берілген шеңбер ұзындығын және дөңгелек ауданын табыңдар.

  5. Қабырғалары берілген үшбұрыштың биіктіктерін тап.

  6. Қызметкердің жалақы мөлшері берілген. Жалақыдан зейнетақы қорына кететін (10%) және кіріс (5%) салықтарының мөлшерін анықтаңдар.

  7. Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.

  8. Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А-ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірліктеріне айналдырыңдар.



Тақырыбы:Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер
Тапсырма: Төмендегі тармақталу және циклдік алгоримдерді құрыңдар:

  1. Үш қабырғасы берілген үшбұрыш бола ма?

  2. Үш санның ең үлкенін табыңдар.

  3. Екі сан берілген. Олардың екеуі де оң болса, оларды екі еселе, біреуі оң болса, екіге кеміт, әйтпесе екі есе еселе.

  4. Екі таңбалы барлық сандардың қосындысын табыңдар.

  5. Екі санның ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

  6. Барлық екі таңбалы сандардың көбейтіндісін тап.

  7. N натурал саны берілген. Егер ол сан тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767- ден кем болса, онда ол санды 2- ге көбейтіңдер. Керісінше жағдайда берілген санды 5- ке бөліңдер.

  8. Берілген нүкте центрі (1,1) нүктесіндегі, радиусы R шеңберге тиісті бола ма?

  9. Кездейсоқ берілген 3 санның неше әрекеттен кейін «бақытты жетілік» құрайтынын анықтаңдар.

  10. Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 5-ке бөліне ме?

  11. Қаладағы мектеп нөміріне байланысты ол орналасқан аудан атауын экранға шығаратын программа құрыңдар.

  12. Берілген факультет нөмірі бойынша факультет атауын шығаратын программа құрыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет