Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады



бет3/24
Дата05.09.2022
өлшемі229.91 Kb.
#460248
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Силлабус ИТН

3. Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Сабаққа қатысу.

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.

  1. Дәрісханадағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
  1. Жеке тапсырмалар

Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді.

  1. Өзіндік жұмыс


СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады және сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мәнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сәйкес қабылданады.
  1. Білімді бақылау..


Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды және бағаланбайды.

  1. Әңгімелесу.

Әңгімелесу әр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Оқыту негізінен дәріс, Практикалық, өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі, студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін сабақта (СОӨЖ) теория практикамен ұштасып, пәндік дағды қалыптастырылады. Мұғалім басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының қосымша сұрақтары талданып, қорытылады. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін жинақтап, қорытынды жасауға немесе меңгерген білімін қолдануға арналған тапсырмалар беріледі. Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жеке-дара оқу, жұптық жұмыс, кеңес оздырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет