Сабақ Кіріспе Ондық бөлшектерді қосу және азайту



жүктеу 203.12 Kb.
Дата14.06.2016
өлшемі203.12 Kb.
46 А.С.Пушкин атындағы орта мектеп




Тақырыбы:


Сыныбы: 5
Пән мұғалімі: Мәдиева Құттықыз

2006-2007 оқу жылы

1-сабақ

Кіріспе

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

І. Модульдің құрылымымен мақсат, міндерттерімен таныстыру

ІІ. Тірек сызбалары арқылы жаңа сабақ түсіндіру

  1. Үйге берілген тапсырма арқылы тақырыпты ашу

Үйге берілген тапсырма

Амалдарды орында:

2,3+5,1; 13,15+8,6; 24,783+15,06;

3,7-1,2; 7,21-1,5; 25-2,64

2. Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Ондық бөлшектерді қосып, азайту натурал сандарды қосып азайту сияқты орындалады. Оларды баған түрінде жазып, разрядтар бойынша қосып азайтамыз.




Ондық бөлшектерді қосқанда қосудың ауыстырыдылық, ьерімділік қасиеттері сақталады.







ІІІ. Оқушылардың дәптермен жұмысы

ІҮ. Қорытындылау

Үйге: Ондық бө лшектерді қосу және азайтуды қарап шығу және тірек сызбаларын жасап келу.
1-мысал

3,7+2,651=3,700+2,651=6,351

3,700

+

2,651



6,351 Жауабы: 6,351

2-мысал


34,683+8,564=43,247

34,683


+

8,564

43,247 Жауабы: 43,247
3-мысал

6,83-2,51=4,32

6,83

-

2,51



4,32 Жауабы: 4,32

4-мысал


32,85-3,673=32,850-3,673=29,177

32,850


-

3,673

29,177 Жауабы: 29,177

5-мысал


49+44,72=93,72 Жауабы: 93,72
Натурал санға ондық бөлшекті қосқанда ондық бөлшектің бүтін бөлігіне натурал санды қосып, бөлшек бөлігін сол күйінде жазамыз.

6-мысал


49-44,72=49.00-44.72=4.28

49.00


-

44.72


4.28 Жауабы: 4,28

Егер азайғыш натурал сан болса, онда натурал саннан кейін үтір қойып, қажетті нольдер санын тіркейміз, сөйтіп амалды орындаймыз.



2 сабақ

І. «Мұғалім о қушы» оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты: тақырыпты меңгерту

Ойынның шарты: ойын жұпқа бөлініп жүргізіледі.

  1. Әр бір оқушы тапсырма алады, дайындыққа 10 минут беріледі.

  2. Дайындалған соң І нұсқа оқушылары тірек сызба конспектілерін пайдалана отырып, ІІ нұсқа оқушыларына түсіндіреді. Яғни «мұғалім ролінде болады.».

  3. Рольдермен ауысады.

  4. Тапсырма тақтаға жазылады

  5. Бірін-бірі тексереді.

  6. Сұрақтар қоя отырып, о қушыларды фишкалар арқылы бағалайды.

№1 тапсырма (І нұсқа) «Ондық бөлшектерді қосу»

№2 тапсырма (ІІ нұсқа) «Ондық бөлшектерді азайту»

Ойынды қорытындылау.

ІІ Есептер шығару

№947


0,07+13,23=13,3 85,0714+3,03=88,1014

9,02+4,28=13,3 125,6+0,415=126,015

18,36+4,14=22,5 356+0,376=356,376

№980


6,25-4,3=1,95 20-15,73=4,27

15,9-4,75=11,15 41-32,5=8,5

7,63-2,51=5,12 6,5-4,7=1,8

№966


1,245+(0,155+3,02)=1,245+3,175=4,42

(2,716+122,3)+3,084=125,16+3,084=128,244

91,125+(0,83+8,875)=91,125+9,705=100,83

(134,06+16,03)+5,94=150,09+5,94=156,03

№993

(45,3-8,07)-(32,09-24,3)=37,23-7,79=29,44



(72-24,45)+(43-36,08)=47,55+6,92=54,47

(88,8-75,13)+(96,995-45,07)=13,67+51,925=65,595

№973

1) a+b=b+a 2) (x+y)+z=(x+z)+y



a=6.7; b=3.9 x=4.3; y=6.2; z=8.7

6.7+3.9=3.9+6.7 (4.3+6.2)+8.7=(4.3+8.7)+6.2

10.6=10.6 19.2=19.2

№ 1002


(61,3-44,915)-15,86=16,385=15,86=0,525

861-(916,3-71,291)=861-845,009=15,991

(243-167,81)-(96-28,95)=75,19-67,05=8,14

(155,3-97,07)-(315,09-787,615)=58,28-27,475=39,805



Қорытындылау

Оқушылардың фишкаларына қарай марапаттап бағалау



Үйге тапсырма: §34 §35 және №952, №953, №974, №975 есептерді үйден қарап келу.

3 сабақ

1. «Алгоритм» ойыны оқыта үйрету ойыны

Оқушының білім білік дағдыларын дамыту. Сынып оқушылары 4 оқушыдан 6 топқа бөлінеді.

2. (Топтың әр оқушысына жеке тапсырмалар беріледі) Тақтаға 4 тапсырма жазылады.

А) 1 тапсырманы әр оқушы өздері орындайды.

Б) 2 тапсырманы сағат тілімен дәптерді ауыстырып орындайды.

В) Оқуышлар алдына келген тапсырманы тексеріп, бағалап, бағалау парағына жазады.

Тапсырмалар:


  1. Ондық таңбашаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосып, азайтады.

  2. Ондық бөлшектерді қосудың, азайтудың тұжырымдамасы.

  3. Ондық бө лшектерді қосу мен азайтудың ұқсастығы мен айырмасы.

Ойынды қорытындылау:

Оқушылардың білімін фишкалар арқылы бағалау.



Математикалық лото:

  1. Сынып оқушылары 4 оқушыдан 6 топқа бөлінеді.

  2. Әр топқа құрастырмалы лото карточкалары таратылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру барысында «Математикалық дәлелдеусіз ешбір ұйғарымды қабылдай алмайды». (Омар Хаям) сөйлемін құрастырады.

І топта математикалық

ІІ топта дәлелдеусіз

ІІІ топта ешбір

ІҮ топта ұйғарымды

Ү топта қабылдай

ҮІ топта алмайды



Топ тапсырмалары:

І топ 1 карточка

Үшбұрыштың қабырғалары 3,6см, 5,3см, 4,9см. Оның периметрін тап.

2 карточка

8*,5*3


6, * 8

*5,633


ІІ топ тапсырмасы 1 карточкасы

Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 3,6 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы1,9 км/сағ. Қайық ағысқа қарай қандай жылдамдықпен жүреді.



2 карточка Теңдеуді шеш.

А+(46,3+24,91)=80,03-42,9



ІІІ топ тапсырмасы 1 карточка

Сым үш бөлікке бөлінген. 1-ші бөлік ұзындығы 8,2см, 2-ші бөлік үзындғы 1-ші бөлік ұзындығынан 2,12см қысқа, ал 3-ші бөлік 2-шіден 2,53 см қысқа. Ұзындықтарын тап.



2 карточка

24*,37*


39,4*1

2*5,*51



ІҮ топ тапсырмасы 1 карточка

АВ кесіндісінің ұзындығы 15,7 см, СД кесіндісі АВ кесіндісінен 9,35 см қысқа. СД кесіндісінің ұзындығын тап.



2 карточка Теңдеуді шеш

х-2,3 = 3,374+4,51



Ү топ тапсырмасы 1 карточка

Тік төртбұрыштың ені 138,3м, ал ұзындығы енінен 65,57м артық. Периметрін тап.



  1. карточка

8*,5*3

6,8**

*5,333


ІҮ топ тапсырмасы 1 карточка

Ұзындығы 12,5 м ағаштың 2,15м жерге көмілді. Жер бетіндегі бөлігінің ұзындығын тап.



2 карточка Теңдеуді шеш

а+(46,3-24,91) = 80,08-42,9


Қорытындылау.

Үйге тапсырма №997, 1007, 970 есептерін қарап келу.

4 сабақ

Жеке – топтық жұмыс формасы

Мақсаты: Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың білім, білік икем дағдыларын қалыптастыру.
Құрал жабдығы:

  1. Бағалау парағы.

  2. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалары бар парақ.

  3. Жауап үлгілері.

  4. Жетондар.

Ойынның жүру барысы І нұсқа

Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті (3 нұсқасы х 4 = 12 тапсырмалар топқа). Мұндай ІІІ деңгей тапсырмаларын бермеген дұрыс. Жауаптары жеке парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға да болады). Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2,3,4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырады. Сабақ соңында барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

Тапсырмалар: ІІІ деңгей


  1. Амалдарды орында

5,6+8,03-7,99; 12,9-5,7+6,031

11,8-5,7+8,65 45,9+16,51-23,78

2) 23,75 пен 9,09 сандарының қосындысынан осы сандардың айырмасын азайт.

ІІ деңгей



  1. (Есепті теңдеу құру арқылы шығар) Екі битонда керосин бар. 1-шіде 8л керосин болған, одан 2,3 керосинді 2-ші бидонға құйғанда, 2-ші битонда 1-шіге қарағанда 3,4 керосин артық болды. 2-ші бидонда алғашқыда неше литр керосин болған.

  2. Теңдеуді шеш.

3,557+Х Х-0,731

= 4 = 5

  1. 3

І деңгей. Теңдеуді шеш.

1) Х-(16,3-9,25) = 2,113+5,887 (у-23,662)+4,582 = 17,961+12,039

2) Саяхатшылар 1-ші күні 64,8 км жол жүрді, 2-ші күні оның -ін жүрді. Ал 3-ші күні 1-күнгіден 20 пайыз кем жүрді. Саяхатшылар үш күнде қанша жол жүрді?


Қорытындылау: Оқушылардың білімін фишкалар арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: №986, 983, 1005 есептерді үйден қарап келу.
5 сабақ

«Өрмекші» оқыта үрету ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың меңгерген білімдерін пысықтау

Ойынның шарты:

Сыныптағы оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелден 3 деңгейдегі сұраққа дайындалып, үлгергенінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарыдағыдай жауап жазып қылдырып, осылай сабақ барысында төрт үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мұғалім терсеріп бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады, ең көп ұпай жинаған оқушыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.

Тапсырмалар: ІІІ деңгей


  1. Үшбұрыштың периметрі 21,6см, бірінші қабырғасы 6,3см, екінші қабырғасы 5,6см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын тап.

  2. 15,613-8,013+12,68

  3. Ағынсыз судағы қайықтың жылдамдығы 6,65 км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 2,3 км/сағ. Қайықтың ағыспен жүзгендегі және ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын есептеп шығар.

ІІ деңгей

  1. 31 км қашықтықтан 2 салт атты адам бір-біріне қарама-қарсы шауып келеді. 1-шісінің жылдамдығы 10,35 км/сағ болса, 2-ші салт атты адамның жылдамдығы одан 2,3 км/сағ артық. Бір сағаттан соң салт атты адамдар бір-біріне қандай қашықтықта болады?

  2. 2 жәшіктегі шегелердің массалары бірдей. 1-ші жәшіктен 2-ші жәшікке 1,9 кг шегені салғанда, 2-ші жәшіктегі шегенің массасы 1-ші жәшіктегі шегенің массасынан қанша көп болады?

  3. Теңдеуді шеш.

125,95-х

= 6

2,65+4,35

І деңгей


1) Үшбұрыштың бір қабырғасы 11,6см, екінші қабырғасы одан 3,2см қысқа, ал үшінші қабырғасы алғашқы екі қабырғасының 0,6-сына тең. Үшбұрыштың периметрін тап.

2) АВСД төртбұрыштың периметрі 15,8 см. ВС қабырғасы 3,2 см. АВ қабырғасы ВС-дан 0,8 см қысқа, ал СД қабырғасы АВ-дан 0,3 см ұзын. АД қабырғасының ұзындығын тап.

3) Х+(16,3-9,25) = 2,113+5,887
Ойынды қорытындылау. Оқушыларды фишкалар арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Өтілген материалдарды пысықтау келу.

6 сабақ

«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты:
Ойынның шарты:

Құрал жабдығы


    1. Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған житондар

    2. Тапсырмаларға арнап төрт бөлікке бөлінген жаймалар

    3. Сандар жазылған жаймалар

    4. Ортақ бағалау парағы

    5. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар

    6. Жауап үлгілері жазылған карточкалар

Ойынның жүру барысы.

Сынып 5 адамнан 4 топқа бөлінеді. 4 ойыншы 1 жүргізуші болады. Ойынға қатысушыға номер жазылған житондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде 4 бөлікке бөлінген жайма, осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады.

І деңгей сұрақтары, оның үстіне ІІ деңгей сұрақтары, ең сүтіне ІІІ деңгей сұрақтары қойылады. Әр бөлікке бір сұрақтан. Үстінгі сұрақтарға дайындықсыз қойылады. Әр бөлікке бір сұрақтан. Үстінгі сұрақтарға дайындықсмыз жауап береді. 2-ші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі. Оларға 7-10 минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар:

7 – сабақ

Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.

Тест


І нұсқа ІІ нұсқа

1) 3,5+1,2 1) 5,3+2,1

а) 4,7 б) 7,4 в) 2,3 а) 7,4 б) 4,7 в) 8,6

2) 6-2,3 2) 9-4,5

а) 7,3 б) 3,7 в) 4,5 а) 5,4 б) 4,5 в) 13,5

3) 21+0,167 3) 16+3,135

а) 22,67 б) 0,188 в) 21,167 а) 13,365 б) 3,151 в) 19,135

4) 7,05-5,55 4) 9,55-5,05

а) 1,5 б) 2,5 в) 2,6 а) 4,5 б) 5,4 в) 9,6

5) 4,5+3,5-5,2 5) 3,3+2,3-2,4

а) 4,25 б) 2,8 в) 8,2 а) 2,5 б) 3,2 в) 2,32
Бос орынды толтыр

І нұсқа ІІ нұсқа

1) 3,25+2,___ = 3,45 1) 7,13+_____ = 10,65

2) 6,____ -4,05 = 2,2 2) 15,____ - 4,27 = 11

3) 28,196 + ____ = 40,305 3) 18,326 + ____ = 22,7



Жауаптары:

Тест І нұсқа а), б), в), а), в)

ІІ нұсқа а), б), в), а), в)

Бос орын толтыр: І нұсқа 1) 2,20 2) 6,25 3) 12,109

ІІ нұсқа 1) 3,52 2) 15,27 3) 4,374
Бақылау жұмысы

І нұсқа

1) Есепте. 2,83+15,2; 19-5,86; 25,05+(5+)-0,31

2) Дүкенде 1-ші күні 2,76 тонна картоп сатылса, 2-ші күні одан 0,85 тонна кем сатылды. Дүкенде 2-күнде қанша картоп сатылды.

3) Есепте. (5,36-4,07)+(14-9,158)+137,868

4) Теңдеуді шеш. Х+7,04 = 14,86

ІІ нұсқа

1) Есепте. 145,6+7,35; 65,7-18,95; 9,8+(16+)-5,55

2) 1-күні 4,85 км жол жөнделді, ал 2-күні 1,26 км жол 1-ші күнгіден артық жөнделді. Екі күнде қанша жол жөнделді.

3) Есепте. 26,18-9,243+(60-25,7)+127,863

4) Теңдеуді шеш. Х+7,05 = 14,87
Қорытындылау.
Үйге тапсырма. Өткен материалды пысықтап келу
8-сабақ

Мақсаты: 1) Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білім, білік икем дағдыларын тексеру.

2) Бақылау жұмысында жіберілген қатемен жұмыс




  1. Қатемен жұмыс

  2. Сынақ

1-билет

1) ондық бөлшектер қалай қосылады?

2) 3,65-2,25+,3326

2-билет


1) Ондық таңбаларының саны әр т үрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?

2) 4,32+2,68-4,5

3-билет

1) Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?



2) 64-6,25+23,3

4-билет


1) Ондық бөлшектерді қосудың тұжырымдамасын айтып бер.

2) 365,675-333,222+6

5-билет

1) Ондық бөдшектерді қалай азайтады?



2) 420,305-400,305+15,02

6-билет


1) Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса, қалдай азайтады?

2) 26,01+10,32-5,305

7-билет

1) Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтады?



2) 86+13,025-9,025

8-билет


1) Ондық бөлшектерді азайтудың тұжырымдамасын айтып бер?

2) 125,32+5,16-120,325

9-билет

1) Ондық бөлшектерді азайтк мен қосудың ұқсастығы неде?



2) 100-55,56+3,05

10-билет


1) Ондық бө лшекті азайту мен қосудың айырмашылығы неде?

2) 9,36+5,19-8


Билет есептерінің жауаптары:

1-билет: 4,726 6-билет: 31,025

2-билет: 2,5 7-билет: 90

3-билет: 81,05 8-билет: 10,155

4-билет: 38,453 9-билет: 47,49

5-билет: 35,02 10-билет: 6,55


Қорытындылау: Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма: Есеп

1 см3 темірдің массасы 7,9г. 54см3 темірдің массасы қанша?

Есепті үш тәсілмен шығар.

1-тәсіл. Көбейтуді қосуға келтіріп, есепте.

2-тәсіл. 7,9 = 7 * т үрінде жазып, аралас санды натурал санға көбейтуді орында.

3-тәсіл. Ондық бөлшектің үтірін ескермей, натурал сандарды көбейтіп, есепте.

3-тәсілмен есептегендегі көбейтуді мәнінің 1 және 2- тәсілдермен есептеген мәнінен өзгешелігі неде? 3-тәсілмен есептеген көбейтіндінің мәні дұрыс болуы үшін нені ескеру керек? Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қалай орындайды?

Модуль №2

Сабақ №1 . Кіріспе
Тақырыбы: §26 Сан аралықтары. Санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықта белгілеу.

§27 Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.




Бөлімі

Сағат саны

Мазмұны

Минут саны

Мерзімі

Ескерту

Кіріспе

1-ші сабақ

1. Тірек сызбаларын қолдана отырып, жаңа сабақты проблемалық түрде ұғындыру

2. Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау

3. Қорытындылау


25м
15м






Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау

Сөйлесу бөлімі

2-ші сабақ

1. «Мұғалім оқушы» танымдық ойыны

2. Есептер шығару

3. Қорытындылау


20м

20м







Дәптермен жұмыс

3-4-ші сабақ

1. «Қарлы-кесек» оқыта үйрету ойыны

2. Қорытындылау



80м

10м





Тірек сызбалармен ж ұмыс

5-ші сабақ

1. «Өрмекші» ойыны

2. Қорытындылау



40м






Жұмыс дәптерімен жұмыс

6-ші сабақ

1. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

2. Қорытындылау



40м






Дәптермен жұмыс

7-ші сабақ

1. «Брейн-Ринг» ойыны

2. Қорытындылау



40м






Дәптермен ж ұмыс

Қорытынды

8-ші сабақ

1. Математикалық диктант

2. Бақылау жұмысы



10м

35м









Нені үйрену қажет:


  1. Сан аралықтарын координаталық тү.зуге кескіндеу

  2. Сан аралықтарын ажырата білу

Нені білуі тиіс:


  1. Сан аралықтарын координаталық түзуге кескіндеуді

  2. санды теңсіздіктердің шешімдерін дұрыс тауып, жауаптарын жаза білуді.

  3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді


Қосымша әдебиеттер:


  1. «Математика және физика» журналы

  2. «Математика» газеті

  3. «Алгоритм» журналы

  4. дидактикалық материалдар


Шығармашылық тапсырмалар:


  1. Сан аралықтары туралы тарихи мәліметтер жинау.

Координаталық түзуде а және в сандарына сәйкес нүктелерді белгілейік




Координаталық түзудегі берілген а және в сандарына сәйкес нүктелердің аралығы а және в сандарының сан аралығын кескіндейді.

Теңсіздіктердің шешімдері деп, айнымалының (белгісіздің) осы теңсіздікті тура теңсіздікке айналдыратын мәндерін айтады.

1) 2 < x < 7 қатаң теңсіздік

Белгіленуі (2;5); аталуы «интервал»



2) -4 ≤ х ≤ 3 қатаң емес

белгіленуі [-4; 3]; аталуы «кесінді»

3) -2 ≤ х < 4 белгіленуі [-2; 4] атауы «жарты интервал»



4) Х ≥ 8 қатаң емес теңсіздік

белгіленуі [8; +∞); аталуы «сәуле»

5) Х < 5 белгіленуі (-∞; 5); аталуы «ашық сәуле»



6) - ∞ < x < + ∞; аталуы «сандық түзу»

белгіленуі (-∞; +∞)

Мысал №1


[-2; 4] мен [1; 6] сан аралықтарының ортақ б өлігі [1; 4]


[-2; 4] ∩ [1; 6] = [1; 4] қиылысады
мысал №2

[-4; 1] және [3; 7]


қиылысуы бос жиын [-4; 1] ∩ [3; 7] = Ǿ


мысал №3

[-2; 3] және [1; 6]




[-2; 3] U [1; 6] = [-2; 6] бірігеді.
ах > немесе ах < в түріндегі теңсіздіктер бір айнымалысы бар сызықты теңсіздіктер деп аталады.

а, в – қандайда бір сандар

х – айнымалы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деп, осы теңсіздікті тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәнін айтамыз.




Шешімдері бірдей теңсіздіктер мәндес теңсіздіктер деп аталады.






№46 А.С.Пушкин атындағы орта мектебі



Үлгі сабақ

Тақырыбы: Модуль .3 Сабақ №7

Пән мұғалімі: Мәдиева Құттықыз

2005-2006 оқу жылы

Модуль №3
Тақырыбы: Рационал өрнектер


Бөлімі

Сабақ саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе бөлімі

1-сабақ

1) Модульге кіріспе.

2) Рационал бөлшектер.

3) Рационал бөлшектерді қысқарту.

4) Бөлшектердің қосындысымен айырмасы.

Тірек сызбалары арқылы түсіндіру


5 мин

10 мин


15мин

15 мин


Тірек сызбалары дәптерге сызылады

2-сабақ

1) Рационал б өлшектерді көбейту және бөлі

2) Рационал бөлшектерді тепе-тең түрлендіру

Тірек сызбалары арқылы түсіндіру

Қорытындылау



15 мин

20 мин
10 мин



Тірек сызбалары дәптерге сызылады

Сөйлесу бөлімі

3-сабақ

1) Өзара оқытусабағы

2) Қорытындылау



35 мин

10 мин


Тірек сызбаларын қолданып, теориялық білімді меңгерту

4-5 сабақ

1) «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

2) Ойынды қорытындылау



80 мин

10 мин


Теориялық білімді практикада қолдануды меңгерту

6-сабақ

1) «Математикалық лото» дидактикалық ойыны.

2) Ойынды қорытындылау.

3) «Не? Қайда? Қашан?» оқыта үйрету ойыны.

4) Ойынды қорытындылау



10 мин
3 мин

25 мин


7 мин

Есеп шығару жолдарын үйрету

7-сабақ

1) «Аквариум тәсілі» оқыта үйрету ойыны.

2) Ойынды қорытындылау.



40 мин

5 мин


Теория мен практиканы ұштастыру

8-сабақ

1) Жеке топтық жұмыс формалары

2) Қорытындылау



35 мин

10 мин


Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Қорытындылау бөлімі

9-сабақ

1) Математикалық диктант.

2) Тесмт.

3) Қорытындылау


15 мин

25 мин


5 мин




10-сабақ

1) Бақылау жұмысы

2) Бақылау жұмысын қорытындылау



40 мин

5 мин






Білімділік мақсаты:

Рационал бөлшектерге қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қолдана отырып тепе-тең түрлендіруді ұғындыру.


Дамытушылық мақсаты:

Есептер шығару барысында қысқаша көбейту формаларын және рационал бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының ережелерін дұрыс қолдана отырып есептердің тура шешімін табу дағдыларын дамыту.


Тәрбиелік мақсаты:

Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, білімділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.


Нені үйрену қажет?


  1. Рационал бөлшектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы түрлендіруді.

  2. Рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдануды.

Нені білуі тиіс?



  1. Қысқаша көбейту формулаларын.

  2. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосуды, азайтуды.

  3. Бөлімдері әр түрлі рационал бөлшектерді қосуды, азайтуды.

  4. Рационал бөлшектерді көбейтуді және бөлуді.

  5. Рационал бөлшектерді теңбе-тең түрлендіруді.

Қосымша әдебиеттер:




  1. Т.А.Алдамұратова. Математика. 5-сынып

  2. Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра, 7-сынып

  3. О.Р.Глейзер. Математика тарихы. 5-6 сынып

  4. Жәутіков Математика тарихы

  5. 7 сыныптарға арналған алгебралық әдістемелік құралдар.

Шығармашылық жұмыс тақырыптары




  1. Рационал өрнектердің шығу тарихы.

  2. Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып рационал бөлшектерді түрлендіру

  3. Рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдана отырып, тепе-тең түрлендіру.

Сабақ №7
«Аквариум тәсілі»


Мақсаты:

Берілген тақырып бойынша оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыру


Ойынның барысы:

Сынып 3 топқа бөлінеді. Шаршы бойына орналасады. Әр топ арасынан өкіл сайланады және 3 сарапшы сайланады. Олар әр топтың жұмысын бағалай отырып сараптама жасайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша тықарыптарын қорғап шығады. Өзге топ өкілдері бір-бірінің сөзінен кейін сұрақтар қоюға құқылы. Әрбір топтың іс-әрекетін сараптамашылар бағалайды. Мұғалім қорытынды жасайды.


Берілген тапсырмалар:


  1. Рационал бөлшектер. «А тобы»

  2. Рационал бөлшектерді қосу және азайту. «Б тобы»

  3. Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу. «В тобы»


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет