ІІ. Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқытудың технологиялық негіздері
Дәріс - 9
Тақырыбы: "Сабақтың типтері мен құрылымы "
Мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың формаларымен таныстыру. Көркем еңбекті сабағының ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету
Жоспар:
1.Сабақ типтері
2.Сабақ құрылымы
3.Сабақ өткізу техникасы
Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы сабақ болып табылады.
Бастауыш сыныптарда "Көркем еңбекті " сабақтарында мынадай бағыттағы еңбектің түрлері бар:
Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс;
Тоқыма материалдар мен жұмыс;
Техникалық үлгілеу;
Табиғи материалдармен жұмыс;
Ағаш пен жұмыс;
Сымтермірмен және жұқа қаңылтырмен жұмыс;
Ауылшаруашылық еңбегі;
Күнделікті жоспардың құрылымы.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша мұғалім өтілетін сабақтың күнделікті жоспарын жасайды. Онда сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеті істелетін еңбектің түрі және құрал жабдығы мен сабақтың мазмұны жазылады.
Оқушыларды ұйымдастыру
Өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабақпен байланыстыру (оқушыларға сұрақтар беру, тапсырма бойынша жаттығу жасату, ойын түрінде т.б.)
Жаңа сабақты түсіндіру (сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеті, мазмұны
Оқушылардың сарамандық жұмыстары
Жұмыс орнын ұйымдастыру, суреттер мен сызбалар бойынша ұқыпты жұмыс істеу, (материалдарды үнемдеп, құралдарды тиімді пайдалану, әтүрлі жұмыс әдістерін білу, тазалық, гигиеналық және қауіпсіздік техникасының ережелерін орындау, орындалған жұмысқа байқау жүргізу)
Сабақты қорытындылау (жасалған бұйымдарды салыстыру, нақтылы құралдармен өлшеу, бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерін айту, өз жұмыс орнын ретке келтіріп, материалдармен құралдарды ретке келтіріп, материалдармен құралдарды жинау. Күнделікті жоспардың бұл құрылысы өтілетін сабақтың тақырыбына еңбектің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады.
Оқу тәжірибе үлескісіндегі жұмыстар жылдың барлық айларында мектептің мүмкіншілігімен жағдайына байланысты жүргізіледі. Оқушылар оқу тәжірибе үлескісіне егілетін өсімдіктердің түрлерін естеріне түсіреді, мысалы: дәнді дақылдар, бидай,арпа, күріш, сұлы, тары, жүгері, бақша өсімдіктері: қауын-қарбыз, асқабақ, қияр, орамжапырақ, тамыр жемісті өсімдіктер: сәбіз, пияз, сарымсақ, картоп, қызылша; бақ өсімдіктері: алма, өрік, алмұрт, қара өрік; сәндік өсімдіктер –түрлі гүлдер т.б.
Оқушылар топсеруенге келгенде жазатын дәптерлерін, қаламдарын дайындайды. Олар топсеруен кезінде мұғалімнің рұқсатынсыз еш нәрсеге тиіспейді, әңгіме барысын маманды айнала топтасып тұрып тыңдайды. Оқушылар сыныпқа келген соң әңгімелесіп, топсеруен сабағын аяқтайды. Күзде оқушылар оқу-тәжірибе үлескісіндегі арамшөптерді жұлып, арнаулы шұңқырға апарып, өртеу, үлескіні сырыру, шелекпен, зембілмен тыңайтқыш әкеліп себу сияқты өздеріне бөлінген жұмыстарды атқарады.
Құрал-саймандармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
Мысалы: сырыпғашпен жұмыс істегенде оны сілтемеу, лақтырмау, жоғары көтермеу, тырма мен жұмыс істегенде алдыңа тура қарап, ұқыпты істеу, күректі пайдаланғанда оны биік көтермеу, шаңдатпау, т.б.
Бастауыш сыныптарда мынадай бағыттағы сабақ түрлері ұйымдастырылады:
Жаңа материалды оқыту
Практикалық жұмыс сабағы
Білім, дағды және іскерлікті бекіту сабағы
Аралас сабағы
Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың құрылымы сабақ элементтерінің, түрлі варианттарының, оқыту процесінде пайда болатын. Түрлі ықпалды жағдайлардың өзара тиімді үйлесімді жолға қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |