Дәріс – 5
Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағының негізгі бағыттары. Тұрмыстық еңбек
Мақсаты: Студенттерге бастауыш сыныпта оқытылатын көркем еңбекті сабағының бағыттары мен таныстыру, әрбір бөлімінен қысқаша мағлумат беру. Өзіне өзі қызмет етудің әдістемесін үйрету
Жоспары:
Тұрмыстық еңбек туралы жалпы сипаттама
Өзіне-өзі қызмет ету бөлімінің әр сыныптағы ерекшеліктері
Өзіне-өзі қызмет етуге еңбекті жұмыстары бірінші сыныптан бастап көркем еңбекті сабағымен ұштасып күнделікті өмірге қажетті еңбек дағдыларын дамыту ретінде маңызы зор болып саналады. Орындалатын жұмыстар күні бұрын белгіленіп, сабаққа қажетті көрнекі құралдар,дидактикалық материалдар алдын-ала дайындалады. Берілетін тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырылады.
Балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне ата-аналардың үнемі қадағалап, көңіл бөліп отырулары тиіс. Көркем еңбектің бұл түрі отбасы тәрбиесімен тығыз байланысты болып келеді. Өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне 1 сыныптан бастап айналасын жинақы ұстаға, үйдегі тұрмыстық жұмыстарда ата-анасына көмектесулері арқылы іс-әрекетке бейімделе бастайды. Мұғалімнің басқаруымен сыныптағы қалыптасқан дағды әрбір баланың бойында үй жағдайында нығайып, дами түсуі тиіс. Бастауыш сынып оқушылары, мектепте, үйде гүлдерді өсіре білуге, күте білуге дағдыланып, үйде, мектепте өз киімдерін күтіп таза ұстаға, ұқыпты жүре білуге бейімделе бастауы тиіс.
Оқушылар осындай жұмыстармен қоса тамақ әзірлей білуге, ыдыс-аяқтарды таза ұстап жуа білуге, үйде төсек-орындарын жанауға үйреніп, осындай қарапайым еңбек ету арқылы жинақылыққа, жауапкершілікке бейімделе бастауы тиіс, 1 сынып оқушылары киімдерінің сөгілген жерлерін тігу, түйме қадау тәсілдерін меңгеру, түйме бау жасап қадай білу тақырыптары бойынша түймелердің түрлері, түйме материалдары туралы үйретілсе, 2 сыныпта, сыныптағы жұмыстар еске қайта түсіріліп, киімге ілгек қадау, түймебау жасай білуді дамыта түседі. 3-4 сыныптарда өзіне-өзі қызмет ету еңбектерін үй шаруашылығындағы жұмыс түрлерін әрі қарай дамтыта түседі.
3 сыныпта оқушылар «Балапан» бутербродын жасау тәсілдерін, қызанақ пен қиярдан «Кеме» бутербродын т.б. тәтті тағам дайындай білуге үйренеді.
Одан әрі қарай дастарқан жасап, қонақ күтуді, дастарқан үстінде тамақтану этикасын, қасық, шанышқы, пышақ, тарелканы т.б. ас ішуге керекті заттарды қалай орналастыру керек екендігін үйрене бастайды. Демек, оқушыларды өзіне-өзі қызмет ету еңбегі арқылы баланың бойында көркемдік талғамының қалыптасуына септігін тигізіп оқушылар мәдениеттілікке тәрбиеленуіне негіз болады.
1 сынып оқушылары мектепке келгенде келген күннен бастап мұғалім тәрбиесімен көркем еңбекті ің көмегі арқылы мектепке оқушы қалай дайындалып келуі керек, күнделікті сабақ барысында ұғыну арқасында өзіне өзінің еңбек ету еңбегінің алғышарттарымен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |