Сабақ «Құмар ойындары тәуелділік қақпаны»


Бейнеролик көру және талқылау



бет6/8
Дата16.02.2024
өлшемі273.4 Kb.
#492164
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕД КОЛ АЙЗАДА ӘПКЕЙ 5 САБАҚ (1)

Бейнеролик көру және талқылау
https://youtu.be/1L_UQiYxzMk
Роликті көргеннен кейін спикер компьютерлік тәуелділіктің салдары және оның баланың дамуына әсері туралы айтады.

Компьютерлік тәуелділік мәселесі жаңа және әлі аз зерттелген. Ата-аналар, егер баланың мінез-құлқында басқа айқын белгілер: ақша ұрлау, мектептен кету, қаңғыбастық сияқты ауытқулар болмаса, баланың компьютерге берілуіне назар аудармайды. Бірақ тіпті ықтимал қауіпті де бағаламауға болмайды! Жоғарыда айтылғандардың бәрінен компьютерлік тәуелділіктің алдын-алудың күрделі және ұзақ үдерісі әртүрлі әдістер мен тәрбие құралдарының жиынтығына негізделген деген қорытынды шығады. Бұл үдеріс мұғалімнің, ата-аналардың балалармен жұмысының кезеңділігін қамтиды. Оқушының компьютердегі іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін Сіз өз жұмысыңызды кезең-кезеңімен құрып, жұмысыңыздың қандай түпкілікті нәтижесіне қол жеткізгіңіз келетінін ойластыруыңыз керек. Компьютерлік тәуелділіктің алдын-алуды ұйымдастыруда тәрбиелік іс-шаралардың әртүрлі нысандары мен әдістерін үйлестіру қажет.


Қазақ халқы ежелден мақсатсыз уақыт өткізу жағдайларын құптамаған және «Жақсыдан – үйрен, Жаманнан – жирен!», «Ойыннан өрт шығады», «Ойнақтаған бала өрт басар», «Ойыннан да омыртқа сынады» – деп, өскелең ұрпақты бос сеңделістен сақтандырып отырған.
– Балалардың онлайн ойындар арқылы ақша табуына қалай қарайсыздар? (Ата-аналардың жауаптары).

Эдвард де Бононың 6–шы қалпақ ақылды әдістемесін, яғни баланың эмоцияларын басқара алмауын, ойынға тәуелділіктің үмітсіздігін жеңе алмауын және ата-аналардың ойынға тәуелді баланы түсінбеуін талдау бойынша жұмыс жүргізу.


Ата-аналарды 3 шағын топқа бөлеміз, әрқайсысы өздеріне ұнайтын қалпақты таңдау арқылы өз әдісін талқылайды. Бейнероликті қарау және талқылау:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02tKFBvrQfJ45juCLiKwvBscgDu1VWaTzy9qpM6hXsmikbfvSEVy4CiGq5aCjpBW3ol&id=100020854781214&sfnsn=mo&mibextid=SDPelY
Ұлы Абай Құнанбаев баланы тәрбиелеу үшін оның бойында «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген 3 қасиетті дамыту маңызды және баланы тәрбиелеуге оның ата-анасы жауапты деген.
Абай Құнанбаевтың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген осы 3 қасиетті пайдалана отырып, адамды қор қылатын – надандыққа, еріншектікке, залымдыққа жол бермей, баланың тәрбиесін ата-аналар осы бастан қолға алса құба-құп болар еді.
Ата-аналарға тарату материалдары беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет