Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Программаларды іске қосу және файлдарды ашу



бет14/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Программаларды іске қосу және файлдарды ашу.
Программаны іске қосу үшін оның белгісінде екі рет шертеді. Жұмыс столында программа терезесі ашылады. Windows-та әрбір іске қосылған программаға есептер тақтасында сәйкес программаның батырмасы пайда болады. Программалар арасында ауысу үшін оның осы батырмаларын таңдауға болады. Программа жұмысын аяқтау үшін терезенің оң жақ жоғары шетіндегі жабу батырмасы қолданылады. Қанша программа қажет болса, сонша программаны ашуға болады, яғни ашылатын программалар саны шектеусіз.
Ал құжатты ашқанда ондағы информация типімен жұмыс жасайтын сәйкес программа көмегімен құжат ашылады. Егер Windows ашылатын файлдың информациясына сәйкес программа таба алмаса, экранда Выбор программы терезесі ашылады. Терезенің ортаңғы аймағында жүеде орнатылған программалар тізімі пайда болады. Осы тізімнен қажет программаны таңдауға болады. Егер тізімде ондай программа табылмаса, Обзор батырмасын шертіп жүйедегі программалар ішінен керекті программаны іздеуге болады. Таңдалған программа келесіде тізімге қосылады.


Компьютерден информация іздеу.
Қажет файлдың қайда орналасқанын білмесеңіз оны іздеп көоруге болады. Ол үшін Пуск-Найти командасын орындайды. Ашылған терезеде пакалар мен файлдарды іздеуді қарастырамыз. Файл немесе папканы іздеу кезінде мынадай параметрлерді көрсетуге болады:

  1. Файлдың атын немесе атының бөлігін;

  2. Файлда кездесетін сөзді немесе сөз тіркесін көрсету;

  3. Файлдың орналасқан жерін;

  4. Соңғы өзгеріс енгізілген уақытын;

  5. Файл өлшемін;

  6. Қосымша информацияларды:

Қажетті параметрлер енгізілген соң Найти батырмасын шертеді. Табылған файлдармен осы терезеде жұмыс басай беруге болады.
Файлды көбіне аты бойынша іздейді. Бұл жағдайда файлдың атын анық білмеген кезде мынадай тәсілді қолдануға болады. Файл аты немесе кеңейтілуін жазған кезде «*» және «?» символдарын қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет