Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Бас сүйектері өсуінің ерекшеліктері



бет24/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

2.Бас сүйектері өсуінің ерекшеліктері
Қаңқа сүйектері 4 бөлiмнен тұрады: бас, тұлға, қол және аяқ сүйектерiнен. Бас сүйегі 2 негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сүйектері. Ми сауыты адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектері. Ал бет сүйектері жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт- бет, таңдай, кеңсірік, мұрын, мұрынның төменгі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бала бас сүйегінің айрықша белгісі ми мен бет сүйегінің арасында өзгеше қатынасы болады. Ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Демек жаңа туған баланың бет сүйегімен салыстырғанда ми сауыты күшті дамыған. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу кезінде 13-14 жаста күшті өседі.7-9 жасқа дейін есту мүшесінің сыртқы тесігінен бас сүйегі алға және артқа бірдей өседі. 10 жаста бас сүйегі алдыңғы бөлігі –маңдайға қарай желке және басқа бөліктерден көбірек өсетіне байқалады. Бұл жаста бас сүйегінің сыйымдылығы 1300куб см, ал ересек 1500-1700куб.см. 13-14 жаста бас сүйектің бет сүйектері барлық бағыттарда ми сауытынан гөрі жылдам өсе бастайды. Баланың бас сүйегі 1 жастан бастап барлық жас кезеңдерінде өседі. Бас диаметрі біршама баяу және жылына 0,1см жуық ұлғаяды. Ал жыныстық жетілу кезінде 0,2см жетеді. 18-20 жаста шүйде, сына сүйектер тұтасып, бірігеді, бас сүйегінің негізгі бөлігі ұзарып, өсуі тоқталады. Бұл есею белгісі.
Ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады, нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық. Жаңа туған нәрестенің ми сауыты сүйектері бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жері еңбегі деп аталады. Ми сауытының ондай жерлері 2-2 самайды (жалпы саны-4), маңдайда және шүйдеде 1-1 болады. Барлығы- 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары-2-3 айда бекиды. Қатты қабықпен жабылады. Ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктер 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де, олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өседі, сосын өсуі тоқтайды. Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін тұрақты бет әлпеті қалыптасады- тұрақты түрі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет