4. Белок, май мен көмірсулардың алмасуы.
Белоктың алмасуы. Белоктар организмде пластикалық және энергиялы рөл атқарады. Белок организмнің тіршілік әрекетіне қажетті гормондарды, ферменттердi және басқа да заттарды синтездеуге қатысып, оның өсуiн қамтамасыз етедi. Тек аздаған мөлшері ғана энергиялық материал ретiнде жұмсалады. Сондықтан бала жеткілікті мөлшерде толық бағалы белокты тамақты ішіп-жеуі қажет.
Толық сапалы белоктар деп бала организмнің белогін синтездеу үшін қажеттi, құрамында барлық амин қышқылдары жеткілікті мөлшерде болатын белокты айтады. Толық сапалы белоктарға еттердің, жұмыртқаларды және өттің кұрамында болатын жануар тектес белоктар жатады. Тамақ заттарының құрамында сол амин қышқылдарының бәрi жетiспесе, организм зiлдi өзгерiске ұшырайды. Егер рационның құрамында лизин жетiспесе, өсу процесi тоқталып, салмақ төмендейдi; валин - нерв системасында болып жататын, тепе-теңдік процестi бұзады; трифтофан - әйелдердің бала көтеруiне жағымсыз әсер етедi т.б.
Толық сапалы емес белоктарда организмге қажеттi амин қышқылдары толық болмайды. Бұларға жататындар, мысалы, өсiмдiк тектес белокттардың көпшiлiгi, ал жануар тектес белоктардан-желатин.Толық сапалы емес белоктарды кабылдаған кезде асқазанға үлкен күш түседi, әсiресе, балалы жастарға зиянды. Сондықтан толық сапалы емес белокгар баланың тамақ рационына кiрмеуi керек. Балалардың қалыпты өсуi үшiн белок жеткiлiктi болуы тиiс. Белоктар жеткiлiксiз болса, углеводтардың қорытылуы бұзылады. Бiрақ белоктың мөлшерден артық болуы қышқылдық ортанын жоғарылап кетуiне әсер етедi. Балалардың барлық жас кезеңдерiне бiрдей толық сапалы белоктардың маңызы үлкен. Баланың жасы төмен болған сайын, дене массасының әрбiр килограмына сай белокты көбiрек талап етеді. Мысалы, бала өмiрiнiң алғашқы жылында дене массасының әрбiр килограмына 5-5,5 г. белок қажет етедi, 1-ден 2 жасқа дейiн -4-4,5 г., 4- 4,5г. 4-тен 7-ге дейiн -3; 6-4 г, 8-ден 12 дейiн -3г; 12-ден жоғары - 2-2,5. Ұлдар белокты қыздарға қарағанда кобiрек кажет етедi.
Майлардың алмасуы. Организмде майлар, негізінен, энергиялық материал ретінде жүзеге асады. Пластикалық қызметi де көп емес. Бiр грамм май ыдырату кезiнде 9,3 ккал энергия бередi. Сол энергиялық маңызына карай, май баланың тамақ рационының құрам бөлiгi болып табылады. Сонымен бiрге май организмде жеткiлiктi мөлшерде болса, белоктардың бүлiнбеуiне себеп болады да, баланьң өсуiне колайлы әсер етеді.
Балалардың тамақ рационынының құрамында сапасы жоғары майдың болғаны жөн. Жалпы балалар үшiн сүт майын пайдаланған дұрыс, себебі ондай май тез қорытылады. Майдың қалыптан артық мөлшерінің зиянды жағы да болады, себебi қанның қышқылдық реакциясын жоғарылатады, тәбет бұзылады, семiру байқалады, ал кейде ішек-қарын жолдарының қызметi бұзылады. Бала өмiрінің алғашқы жылында тәулiгiнде денесiнiң 1 кг массасына сай 7 г май қабылдауы тиіс, 4 жасында - 3,5-4 г дейiн, төменгi класс жасында —2,5- 2г, 10-12 жаста – 1,5г, ересек адамдарда-1г.
Өсiмдiк майларының да бала организмi үшiн маңызы зор. Онда жоғары, сапалы май қышқылдары болады да, олар органаизмнiң өсуiне қолайлы әсер етедi, терiнiң қызметiн қалыпты жағдаiа келтiредi, кандағы, холестериннiң мөлшерiн азайтадьы. Сонымен қатар орта және жоғары жас шамаларындағы балалар үшін атеросклерозге карсы профилактикалық маңызы бар.
Бала организмi‚ үшін май тәрiздi заттар - липоидтердiң маңызы да зор. Олар клетка ішiндегi процестердi күшейтедi, нерв системасының дамуына, гормондардың жасалуына қатысады. Әсiресе, лицитиндер өте бағалы, бұлар нерв системасын жақсартып, бала организмiнiң жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарылатады. Лецитиндер сүтте, сары майда, жұмыртқаньнн сарысында болады. Липоидтердің мөлшерi организмде жас шамаларына тәуелдi жоғарыла, 11-12 жас-та 0,7-0,8 процентке жетедi.
Көмірсулардың алмасуы. Бала организмiнде зат алмасу процесi дәрежесiнің жоғары болуына сай углеводтардың алмасу қарқыны жоғары болады. Углеводтар энергияның, негізгi көзi, әсiресе, күшті еңбек ету кезiнде. Ересек адамдар энергияның жартысынан көбiн углеводтардың есебiнен алады. Углеводтар өсiмдiк өнiмдерiнде мол болады: нанда, жармаларда, көкөнiстерде, жемiстерде. Жануар тектес өнiмдерде (сүттен басқа) углеводтар аз болады.
Көмірсулардың ОНС-дағы зат алмасу процесіндегi маңызы зор. Қанда қанттың мөлшерi кенет төмендесе, нерв системасының қызметi бiрден бұзыла бастайды. Тырысқақ болып сандырақтап, есi кетiп журекстiң жұмысы өзгере түседi. Егер ондай адамның қанына глюкоза жiберетiн болса немесе кәдiмгi қант берсе, онда бiраздан кейiн аурудың белгiсi жоғалып кетедi.
Канның жұмысындағы қанттың мөлшерін бір қалыпта сақтап тұруда бауырдың рөлi үлкен. Глюкозаның мөлшерi жоғарылаған кезде бауырда гликогенге айналып, қор ретiнде жиналады. Қанда қант мөлшерi азайса, гликоген қайтадан қантқа айналып, организм қажетіне пайдаланылады. Бауырда гликогеннiң қор түріндегі мөлшері150 г жетеді . Организм ашыққан және бұлшық еттердің жұмысы кезінде бұл қор азаяды. Бiр тәулiкте қабылдайтын углеводтың мөлшері 1- 3 жасқа дейін- 193 г, 4- 7 жасқа дейiн -287 г, 9- 13 жасқа дейін 370г, 14- 17 жасқа дейiн - 470 г, ересек адамдар – 500г. Қанттың сіңімі ересек адамдарға қарағанда балаларда жақсырақ (емшектегі балаларда 98-99%).
Балалар тамақпен бiрге тек жеңiл сiнiмдi углеводтарды: глюкозаны, қантты крахмалды ғана қабылдап қоймай, сонымен бiрге ыдырамайтын клетчатканы да қабылдаулары тиiс. Клетчатка тiстердi және барлық шайнау аппаратын бекiту үшiн, сонымен бiрге iшектердi тiтiркендiргiш перистальтиканың стимуляторы және iштi босату ретiнде қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |