Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет26/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
ok. fiz. damu - darister

Аяқ-қол сүйектерінің дамуы

Аяқ- қол сүйекгерi адам денесінің 2 белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Иық белдеу жауырын мен бұғанадан, ал қол сүйектері- иық, бiлек және кол басы сүйектерінен.
Жауырын- арқа жақта орналасқан, пішiнi үш бұрышты болып келген жалпақ сүйек. Жауырын ер 19-20, ал қыздарда 18 жастада қатады. Бұғана - қуыс сүйек, бiр жағы төс және кабырғамен, ал екінші жағы- жауырынмен жалғаса бiткен. Сүйектенуі ер-24, әйел-23 жаста. Қол сүйектерiнiң сүйектенуi әрқалай болады: тоқпан жiлiк - 20-25, кәрі жілік-қатуы 20-25 жас ер, 17-20 қыз. Шынтақ сүйек өсуі жігіттерде 18-22 жас, ал қыздар сәл ерте. Білезік сүйектер- 14-16 жас, саусақ сүйектері- 16-18 жас.
Қол сүйектерiнiң сүйектену мерзiмi балаларды еңбекке және дене жатгығуларына, сонымен қатар жазу жұмысы мен сурет салуға үйрету кезiнде еске алынуы тиіс. Мәселен, гимнастика саусақ суйектерiн ұзартуға себеп болады. Сүйектенудiң қалы пты процесi бұзылган жағдайда балалар дене жаттығулары мен еңбек әрекеттерiн орындамауы керек.
Аяқ сүйектерi. Аяқ сүйектерiнiң жамбас белдеуi мен аяқ сүйектерiнен тұрады. Жамбас белдеуi қасаға, мықын және шонданай сүйектерiнен кұралған, бұларға сегiзкөз сүйегi бiрiгiп, жамбас сүйектерiн кұрайды.
Жамбас iшi органдар мен аяқтар үшiн тiрек болып есептеледi. Аяқ сүйектерi ортан жiлiктен, асық жiлiктен, шыбық сүйектен жәнс табан сүйектен тұрады. Баланың туғаннан кейін алғашқы 5 жылдан ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы кезде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіт 19-20жасқа дейін өседі. Одан әрі өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Табан сүйектері өкше, бақайшақ, аяқ саусақтары сүйектерінен құрылған. 16-18 қыз, 18-20 ер өседі. Бақайшақтар- қыз 17, ер 20 жасқа дейін өседі. 5 бақай сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 12 сүйектен тұрады. Алдымен 1 бақай сүйегі өседі, сосын 4-5 сүйектері жетіледі. Барлығның өсуі 15-20 жаста аяқталады.
Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан қыздарға 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда күмбезі жақсы болып, табан еттері жақсы дамиды.
Жамбастың кейбiр сүйектерiнiң бiтiп жетiлуi балаларда 5-6 жаста басталып, 20-21 жаста аяқталады. Бұл ерекшелiк қыздардың дене жаттығуларын орындауда маңызы зор, себебi биiктіктен секiру кезiнде жамбастың толық жетiлмеген сүйектерi тайып кетiп, дұрыс бiтпеуi мүмкiн. Ұзақ уақыт отырудан және дұрыс отырмаудан немесе тамақтану кездегi ереженi бұзудан, жамбас сүйектерi дұрыс өсiп - калыптасуы мүмкiн. Жас өспiрiм қыздар биiк өкшелi аяқ киiмдердi ұзак уақыт келген жағдайда жамбас және табан сүйектерi қисық болып бiтедi. Жамбас пiшiнiнiң өзгеруiнен, жамбас қуыс тесiгi тарылып, келешекте әйелдердiң босануына кедергi жасайды. Аяқ киiм өте тар немесе кең болса, аяқ жалпак табанды болып бiтедi. Сөйтiп, балалар мен жас өспiрiмдердiң скелетi өте серпiмдi келедi, егер гигиеналық норма бұзылса, онда сүйектерде деформация байқалады. Сабақ кезiнде партада дұрыс отырмау, оқу-тәжiрибе учаскесiнде шеберханада немесе өндiрiсте жұмыс iстеу кезiнде дене калпын дұрыс ұстамау скелетгiң қисық болып қалыптасуына себепкер. Скелеттiң өсiп-даму процесiне тамақтың кұнарлы және витаминдi болуыньң ерекше маңызы бар. Сүйектердiң байланысы. Сүйектердiң байланысы негiзiнен екi түрлi болады; тығыз және алшақ байланыс. Тығыз байланысқан кезде сүйек қозғалмалы болмайды. Бұл жағдайда екi сүйек дәнекер ткані арқылы байланысады. Мәселен, төс пен қабырғаның омыртқа аралық байланыстары жатады.
Дененiң және органдардьң қозғалысы бұлшық еттердiң қызметiне байланысты болады. Бұлшық еттердiң барлығына бiрдей тән қасиет - бұлшық ет талшықтарының жиырылыштығы. Адамда байқалатын барлық қарапайым және күрделi қозғалыстар көлденең жолақ скелет еттердiң жиырылу нәтижесiнде болады. Адам денесінде 600-ге жуық бұлшық еттер бар. Әрбiр бұлшық ет - еттi және сіңірлі бөлімі тұратын мүше болып саналады, сiңiрлi бөлiмi арқылы суйектерге бекиді де, ал кейбiр мүшелерге тiкелей ет арқылы бекидi. Адам денесінің жалпы массасының едәуiр бөлiмi бұлшық еттерден тұрады. Егер, жаңа туған баланың барлық бұлшық еттерiнiң кассасы дене массасының 23%-не тең болса, ал 8 жаста – 27%-ке, 17-18 жаста -43-44%-ке дейiн жетедi, спортшылада одан да жақсы жетiлiп – 50%-ке дейiн барады. Бұлшық еттердiң дамуы жалпы алғанда 25-30 жасқа дейiн созылады. Бұлшық еттерге қан тамырлар арқылы қөректiк заттар мен барып, алмасу процесінің нәтижесінде пайда болған өнiмдер сыртқа шығады. Бұлшық еттерде нерв‚ ұштар ы рецепторлар орналаскан, олар бұлшық еттердің жиырылу және босаңсуы дәрежесін қабылдайды. Бұлшық еттiң жиырылу күшi өзiнiң ең жоғары мөлшерде көтере алатын жүктiң салмағы бойынша анықталады. Бұлшық етгердiң күшiн анықтау үшін динамометр кұралы пайдаланылады. Бұлшық еттердiң жиырылу күшi жас шамасына байланысты жоғарылайды. Балалардьң бұлшық еттерi күшiнiң дамуы 5-6 жаста басталады. 8-9 жастағы балаларда күш бiршама баяулай түседi де, 12- 13 жастарында қайтадан жоғарылай бастайды. .Ұладарға карағанда қыздарда күш бір қалыпты үдейедi. Әр түрлi бұлшық еттердiң дамуы да бiрдей емес: б жаста қолдың иық және қар еттерi едәуiр дамиды, 7 жаста саусақ еттері, 9 жаста көптеген еттердің массасы жоғарылап, олардың сіңірлері нығайа бастайды. Қолдың бұлшық еттерi күшінің өсуi аяқ еттерiне карағанда жоғары болады. Мысалы, 7-9 жастан 11-12 жасқа дейiн тiлерсектің бүгу етiнiң күшi орташа есеппен алғанда 3,6 кг, ал 10-12 жастан 13-16 жаска дейiн - 4,8 кг-ға тең. Бұлшық еттердiң күшi жас ерекшелiктерiмен қатар жыныстық ерекшелiкке, және бастың ерекшелiктерiне, дене жаттығуларының түрлерi және басқа да жағдайларға тауелдi болады.
Қозғалыстың дамуы. Тiрек-қимыл аппаратының даму процесiнде бұлшық еттердiң жиырылу сапасы өзгерiп отырады: шапшандығы, күшi, ептiлiгi, шыдамдылығы. Бұлардың дамуы бiр қалыпты болмайды. Ең алдымен шапшандық және ептiлiк қозғалыстар дамиды. Қозғалысты шапшандығы баланың белгiл i уақыттың iшiндегi қозгалыстын мөлшерiмен сипатталады. Шапшандық үш жағдайдағы көрсеткiштер бойынша анықталады: қозғалу реакциясының уақыты және қозғалу жиiлiгi бойынша. Балалардың қозғалу жылдамдығы 4-5 жаста бастап едәуiр жоғарылап, 13-14 жастарында ересек адамдардың дәрежесiне жетедi. Қозғалу реакция уақыты да 13-14 жастарында ересек адамдардың дәрежесiне келедi. Қозғалу жиiлiгi 7-ден 13 жасқа дейiн көбейе түседi және қыздарға қарағанда ұлдарда 7-10 жаста жоғары, ал 13-14 жастан бастап қыздарға қозгалу жиiлiгi артық болады. Ептiлiктiң дамуы негiзiнде 13-14 жаста анықталады. Бұл жағдай балалардын дәлме-дәл үйлесiмдi және жылдам қозғалу қабiлетiне байланысты. Сонда, ептiлiк, бiрiншiден, кеңiстiкте қозғалыстың дәлме дәл болуына, екiншіден, уақытқа және үшiншiден, күрделi қозғалыс мiндеттерiн тез шешуге байланысты. Әсiресе, ептілiк мектепке дейiнгi және төменгi мектеп жасындағы оқушылар үшiн маңызды маселе. Мәселен, ең дәлме-дәл қозғалу 4-5-тен 7-8 жасқа дейiн байқалады. Ептіліктің дамуына спорт жаттығулары едәуiр әсер етедi. Сонда 15-16 жастағы спортшылардың дәлме-дәл қозғалуы жаттықпаған өз қатарласымен салыстырғанда екi есе жоғары. Сөйтiп, балалар 6-7 жаска дейiн аз уақыттың iшiнде дәлме-дәл нәзiк қозғалыстар жасай алмайды. Сонан соң кеңiстiкте үйлесiмдi қозғалыстар дами бастайды. Соңында әр түрлi жағдайларға байланысты тез қозғалу қабiлетi жетiле түседi. Ептіліктің жақсаруы 17 жасқа дейiн созылады. Күштің ең жоғары өсу дәрежесi орта және жоғары мектеп жасындағы оқушыларда байқалады, күш қарқыны, әсiресе, 10-12-ден 13-15 жасқа дейiн артады. Қыздарда күштiн көбеюi ертерек байқалады,-10- 12 жасынан бастап, ал ұлдарда - 13-15-тен бастап. Бұлшық еттердiң күш дәрежесінің жоғарылауы 20—30 жастарда байқалады, сөйтсе де жаттығу жағдайына тәуелді болып келеді. Мәселен, 12-24 жастағы балалардың оң қолының жүк көтеру күші орташа есеппен алғанда 6,6 кг-ға, ал сол қолынікі 6кг. 7-8 жастағы балалардың оң қолының қол данамометрiн қысу күшi орташа есеппен алғанда 10,6 кг, ал сол қолынiкi - 9 кг. Дененің қозғалу қасиеттерінің бiрi шыдамдылық болып есептеледi. Бұл қасиет организмнiң жұмыс қабiлетiнiң жеткiлiктi дәрежеде‚ ұзак уақыттың iшiнде сақталуымен сипиатгалады. Шыдамдылық орындалатын жұмыстың түрiне және оның қарқынына тәуелдi болады. Ол жасқа байланысты өзгерiп отырады. Қозғалып орындалатын (динамикалық) жұмысқа қарағанда, қозғалмай орындалатып (статикалық) жұмыс кезiнде төмен болады. Шыдамдылық жасқа, жынысқа және жеке бас ерекшелiктерге байланысты. Мектеп жасына дейiнгi балаларда шыдамдылық төмен болады, әсiресе, статикалык жұмыс кезiнде. динамикалық жұмысқа шыдамдылықтьң жоғарылауы 11-12 жастан бастап байқалады. Егер 7 жасар окушының динамикалық жұмыс көлемi 100 процентке есептейтiн болсақ, онда 10 жасар балада 150 процентке, ал 14-15 жастағы, жас өспiрiмдерде 400 проценттен де артық. Статикалық жұмысқа да оқушыларда шыдамдылық 11-12 жастан бастап жоғарылай түседi. Жалпы алғанда 17-19 жасында оқушылардың шыдамдылығы ересек адамдардың 85 процентiне тең. Ең жоғары дәрежеге 25-30 жастарда жетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет