Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие



бет30/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
ok. fiz. damu - darister

3. Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие.
Жыныстық жетілу кезінде адам организмі биологиялық жағынан кемеліне келеді. Жыныстық жетілудің басталу уақыты мен оның қарқыны түрліше және көптеген жағдайларға тәуелді: денсаулық жағдайына, тамақтанудың түріне, климатқа, тұрмыс және әлеуміттік-экономикалық жағдайға.
Организмнің жыныстық жетілуі төменгі сынып оқушылары жасында басталады: бұлшық ет жүйесінің дамуы күшейе түседі, ұл балалар мен қыз балалардың арасында психикалық және денелерінің өсу жағынан айырмашылық байқалады. Бала өмірінің бұл кезеңін –жыныстық жетілудің алды; ал жетілу барысын- жыныстық жетілу кезеңі деп атаймыз. Қыз балаларда жыныстық жетілу 12-13 жаста, ұлдарда- 14-15 жаста. Жыныстық жетілудің тоқталуы организмнің өсу аяқталған кездерінде байқалады: әйелдерде-21-23жас, ерлерде 23-25жас.
Оқушыларға жыныстық тәрбие беру- ең алдымен биолог мұғалім міндеті. Мұғалім өте шебер психолог болуы тиіс, әр оқушының тілі тауып, ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынастарындағы жағдайды дұрыс анықтай білсе, олардың келешек өмір жолдарына тиімді бағыт бере алады. Жыныстық тәрбие мәселелерін жақын жолдастарынан біледі, ал 20% ата-аналарынан, 9% мұғалімдер мен тәрбиешілерден біледі. Егер жыныстық тәрбие беру мәселесі бойынша ата-аналар мен мұғалімдер бірлесе келісімді жұмыс істейтін болса, тәрбие жұмысының алдына қойған міндет ойдағыдай шешілуіне күмән жоқ. Балалар мен жас өспірімдерде жыныстық даму процесінің мәнісі туралы дұрыс ұғым қалыптастырып ұлдар мен қыздарды бірін-бірі өзара құрметтеуге, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу қажет. Жас өспірімдерде сүйіспеншілік және неке, семья туралы дұрыс ұғым қалыптастыру және оларды жыныстық физиология және гигиенамен таныстыру өте мәнді мәселе.
Негізгі әдебиеттер:

  1. Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы (оқулық). –Алматы, «Дәуір», 2003. 400б.

  2. Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по возрастной физиологии и школьной гигиене. –Алматы. -2012. -104с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет