Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет50/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
ok. fiz. damu - darister

Негізгі әдебиеттер:

  1. Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы (оқулық). –Алматы, «Дәуір», 2003. 400б.

  2. Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по возрастной физиологии и школьной гигиене. –Алматы. -2012. -104с.

3. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Екінші басылым. –Алматы, 2004.
4. Жұмабаев С. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы . Алматы, 1996ж.
5. М.Т.Матюшонок, Г.Г.Турик, А.А.Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы. Мектеп. 1986. –Б. 285.
13 Дәріс тақырыбы: Сенсорлық жүйелердің дамуы (1 сағат)
Сабақ мақсаты: сенсорлық жүйелердің дамуының физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Сенсорлық жүйелерге жалпы түсінік
2. Көру анализаторлары
3. Алыстан және жақыннан көргіштік.


1. Сенсорлық жүйелерге жалпы түсінік
Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштірінің әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мүшелері. Сезім мүшелерінің адам өміріндегі маңызы зор.
Организмге әсер ететін барлық тітіркенулер арнайы сезім органдары (көз, құлақ) және денеміздің басқа да органдарында (тері, бұлшық еттер, ішкі органдар, бас) орналасқан сезімтал нерв ұштары арқылы қабылданады. Рецепторлардың тітіркенулерінен пайда болған қозу ми қыртыстарына барып, онда әр түрлі сезім түйсіктерін туғызады.
Сыртқы орта мен организмнің ішкі ортасынан келіп тұратын тітіркенулерді қабылдап, талдау жасайтын күрделі аппараттарды И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдығыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. Павлов анықтамасы бойынша-анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: перифириялық (рецепторлыө), өткізгіштік және орталық (мидағы) бөлім. Бұлар біртұтас функциялық система.
Рецепторлар- тітіркенулерді қабылдайтын орган. Өткізгіш жол, рецепторларда пайда болған көру импульстерін ми қыртысына жеткізіп тұрады. Қыртыс бөлім анализаторлардың орталық бөлімі болып есептеледі де, келетін информацияларды қабылдап, оларға талдау жасайды. Әр түрлі рецепторлар түрліше тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды: температураның, дыбыстың, жарықтың. Жеке рецепторлар белгілі тітіркендіргіштерді сезеді: мысалы: көз рецепторы- жарық сәулесін, есту- дыбысты тербелістерін. Тітіркенулер алғашқы рет рецепторларда қарапайым түрінде талдауға түсіп, содан кейін қыртыс бөлімдерінде күрделірек талданады. Осындай күрделі талдау процесінің нәтижесінде адамда әртүрлі реакциялар байқалады.
Сонымен талдағыш- деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабылдап, талдау жүргізілетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесі.
Рецепторлар организмде орналасуына қарай анализаторлар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Қоршаған орта құбылыстарына анализ және синтез жасайтын анализаторлар сыртқы немесе экстерорецепторлар (көру, иіс, дене арқылы сезу), ал ішкі немесе интерорецепторлар (ішек- қарын, жүрек тамыр жүйесі, өкпе т.б. мүшелерден информацияны қабылдауы) организмнің ішінде өтетін құбылыстарға анализ жасайтын анализаторлар жатады.
Сезім мүшелері арқылы адам қоршаған дүниені таниды. Сезім мүшелері зақымдалған жағдайда қалыпты еңбек әрекетінің болуы мүмкін емес. Егер сезім органдарынан орталық нерв системасына баратын тітіркенулер тоқталса, онда мидың, ақыл-ойдың даму процесінде кідіріс байқалады. Сондықтан анализатор қалыпты болуы қажет. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Балалардың сезім мүшелері олардың жас ерекшеліктеріне және оқу мен тәрбие жұмыстарының жағдайларына тәуелді дамып, жаттығады. Сезім мүшелері арқылы сыртқы орта мен организмнің ішкі ортасынан үздіксіз келетін әр түрлі ақпарат қабылдап, олардың мәнін түсінеді. Сезім мүшелері арқылы қабылданатын ақпарат тек мінез-құлықты қалыптастырып қана қоймай, баланың өсіп-даму процесінде де маңызды фактор. Анализаторларға көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері арқылы сезу (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) мүшелері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет