Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Есту анализаторының жасқа байланыстығы



бет53/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
ok. fiz. damu - darister

Есту анализаторының жасқа байланыстығы.

Есту анализаторларыадам өмірінде үлкен маңызды орын алады. Есту мүшелері дыбыс толқындарын қабылдап, талдайды. Оқушылардың оқу материалын дұрыс қабылдау нәтижесінде есту анализаторларының қалыпты қызметіне тәелді болып, бала психикасының дамуына нәтижелі әсер етеді.
Құлақтың құрылысы: Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы, ішкі.
Сыртқы құлақ- құлақ қалқаны мен есту жолынан тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін ұстап, есту жолы арқылы дабыл жарғағына өткізеді. Сыртқы құлақты ішкі құлақтан дабыл жарғағы бөеді. Дабыл жарғағының ішкі жағы балғашықтың сабымен жанасады. Дабыл жарғақтың тербелісі сыртқы құлақтан дыбыс тербелістері әсер еткенде байқалады.
Ортаңғы құлақ- бір-бірімен жалғаса орналасқан 3 түрлі сүйекшелерден балғашық, төс, үзеңгі және есту түтікшесінен (евстахиев) тұрады. Ортаңғы құлақтың есту қуысын дабыл қуысы деп аталады. Дабыл қуысы есту түтікшесі арқыл мұрын, жұтқыншақ қуысымен жалғасады. Осының нәтижесінде ортаңғы құлақ қуысында қысым қалыпты жағдайда сақталады. Егер ортаңғы құлақ қуысының қысымында атмосфералық қысымнан айырмашылығы болған жағдайда, онда есту қабілеті төмендейді, себебі дабыл жарғағындағы қалыпты дыбыс тербелістерінің бұзылуына байланысты.
Ішкі құлақ немесе шытырмақ (лабиринт) босағадан, жартылай шеңбер тәрізді канал және ұлу тәрізді иірім каналдан тұрады. Мұнда дыбыс тербелістеріне сезімтал ерекше рецепторлар орналасқан. Босаға және жарты шеңбер тәрізді канал есту мүшесіне жаипайды. Бұлар вестибулярлы аппарат. Кеңістіктегі дене қалпын реттеуге және тепе- теңдікті сақтауға қатысады. Иірім каналдың құрылысы күрделі. Иірім каналда перилимфа деп аталады. сұйықтық болады. Иірім сүйекше канал пішіні ұлу тәрізді. Ішінде кортив органы болады. Бұл дыбыс қабылдайтын құрылым. Кортив органы көптеген талшықтардан тұрады, осы талшықтар дыбыс тербелістерін қабылдайды.
Сыртқы және ішкі құлақ дыбыс өткізу, ал ішкі құлақтың кортиев органы дыбыс қабылдайды. Дыбыс ауа тербелісі сияқты, ол ауа толқыны құлақтың сыртқы дыбыс жолы арқылы дыбыс жарғағына барып, оны тербелістік қозғалысқа келтіреді. Бұл тербелістер есту сүйектеріне беріліп, ол жерден ішкі құлақтың перилимфасына барады. Содан соң перилимфа тербелісжарғақтың қабырғасы арқылы иірім каналындағы эндолимфа сұйықтығын тербеліске келтіреді де, кортиев органына барады. Кортиев органында жарғақтың спиралды есту талшықтары музыка аспаптың шектері сияқты керіліп тұрады. Олардың ұзындығы әр түрлі болып, белгілі дыбысқа байланысты. Басым дыбыстың қысқа талшықтарының ал бәсең дыбыс үні ұзын талшықтардың тербелісінен болады. Соның нәтижесінде әр түрлі дыбыс дәрежесі қабылданады.
Кортиев органдарының тербеліс қозғалыстары кезінде иірім каналындағы нерв ұштарында қозу пайда болады. Есту нервтері арқылы миға барады, тітіркендіргіштері қабылданып, есту түйсігі пайда болады. Есту анализаторларының аймағы мидың самай бөлігінде орналасқан.
Есту анализаторларының жасқа сай ерекшеліктері: бала құрсақта даму кезінен 8-9 айларында 20-5000Гц мөлшерінде дыбыстарды қабылдап, оған қозғалыстар арқылы белгі береді. Балада дыбысқа реакция дүниеге келгеннен кейін 7-8 жұмадан байқалады. Ал емшектегі бала 6 айдан бастап нәзік дыбыстаға мән береді.
Бала сөзге қарағанда, дыбыс үндерін жақсы естиді, ересек адамдардан айырмашылығы осы. Есту мүшелерінің морфологиялық функциялық жағынан толық қалыптасуы 12 жаста аяқталады. Осы жаста есту қабілеті едәуір жоғарылап, 14-19 жаста максимальды, 20 жаста кейін төмендейді. Жас жоғарылаған сайын есту дәрежесі өзгеріп, есту бірлігі төмендейді. Балаларда бұл дәреже 30000 герц, 35 жаста -15000 герц.
Есту анализаторының функциялық жағдайы сыртқы ортаның факторларының әсеріне да байланысты. М: музыка спорт және көркем гимнастикамен шұғылданып, сақ құлақ болуға болады. Сонымен бірге ой және дене еңбегі кезінде шаршау жоғары көтеріңкі у-шу, температура есту мүшелерінің сезімталдығын едәуір төмендеді. Сондай-ақ күшті дыбыстар нәтижесінде шамадан тыс қоздырып, нерв және жүрек аураларын дамытуға себеп болады. Адам үшін ауырту түйісігінің табалдырығы 120-130децибел. Ал у-шудың 90дц өзі адамда ауру түйсігін туғызуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты әрбір педагог жас жеткіншектерді тыныштық сақтауға үйретуі керек. Класта болатын шулар денсаулықтарына зиян келтіретінін айналамыздағы жағымсыз өзгерістердің денсаулыққа қиянат жасайтыны санасына жеткізген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет