Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет16/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
ok. fiz. damu - darister

5. Вегетативті нерв жүйесі.
Организмнің жалпы қызметі вегетативтік және соматикалық болып екіге бөлінеді. Демек, вегетативтік дегеніміз - өсіру, соматикалы - денелік. Вегетативтік қызметке жататындар: зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, болу, өсу және даму. Вегетативтік нерв системасы ішкі органдардың, кан тамырларының, тер бездерінің нервтену тиімділігін қамтамасыз етеді, сонымен бірге скелет еттерінің, рецепторлардың т.б.
Соматикалық нерв системасы организмде сенсорлық (сезгіш) және қозғалғыш қызметін атқарады. Мысалы, скелет еттерінің жиырылуы соматикалык реакциялардың (кейде күшейіп, кейде баяулауы) нәтижесінде өздігінен пайда болуы мүмкін.
Вегетативтік нерв системасы екі бөлімнен тұрады: симпатикалық және парасимпатикалық. Бұлардың нерв талшықтарының екеуі бірдей бір органға жалғасады. Мысалы, жүрек етіне, қан тамырларының қабырғаларына, ас қорыту сөлін бөлетін бездерге.
Анатомиялық тұрғыдан қарастырғанда вегетативтік бөлімнің симпатикалық және парасимпатикалық тармақтарының айырмашылығы олардың нерв түйіндерінің орналасу жағдайында. Симпатикалық тармақты бір топ нерв түйіндері омыртқа жотасының екі жотасының тізбектеле келіп, жақын орналасқан. Екінші бір тобы омыртқа жотасынан қашықтау жатады. Бұларға жататыңдар: мойынның жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөлік түйіндері күннің өмірі тәрізді түйін, жоғарғы және төменгі шажырқай түйіндері. Симпатикалық нерв талшықтары жұлынның кеуде бөліміндегі біріндегі сегменттен басталып, белдің 2-3 сегмент аралықтарынан тарайды. Ал парасимпатикалық нерв талшықтары ортаңғы мидан, сопақша мидан, жұлынның сегізкөз бөлімнен таралады да органдардың қасында немесе ішінде орналасқан түйіндерге барып аяқталады.
Симпатикалық және парасимпатикалық нерв бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. Симпатикалық нерв бөлімі дененің тканьдері мен барлық, органдарының қызметін реттейді. Бұлардың тармақтары тек ішкі органдарға емес, сонымен қатар скелет еттеріне де жалғасып жатады. Парасимпатикалық нерв талшықтары терінің тегіс еттеріне, скелет еттеріне және көптеген қан тамырларына барып қосылады. Парасимпатикалық нервтендірулер тек қана сілекей бездеріне, тілге және жыныс мүшелеріне барады.
Парасимпатикалық және симпатикалық нервтер әртүрлі органдардың қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық нервтерді тітіркендірген кезде, жүректің соғуы жылдамдығы артады, қантамырлары тарылады, ішек-карын жолының қозғалу кызметі баяулайды, көздің қиығы мен қарашығы ұлғаяды, зат алмасу процесі күшейеді. Ал парасимпатикалық нерв талшықтарын тітіркендірген кезде, керісінше, жүректің кызметі тежеліп, кейбір қан тамырларының арнасы кеңейіп, ішек-қарын жолының қозғалу кызметін жақсарып, көз киығы мен қарашығы тарылады.
Вегетативтік нерв системасының әсерінен органдар қызметінің рефлекторлы өзгеруі - адам мінез-кұлқының барлық күрделі өзгерістері үшін міндетті шарт. Мысалы, әртүрлі спорт жаттығуларын орындау кезіндегі өзгерістер. Сонда вегетативтік процесс организмнің ішкі орта тұрақтылығын, ет жұмысының ұзақ орындалу тиімділігін қамтамасыз етеді.
Эмоциональдық жағдай мен вегетативтік нерв системасының, әсіресе, оның симпатикалық бөлімінің арасында белгілі байланыс болады. Симпатикалық бөлім организмнің тонусына, зат алмасу процесіне, шаршаған еттің жұмыс қабілетінің қалыпты жағдайға келуіне әсерін тигізеді. Вегетативтивтік нерв системасының кызметі ми қыртысынын бақылауында болады. Сонымен бірге симпатикалық бөлімнен өзі мидың қызметіне әсерін тигізеді.
Төменгі мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерде симпатикалық және парасимпатикалық реакциялардың үйлесімсіздігі байқалған. Ол туралы ми қыртыстарының аш де болса функциялық қызметінің толық жетіліп болмағандығына байланысты деген пікір бар. Осыған орай төменгі мектеп жасындағылардың және жас өспірімдердң ересек адамдарға қарағанда, вегетативтивтік рефлекстерінің тұрақтылығы аздау. Олар жетілу процесі жағдайында болып, есейген сайын тұрақтала бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет