Аяқталуы 10 минут
|
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Қорытынды:
Мұғалім: Ал балалар ,біз бүгін не үйрендік,немен таныстық?
-Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен таныстық.
-Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
-Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
Осымен біздің сабағымыз аяқталды.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік
пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.
|