Сабақтың басы
1 кезең
Сабақтың ортасы
2 кезең
|
Бұйым жасау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері). Оқушылармен талқылаймыз:
Өз шығармашылық ойыңызды іске асыру үшін және пішіндер беру үшін сымтемірді қалай қолдану керек?
Сымтемірмен жұмыс жасауда қалай қосуға болады?
Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сымтемірді және құралдарды қалай қолдану керек?
(Ж), (ОТ) Оқушылар жұмыс кезеңдерін жоспарлай отырып, сымтемірден жасалатын бұйымның нобайын орындайды. Оқушылар алдымен сымтемірдің кішкене бөлшектерімен жұмыс жасап, одан кейін оларды біртіндеп жалғайды. Жұмысты соңына дейін аяқтау үшін қосымша материалдар (ағаштан жасалған тұғыр, тастан жасалған алқаға арналған тұғыр) немесе іс – әрекеттер орындауға болады.
Өлшемдерін өлшеп, материалдарды қол құралдарымен өңдеңіз
Бұйымның өлшемдерін өлшеп,белгіледі; жұмысқа керекті құрал-жабдықтарды дайындайды; материалдарды қол құралдарымен өңдейді
Өңделген материалдарды қолданып, сым темірден бұйым дайындаңыз
нобайлары бойынша өлшеп, салу жұмыстарын жасайды;
кескіш құралдарымен кесетін жерлерді кесіп, ию жұмыстарын орындайды;
сызбаға қарап, қайта өлшеп түзетіп отырады;
бұйымды шығармашылық тұрғыдан орындайды.
Қауіпсіздік техникасының маңыздылығы туралы айтыңыз және сым темірден бұйым дайындауда, қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
қауіпсіздік техникасының маңыздылығы туралы айтады;
түрлі үшкір, өткір құралдардың пайдалануын жұмыс барысында көрсетеді; жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді қолданады; құрал саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдаланады.
(Қ) Оқушылар бір- бірімен өз жұмыстарын талқылап, өз пікірлерімен бөліседі.
|
фанераға өлшемдерді түсіріп, көрсетілген құрал жабдықтармен өңдеу
сым темірден бұйым дайындауда, қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
|