Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы



бет25/43
Дата21.10.2022
өлшемі496.67 Kb.
#463171
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

2.7 Атомдардың электрондық құрылымы: электрондық қабаттар



Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы


Атом құрылысы туралы бастапқы зерттеулер және теориялар ең алдымен сутек атомының құрылымын қарастырды. Нильс Бордың теориясы алғаш рет сутек атомының эмиссиялық спектрінің түзілуін түсіндірді. Бірақ Нильс Бордың теориясы тек сутек атомының, демек бір электрондық атомның құрылымын түсіндіреді. Кейін осы теорияны дамытып, көп электронды атомдардың құрылымын түсіндіру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде көп электронды атомдардың 2-ші, 3-ші, 4-ші т.б. энергетикалық деңгейлерінің құрылымы өте күрделі екені белгілі болды. Бұл энергетикалық деңгейлерді электрондық қабаттар деген жөн.
Әрбір электрондық қабатқа тән бас квант саны n болады. Бірінші қабат үшін n = 1, екінші қабат үшін n = 2, үшінші қабат үшін n = 3, төртінші қабат үшін n = 4, тағы с.с. Бас квант саны артқан сайын квант қабатының энергиясы артады.
Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы төменде келтірілген ережелерге сай жүргізіледі.

Паули принципі
Швейцария физигі Паули 1925 жылы электрондарды орбитальдарға орналастыру жөнінде тиым салу принципін ұсынды
Атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей болмайды. Атомдағы әрбір электронның ең кемінде бір квант саны өзгеше болу керек. Мысал үшін n=1;
К- квант қабатын алайық, сонда n=1; l=0 (себебі l=n-1); m=0; ms =+1/2 - бұл

1-электронның квант сандары. Ал келесі электрон үшін n=1; l=0; m=0; ms = -1/2.



Паули принципінен шығатын салдар: Бір орбитальда болатын 2 электронның спиндері қарама қарсы болады.



­¯
Бұл электрондарды былай белгілейді , электрон қосағының орнын «ұяшық» немесе орбиталь деп атайды.



Хунд ережесі. Орбитальдар электрондармен толтырылғанда, электрондар ең алдымен жеке-жеке, содан кейін қосақтармен орналасады. Екінші электронның спині бірінші электронның спиніне қарама-қарсы болу керек.
Мысалы, азот атомы үшін Z = 7; 1s2 2s 2 2p3




­¯
¯

­

­

­

2S 2p
Орбитальдарды әріптермен белгілеп, электрондар санын көрсетіп жазғанда, элементтің электрондық формуласы шығады. Ұяшықтарын сызып белгілесек, электрондық формуланың графикалық түрі шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет