Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет36/43
Дата21.10.2022
өлшемі496.67 Kb.
#463171
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Барлық оқушылар:Гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастырады;

Оқушылардың басым бөлігі: Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастырады

Кейбір оқушылар: Алған білімдерін практикада қолдана алады

Алдыңғы оқу

Сутектік байланыс

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру
Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Топқа бөлу: Оқушыларды химиялық байланыстың типтерімен 3 топқа бөлемін. Әр оқушыға химиялық формулалар жазылған қима қағаздар таратылады .Солар бойынша:
І топ: Коваленттік байланыс
ІІ топ: Иондық, металдық байланыс
ІІІ топ: Сутектік байланыс
Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады.
Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады.
І топ:
1.Коваленттік байланыс дегеніміз не? Түрлері қандай? Мысалдармен түсіндіріңдер.
2. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? (қанығуы, полюстенуі, бағытталуы)
3. Ковалентті байланыстың қанығуы деген не?
4. Ковалентті байланыстың полюстенуі деген не?
5. Ковалентті байланыстың бағытталуы деген не?

ІІ топ:
1.Иондық байланыс дегеніміз не?
2. Иондық байланыс пен коваленттік байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
3. Металдық байланыс дегеніміз не?
4. Металдық байланыстың кристалдық торы қандай?
5. Металдық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
ІІІ топ:
1.Сутектік байланыс дегеніміз не?
2. Сутектік байланыс түзіу үшін қандай жағдайлар қажет?
3. Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңызы қандай?



Бас бармақпен




Ортасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет