Сабақ. ҚОҒамдық саяси жаңалықтар. Экономика және өндіріс жаңалықтары. ҚИмылдың Өту сипаты. 1-тапсырма: Сұхбaт құрыңыз


-тапсырма. Берілген тaқырып бойыншa клaстерді толықтырыңыз, әр бөлікке түсіндірме беріңіз



бет2/4
Дата28.12.2023
өлшемі167.9 Kb.
#488201
түріСабақ
1   2   3   4
Экономика сабак жоспары жана

5-тапсырма. Берілген тaқырып бойыншa клaстерді толықтырыңыз, әр бөлікке түсіндірме беріңіз.

Ел басқарады





Қазақстан Республикасының Президенті


6-тапсырма. «Қазақстан Республикасы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында эссе жазыңыз.



Етістік - заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етісітіктер. Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т.б.
Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.
Сөйлемде етістікті қолданғанда, тек қана қимыл атауын беру жеткіліксіз. Себебі күнделікті өмірде қимылдың жасалуы әр алуан. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында кездесетін етістіктердің жасалу жолдарын зерделейік.
Екі бай осы сөзбен тарқап кетті
Олжасыз тарқамайды құрған кепті.
Қызылдай құда болып жүргенінде,
Арада бір, екі, үш ай өтіп кетті, – деген жыр жолдарында қимылдың аяқталғандығын, тез жасалғандығын білдіріп тұр.
Күлгенсіп оған Баян жауап берер,
«Батырым, ер екенсің көңіл бөлер - бұл жолдарда қимыл-іс әрекеттің әлі орындалмағанын, енді орындалатындығын көрсетіп тұр.
Осы мысалдардағы етістіктердегі қимылдардың жасалуы бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы әртүрлі жасалған.
Қимылдың жасалуындағы ерекшеліктерді, оның өту шегін білдіретін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категориясы бар.  Ол – қимылдың өту сипаты категориясы. Бұл категория орыс тіл білімінде «способ протекания действия» терминімен беріледі.
Бұл категорияның көрсеткіштері екі тәсіл арқылы жасалады. Олар: синтетикалық тәсіл арқылы және аналитикалық форманттар. Алғашқы тәсіл арқылы жасалатын көрсеткіштерге мынадай жұрнақтар жатады: « 1) –ла (-ле, -да, -де, -та, -те ) жұрнағы өзі жалғанған түбір етістіктің лексикалық мағынасына амалдың үсті-үстіне еселеніп, жиі орындалуын білдіретін реңк қосады». Мысалы, «Қыз Жібек» жырынан үзінді:
Атасының аты кім болар,
Апасының аты кім болар,
Ал аналитикалық форманттар: -п таста, -п жібер, -а қой, -а кет, -а қал, -п ал, -п бер, -п отыр, -а түс, -ған бол, -ғалы отыр, -ғалы жатыр, -п кеп жібер, -п кеп қал, т.б. 
Жолын тосып жүр екен.(Қыз Жібек жырынан)
Қимылдың фазасы үш кезеңге бөлінеді:
1. Қимылдың басталуы;
2. Жүріп жатуы;
3. Аяқталуы. Қимылдың өту процесінің басталу кезеңін білдіруге –- а баста (айта бастады), - а жөнел (шаба жөнелді), - п сала бер (күлімдеп сала берді), - п қоя бер (жылап қоя берді) сияқты форманттарын қатыстырса, амал-қимылдың өту процесінің жасалу үстінде екенін, жасалып жатқан кезеңін білдіруге - а жат (бара жатыр), - п бар (кетіп барады), - п кел (өсіп келеді), - п келе жат (кіріп келе жатыр) сияқты фоманттарды жатады. Ал амал-қимылдың өту процесінің аяқталу кезеңін жасауға біт, бол, кеш, қал, шық сияқты толымды көмекші етістіктердің көсемшенің - п жұрнағымен бірлікте айтылған - п біт (жазып бітті), - п бол (айтып болды), - п кет (пісіп кетті), - п қал (күйіп қалды), - п шық (санап шықты) сияқты аналитикалық форманттарды қатыстырамыз.
Мыс: «Дүниенің кеңдік, тарлығы
Басыма менің түсіп тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет