пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.
Пәнішілік байланыс — бұл өткен материалды үнемі қайталау. Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана жүзеге асырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру ойлаудың жүйелілігіне мүмкіндік береді. Пөнішілік байланысты үнемі жүзеге асыру оқушыларға қандай да бір ұғымдарды тікелей оқып білу процесіндегі ғана емес, басқа тақырыпты оқып білу кезіндегі де заңдарды, яғни үнемі оқып білетін пәннің маңызды жағдайларын есте сақтау керектігіне мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру басқа оқу пәндерінің (гуманитарлық, жаратылыс (нақты) - математикалық) ерекшеліктеріне байланысты. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек. Ол үшін мұғалімдер өздерінін оқушылары берілген уақьпта не етіп жатқаны туралы ақпаратпен үнемі алмасуы керек.
6. Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, әрине, уақытты механикалық қысқарту туралы емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың, сапалы жаңа түрлерін іздену туралы болып отыр.Бұл мақсатпен әр түрлі техникалық құралдарды (компьютерлерді, әр түрлі карточкаларды — тапсырмаларды, сауалнамаларды, оқушылар дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқ деген сөзбен жауап беруі керек) қолдану қажет, өзара тексеруді (бағаны коймай) қолдануға болады. Әр мұғалім өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.
7. Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.
Теледидардың дамуымен білім процесінде кітаптың салыстырмалы салмағы тез түсе бастады, сондықтан, оқушылардың ойлау тиімділігі төмендеу дамиды. Сондықтан сабақтың өзінде кітаппен (оқулықпен) жұмыс істеуге үйрету керек, оқушылар оқулықта керекті материалды табуға, оқылғанның бастысын бөліп көрсетуге, окығанға жоспар құруға, оқығанға тезистер, конспект жасай білуге және т. б. үйренуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |