ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдiстемелiк нұсқаулар: ақиқат пен жалған туралы түсінік беру. Математикада дұрыс пікірлерді ақиқат бұрыс пікірлерді жалған деп атайды. А, Ж болып белгіленеді.Пікірлердің барлығы А не Ж бола бермейді. Пікір міндетті түрде хабарлы болуы керек.
Қызығушылықты ояту. Математикалық логиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi – “ақиқат” және “жалған” ойынын өткiзуге болады.
Мысал сұрақтары:
1. Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар. А
2. Лақ - қойдың төлі. Ж
3. Жылқы - маңырайды
4. Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар. А
5. Мысық – үй жануары. А
6. Ит – шөпқоректі жануар. Ж
7. Бір аптада 6 күн бар? ЖОҚ. Жалған.
8.Аю балды жақсы көреді? ИӘ. Ақиқат.
9.Қоян жазда ақ қыста сұр? ЖОҚ. Жалған.
10.Бүгін қар аралас жаңбыр жауып тұр / 0/ *
11. Бүгін қатты аяз болуына байланысты сабақ болмайтыны туралы хабар келді. /0/
12. 999 –ең үлкен үш таңбалы сан
13. 71-тақ сан
14. Математика сабағы өте жақсы өтсін!
16.Соңғы цифры 5-ке аяқталатын сандар ғана 5-ке қалдықсыз бөлінеді
17.Бүгін сабаққа нешеде келдіңіздер
18. Бізде қазір математика сабағы емес
20.260 пен 60-тың қосындысы 330-ға тең
Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады.
«Балық аулау» әдісі. Тапсырмалар (Дәптерде орындайды)
Сергіту сәттері:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Жаттығуды жасаймыз,
Шынығуды бастаймыз.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып шығамыз
«Жұмыртқа жинау» әдісі
1.Алма ағашта 10 алма ,ал теркте одан 2 есе артық алма өсті .Барлығы неше алма.
2.Жаз мезгілінің екінші айы қалай аталады.
3. Адам несіз өмір сүре алмайды.
4.Кемпірқосақтың түсі нешеу?
5.Ең қысқа айды ата ?
6.Тормен су әкелуге бола ма?
7.Менің атым – Маржан . Менің ағамның бір ғана қарындасы бар. Оның қарындасының аты кім?
8.Тек саған ғана тиісті өзгелер көп пайдаланатын не?
9.Қала мен ауылдың арасындап не бар?
10.Бір қорапта 8 қарындаш бар. Осындай 3 қорапта неше қарындаш бар?
11.Бір жаман адам әрдайым өтірік айтады. Ол осы сұраққа қандай жауап береді: «Сізде бір мұрын, әлде екі ме?»
12.Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
13.Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
14. Бір килогарамм темір ауыр ма,әлде бір килограмм мақта ауыр ма?
15.Күн мен түн немен аяқталады?
16.Мен сан ойладым. Ол санға сонша санды қосқанда 6 шықты .Мен қандай сан ойладым.
Достарыңызбен бөлісу: |