Ортақ тақырып:
Бөлімше
|
Мен және менің мектебім
1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы
|
Педагогтің аты-
жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Мектепке баратын жол
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.1.4.4 – жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
бағдаршам белгілері мен олардың маңызын түсіндіретін болады;
жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігін негіздей алады.
Көптеген оқушылар:
өздерінің үйден мектепке және мектептен үйге дейінгі жолдарындағы қауіпті жерлерге талдау жасай алады;
жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәніне талдау жасай алатын болады.
Кейбір оқушылар:
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Мұғалім сабақты бастайды. Көптен күткен қоңырау
Сыңғырлаған бір сәті Өсу-өрлеу жолында Шәкірт үшін бір саты!
Мектебім – айтар әнім. Сан рет қайталадым, Өзіңнен алғанымды Өзіңе қайтарамын.
– Бүгінгі сабағымыз «Мектепке баратын жол» тақырыбына арналған. Біз өзіміз білетін жол жүру тәртібін еске түсіріп, жол белгілерімен танысамыз. Жолда
кездесетін қауіптер туралы, олардан қалай құтылуға болатыны туралы әңгіме қозғаймыз.
|
Бүгінгі сабақта:
«Мектепке баратын жол» тақырыбымен танысады.
|
|
|
Ортасы
|
ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады.
– Сабақты ережелерді қайталау мен графикалық диктантты орындаудан бастаймыз. Шартты белгілерді тақтадан көріп тұрсыңдар:
|
– Сабақты ережелерді қайталау мен
графикалық диктантты орындаудан бастайды.
|
ҚБ
|
Тақтада шартты белгілер:
Қызыл дөңгелек – жоқ. Жасыл дөңгелек – иә.
|
|
Иә – жасыл дөңгелек, жоқ – қызыл дөңгелек, білмеймін – боялмаған
дөңгелек.
Ж.– Жаяу жүргінші жолдың көлік жүретін жолымен жүреді (жоқ).
Мәшинелер – көлік жүретін жолмен жүреді. (Иә)
Жаяу жүргінші көшеден
бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтеді. (Иә)
Көлік жүретін жолдан өткенде алдымен оңға, содан соң солға қарау керек. (Жоқ)
Жолды жаяу жүргіншілер өтетін жерден жүріп өту керек. (Иә)
Көшеден мәшине жоқ болса, бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрған кезде де өтуге
болады. (Жоқ).
Көлік жүретін жер мен тротуарда ойнауға болмайды. (Иә)
ФТ. Мұғалім ұсынған үлгі бойынша өз бетінше тексеру. Тақтаға дұрыс жауаптар ілінеді.
|
Балалар жеке парақтармен жұмыс істейді.
Үлгі бойынша өз бетінше тексереді.
|
|
Боялмаған дөңгелек – білмеймін.
Әр оқушыда алдын ала дөңгелектер салынған парақ және қызыл,
жасыл түсті белгі – карточкалар.
|
|
Дәптермен жұмыс.
ФТ. Мұғалім оқулық бойынша жұмыс ұйымдастырады.
Мұғалім мәтінді оқиды. Сұрақтар бойынша талқылаулар:
Жол қозғалысына қатысатындар кімдер?
Жолда қандай ережелерді сақтайсың?
Жолда кездесетін қауіптен қалай сақтану керек?
Дәптермен жұмыс
ФТ. Мұғалім сергіту сәтін
ұйымдастырады. Мұғалім қызыл дөңгелекті көрсетеді. Балалар қозғалмай бір орында тұрулары керек. Мұғалім сары дөңгелекті көрсетеді. Оқушылар алдымен солға, содан соң оңға бастарын
бұрады. Мұғалім жасыл дөңгелекті көрсетеді. Балалар бір орында тұрып адымдаулары керек. Мұғалім бағдаршам белгілерін ауыстырған сайын оқушылар да тиісті қозғалыстар көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс.
ФТ. – Балалар, сендер жаңа ғана жол қозғалысының басты көмекшісінің белгілеріне
қарадыңдар. Ол көмекшіні қалай атайды?
Ол туралы не білесіңдер, айтыңдар.
|
Сұрақтар бойынша мәтінді талқылайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Сұраққа жауап беріп, ойларымен бөліседі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |