Сергіту сәті.
Барлық балалар орындарынан тұрады. Мұғалім: Өз жұмыстарыңа назар аударыңдар.
Кім тапсырманы орындай алмаса, қолын төмен түсірсін.
Кімде тапсырманы орындауда қиыншылықтар туса, қолын екі жаққа жайсын. Кімде тура көшірмесі шықса, қолын жоғары көтерсін.
Мұғалім: Сабақтың соңында барлығыңның қолдарың жоғарыда болады деп ойлаймын.
Қандай жаңа ұғыммен таныстық? (Масштаб) Оны тәжірибеде қолданып көруге тырысайық.
(Ж) «Тапсырманы орындаймыз».
(Партаның планын сызу)
Мұғалім: Топография дегеніміз не, балалар?
(грек тілінде topos – жер және grapho – суреттеймін). Белгілі бір жерді, аймақты нақты, қаз қалпында сызып қағаз бетіне түсіру.
Мұғалім: Жергілікті жердің планы қалай құрастырылады?
План да аэрофотосурет секілді жерді, аймақты жоғарыдан көрсетеді. Планда барлық нысандар шартты белгілермен суреттеледі. Адам планда нені маңызды, нені керек деп санаса, соны бейнелейді. Жергілікті жердің планымен танысу шартты белгілермен танысудан басталады.
Себебі шартты белгілер – план мен картаның әліппесі, оның бастауы.
Ескі карталарда салынған белгілер болған. Ал қазіргі карталарда графикалық шартты белгілер
|
Оқулық
Оқулық
Жергілікті жердің планы мен аэрофотосуретті салыстыратын слайд
|
|
қолданылады.
Оқулық бойынша шартты белгілермен танысу.
Мұғалім: (Ж) Қандай мамандық иелеріне жергілікті жердің планы қажет? Екі-екіден отырып осы сұрақты талқылаңдар. Оқулықтағы тапсырма сендерге көмектеседі. (Балалардың жауаптары тақтаға жазылады)
– Кәне, сендер ұсынған мамандықтардан кластер құрастырайықшы.
Мұғалім: Біз де топограф болып біраз жұмыс істеп көрейік. Т - 1, 2-топ оқулықтағы тапсырманы орындайды. (Жұмыстарды көрсету)
Ө Блиц сауалнама.
№ 1 карточка.
Табиғатта төтенше жағдай болған кезде адамның өзін-өзі дұрыс ұстауының негізгі қағидалары.
Жорықта бағдар бойынша қозғалып келе жатқан кезде топтан қалып қалсаң не істеу керек? Көрсетілген іс-әрекеттерді ретімен орналастырып шығыңдар:
достарыңның аяқ іздерін іздеу;
сендерді біреу іздеп келмейінше, күту;
тас жолдан, шаңғы жолынан алыс кетпеу;
соқпақ жолдың айырығына келіп тоқтау;
уақытша үй тұрғызу;
от жағу.
Топтың ең артында жүретін адам қандай міндеттерді атқарады?
№ 2 карточка.
Адам адасып қалған кездегі жағдайдан шығудың жолдарын анықтау.
10 жасар бала әжесінің ауылында демалып жүргенде, жидек теруге орманға барып, адасып қалады. Ауа райы бұлтты еді. Күннің көзі көрінбеді. Бала ескі соқпақ жолға шықты. Ойланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
а) Балаға қандай іс-әрекеттерді жасауға кеңес берер едіңдер?
б) Адам аяғы көп тиген соқпақ жолды ескі соқпақ жолдан қалай айыруға болады?
в) Егер баланың жолында өзен немесе бұлақ кездессе, бала қандай іс-әрекеттер жасауы керек?
(Ж) Пікірлерді өзара бағалау.
|
Оқулық
Тақта (флипчарт)
Жеке карточкалар
|
Рефлексия
|
Мұғалім: Әрбір адам өзі тұрған жерінің планын білуі керек. Кішкентай баланың өзіне ата- анасы «алдында дүкен, сол жағында әткеншек, оң жақта төбешік, тура жүрсе сайлы жер» деп түсіндіріп жатады.
Сен оқушысың, сенің де тұрған жеріңнен бағдарлау өте маңызды.
Сенің мектебің үйдің қай жағында, жақын арадағы дәріханаға қалай бару керек? Спорт орталығына қалай жетуге болады, осының барлығын білуің керек.
Біліп қана қоймай, дұрыс жолды көрсете білу үшін нысандардың орналасқан жерін түсіндіруді үйренуің керек.
Дәптердегі С тапсырмасы
|
Аудиожазба
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы ең соңында берілген
тапсырманы үйде орындау.
|
Оқулық
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
|
Пән: Дүниетану №16 сабақ Ортақ тақырып: Сәулет өнері
Бөлімше: Жергілікті жерді бағдарлау
|
Күні:
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Тақырып:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |