Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет71/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Қазақ хандығы қалай құрылды?

Оқыту мақсаты

3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • Қазақ хандығының қайда және қашан құрылғанын біледі;

  • қалай және неліктен құрылғанын біледі.

Көптеген оқушылар:

  • шығармашылық формада Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөліну себептерін көрсетеді; бір сұлтанның атынан көшпелілерге арнап үндеу құрастырады;

  • жағдайдың ары қарай қалай дамитынына болжам жасайды.

Кейбір оқушылар: Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаянның сценарийін құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Керей, Жәнібек, Қазақ хандығы.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер.
Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек сұлтандар құрды.
Қазақ хандығы Жетісудың батысында Шу өзені мен Талас өзенінің алабында құрылды.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлінеміз деп шешті? Олар қайда бағыт алды?
Оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұрды? Қазақ хандығы қашан және қайда құрылды?
Қазақ хандығының аумағы қалай ұлғайды?







Жазылым:
Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы жазбаша әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз ойыңды білдір.

Алдыңғы білімдер

Түркілер және олардың өмір сүру салты. Менің арғы бабаларым – қыпшақтар.

Сабақ жоспары

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Өлеңді тыңдаңдар:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
(Мұқағали Мақатаев)
– Балалар, «Отан» сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?
Оқушылар: кең-байтақ дала, Қазақстан, отбасы, туған-туыстар, өзіңнің үйің.
Мұғалім: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ халқының мемлекет болып құрылуының тамыры тереңде жатыр. Жақында еліміз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын атап өтті.
Бүгін біз Қазақ хандығының қандай оқиғалардың нәтижесінде және неліктен құрылғанын білетін боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет