10-сыныпқа арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтайбілу, тыңдалған мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды түртіп жазу жәнеақпараттарды жүйелеу, оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптараясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегісөздер мен терминсөздердің мағынасын түсіну, көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығынасипаттама жасау, мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселегеқарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау жәнесалыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу;
2) айтылым: ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердіңжасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану, ғылыми және кәсібимәтіндерге сүйеніп, монолог пен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеуэтикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас орнату,сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажеттіақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау,олардың қолданылу мақсатын талдау, көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орыналатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді жәнееркін сөйлеу, әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі)мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
3) оқылым: мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойдыанықтау, ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау, ғылыми жәнепублицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс,баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерінталдау, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру жәнеәлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, ғылыми және публицистикалық стильдегімәтіндер (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) бойыншасалыстырмалы (құрылымы, қызметі, мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері) талдаужасау, қосымшғылыми-анықтамалық ақпарат көздерінен алынған материалдарнегізінде мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасау, мәтінді негізгі мәселеге бағабере отырып, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу;
4) жазылым: ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдікқұралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, баспасөз парағы, тезис, үндеу жазу,қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдепэссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе),шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарынтиімді қолданып жазу, тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшағақажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіптаныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация), кәсіби және публицистикалықбағыттағы мәтіндердегі басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтінніңақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру,мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; мәтіндеңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
5) тілдік бағдар: сөз таптары, ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалықомонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану, сын есім сөздердіңсинонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, мәтін құрауда санесімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, есімдіктердіңмағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, мәтіндерден көсемшеоралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құраудаорынды қолдану, үстеудің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орындықолдану, мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орындықолдану, сөйлем, оқшау сөздердің қызметін білу, айқындауыш мүшелер (қосалқы,қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |