Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
координаталық жазықтық ұғымын сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып координаталық жазықтық туралы видеоролик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-Тапсырма
Амалдарды орындаңдар:
1) 71,33 –16,8 : (3,08+1,12);
2) (0,62+0,56–0,29) · (8,44–5,34);
3) 62,9+(12,5–7,6+3,21) : 0,1;
4) (8,25 · 0,1–0,025) · (2,21+4,79) : 0,1.
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Амалдарды орындайды.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма
1) Координаталық жазықтықта абсциссасы 2-ге тең кез келген
үш нүкте белгілеңдер. Оларды координаталарымен жазыңдар.
2) Координаталық жазықтықта ординатасы 4-ке тең кез келген
үш нүкте белгілеңдер. Оларды координаталарымен жазыңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Координаталық жазықтықта абсциссасы 2-ге тең кез келген
үш нүкте белгілейді. Оларды координаталарымен жазады.
2.Координаталық жазықтықта ординатасы 4-ке тең кез келген
үш нүкте белгілейді. Оларды координаталарымен жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|