Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу жолдарын талдайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу туралы видеороик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-Тапсырма
Арақашықтығы 288 км екі қаладан бір уақытта біріне-бірі қарама-қарсы жүк мәшинесі мен жеңіл мәшине шықты. Жүк мәшинесі-нің жылдамдығы жеңіл мәшиненің жылдамдығынан 30 км/сағ кем. 2 сағ өткенде мәшинелер бір-бірімен әлі кездескен жоқ, бірақ 3 сағ өткен соң олар кездесіп, бір-бірінен қашықтай түсті. Жүк мәшинесінің жылдамдығын бағалаңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Жүк мәшинесінің жылдамдығын табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма
Дәулет достарына беру үшін бақтан 15-тен артық, 21-ден кем алма теріп алды. Егер ол достарының әрқайсысына 3 алмадан берсе, оның барлық алмасы неше досына жететінін бағалаңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Дәулет достарына барлық алмасы неше досына жететінін анықтайды.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|