Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажыратады.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып осьтік және центрлік симметрия туралы видеоролик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-Тапсырма
Қабырғасы 4 см квадраттың барлық симметрия осьтерін сызыңдар.
Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше тең
үшбұрышқа бөледі? Олардың біреуінің ауданын табыңдар.
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Қабырғасы 4 см квадраттың барлық симметрия осьтерін сызады.
Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше тең
үшбұрышқа бөледі? Олардың біреуінің ауданын табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма
1. Координаталық жазықтықта ұштары А(–3; 2) және В(2; 5) нүктелерінде
болатын АВ кесіндісін сызыңдар. АВ кесіндісіне абсциссалар осіне
қатысты симметриялы А1В1
кесіндісін салыңлар. А1және В1 нүктелерін
координаталарымен жазыңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Координаталық жазықтықта ұштары А(–3; 2) және В(2; 5) нүктелерінде
болатын АВ кесіндісін сызады. АВ кесіндісіне абсциссалар осіне
қатысты симметриялы А1В1
кесіндісін салады. А1және В1
нүктелерін
координаталарымен жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|