Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
3. Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге қалай түрлендіріледі?
|
|