Сабақ Сойыс өнімдеріне қойылатын стандарттың сапасын бағалау. Сабақтың мазмұны



бет1/5
Дата16.06.2016
өлшемі325 Kb.
#139867
түріСабақ
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК

042-14-4-03-01.20./01. 2013




«Малшаруашылық өнімдерінің технологиясы және стандарты»

Басылым № 1




«МАЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СТАНДАРТЫ»

пәнінің 5в120200 -«Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

Семей

2014 ж



Гласорий

1.Дәріс материалдары

2.Зертханалық сабақтар материалдары

3.Өздік жұмыс



Сабақ 1. Сойыс өнімдеріне қойылатын стандарттың сапасын бағалау.

Сабақтың мазмұны:

1.Стандарттау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау процесі. Малды алғашқы өңдеу – май, ет өңдірудің негізгі бөлімі. Ауылшаруашылық малдарын союдың технологиялық схемасы туралы түсінік

2.Сойыс өнімдерін шығаруда қолданылатын негізгі терминалогия. Ветеринариялық-санитариялық бақылаудың негізгі мемлекеттік стандарттары.

3.Малды алғашқы өңдеудің технологиялық операциялары және олардың орындалуы.

Сабақтың мақсаты: Мал тектес өнімдерге қойылатын негізгі талаптармен студенттерді таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1.МЕСТ, стандарт деген не?

2.Стандартизацияға анықтама бер?

3.Малдар мен құстарды ЕӨӨ жеткізу.

4.Сойыс малдарын тасымалдауға дайындау, тасу көлігіне қойылатын талап.

5.Сойыс малдарын ауа, су, автокөлік тасығанда қойылатын талаптар.

6.Айдау және тасымалдау кезіндегі ветеринариялық құжаттар.

7.А-ш малдарын қоңдылық категориясы бойынша анықтау.



Жауаптары:

1.МЕСТ, стандарт деген не?

Стандарт ағылшынша «норма, үлгі, модель, эталон» деген мағынаны білдіреді. Стандарттың мақсаты: Жалпы адам өмірінде азықтардың қауіпсіз болуы үшін, азықтың сапалылығы, жұмысы, қойылатын талаптар, қоршаған ортамен байланысты, төтенше жағдайлардың болмауы, ресурстардың экономикалық тиімділігі.

2.Стандартизацияға анықтама бер?

3.Малдар мен құстарды ЕӨӨ жеткізу.

Ет өңдейтін өнеркәсіптерге соятын малдарды су, ауа, жер арқылы тасиды. Малдарды тасымалдау әртүрлі шаралармен ережелерді өте терең талап етеді. Малдарды дұрыс тасымалдау әртүрлі себептерге байланысты болады. Әсіресе шаруашылықта дұрыс дайындалуына, транспорттың сапасына, жүру жылдамдығына, дұрыс тиелу мен түсірілуіне, малдарды күтушілердің дұрыс қадағалауына, мал дәрігерлік ережелердің сақталуына байланысты. Малдарды тасымалдауға тек қана арнаулы құжаттарды толтырған соң ғана болады.

5. Сойыс малдарын ауа, су, автокөлік тасығанда қойылатын талаптар.

Малдарды темір жолмен 4 күнге дейін тасымалдайды(700-800км). Малдарды арнайы вагондара тасиды. Малдар тігінен қойылған қазыққа байланады. Вагон ішінде жем-шөп, төсеніш қоятын орын және желдеткіш болу керек. Кәдімгі төрт бұрышты вагон тасымалдайтын ірі қара мен жылқының түріне, жасына, малдарды орналастыруына қарай жабдықтайды. Жоғарғы жағынан жем-шөп , құрал-сайманға орын жасалынады. Бір есікті ашып тақтайды 1,5-1,7 м биіктікте шегелеп тастайды.

4. А-ш малдарын тасымалдауға дайындау, тасу көлігіне қойылатын талап.

Тасымалдау тәжірибелері көрсеткендей малды ертеден дайындау қажет. Жынысына, жасына, салмағына, қоңдылығына қарай өте ерте бөліп тиелетін тобымен бірге ұстау. Мал тынышсыздығына әкеліп соқтыратын аштық, ыстық, өз орнын қорғау. Тасымалданатын топтарды загонға жинап, рационға көшіреді.

6.Айдау және тасымалдау кезіндегі ветеринариялық құжаттар.

Малдарды тасымалдауға тен қана арнаулы құжаттарды толтырған соң ғана болады.Мал дәрігерлік куәлік. Бұл құжатты ауруға қарсы күресетін мал дәрігерлік станциялардың, учаскелік мал дәрігерлік емхананың, жеке шаруашылық, қожалық, құс фабрикасының, жылқы заводының мал бордақылау системасының дәрігерлері бере алады. Бұл куәлік берілген күннен бастап 3 күнге дейін жарамды.транспорт жолдамасы 3 экземплярда жасалып, біреуі шаруашылықта, екеуі жол бастығына берілетін аса маңызды құжат.

7. Сойыс малдарын қоңдылық категориясы бойынша анықтау.

Сойыс малдарының қоңдылық категорияларын анықтаудың негізінде бұлшық ет дамуы және тері асты майы жиналуы алынады. Осыған байланысты қоңдылық категорияларын анықтау үшін малдарды тасушыда, қабылдап алушыда жақсы білу керек. Қоңдылық категориясын анықтар алдында малдың түр-тұлғасына, сан мен қол етінің толысуына, омыртқа басының шонданай сербек төмпешіктерінің білінуіне және сербекте шонданайда, шапта, арқада, соңғы қабырғада тері асты майының жиналуын төсті сипау, нұқу әдістері арқылы анықтайды.



Қолданылатын әдебиеттер:

1.Авсиевич Е.А., Сашников В.М: «Государственный надзор за стандартизацией и средствами измерения» Москва ,1987г.с.220

2.Г.Мутанов, Р.Умырзаг «Основы стандартизации, метрологии сертификации.Менеджмент качества».ГгАстана 2003

3.Житенко П.М. «Технология продуктов убоя животных» Москва 1984 г.с. 230

4.Лифиц И.М. «Основы стандартизации, метрологиии сертификации» Москва 2000

Сабақ 2. Ірі қара және ұсақ малдардың МЕСТ бойынша қоңдылық категориясы, сиырды және қойды союға дайындау және сортқа бөлу.

Сабақтың мазмұны:

1.МЕСТ бойынша ІҚМ-5110-87, ҰМ-5111-55. Сортқа бөлу МЕСТ бойынша ІҚМ-779-87,ҰМ-1935-55

2.Ірі қара және ұсақ малдарды технологиялық өңдеу процесін ұйымдастыру. Өндіру ерекшеліктері, әдістері, техникалық жабдықтары.

3.Өңделетін негізгі өнімдер. Буланған, суынған және мұздатылған ет туралы түсінік. Қоңдылық категориясын анықтау.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді мемлекеттік стандартпен таныстыру. Ірі қара мен ұсақ малды категорияға және сортқа бөлу мен таныстыру.

ЕТТІҢ САПАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰШАНЫҢ ҚОНДЫЛЫҚ КАТЕГЕГОРИЯЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ӨНІМГЕ БАҒА БЕРУ.


Алғашқы өңдеу бөліміндегі технологиялық үрдісті ұша қоңдылығын анықтаумен, ұшаға өнімдік баға берумен, таңбалаумен және өлшеумен аяқтайды.

Сойыс малының қоңдылығын сойғаннан кейін де анықтауға болады.

Кейінгі мезгілде ұшаны массасы мен ет сапасына орай қабылдау ет өнеркәсібіннде жиі де, кеңінен қолданылуда. Өйткені, бұндай әдіспен қоңдылықты анықтау өте дұрыс және қателік кетпейді. Тапсырушы мен қабылдаушының арасында да ешқандай талас тумайды.

Массасы мен ет сапасы қарай қоңдылығын анықтауды. 5110- 87, 5111-55, 1213-74, 20079-74, МЕМ СТ бойынша малдәрігерлік бақылау бөлімі жүргізеді. Қоңдылығын анықтағанда ет кәсіпорыны жағынан және ет тапсырушы жағынан да жауапты адамдар болуы тиіс . Бұдан басқа ( ӨМББ ) 772-55, 1935-55, 772 - 61, 18292-72 МЕМ СТ бойынша ет категориясы бойынша анықтауды өндірістік малдәрігерлік бақылау бөлімі.


ІРІ ҚАРА МАЛДАРЫНЫҢ ҰША ҚОҢДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
(МЕМСТ - 5110-87)



Жоғарғы қоңдылықтағы өгіз бен сиыр еті

Бұлшық еттері өте жақсы дамыған, сан еті мен қол еті толыққан, арқа және бел омыртқалары сабақтарының басы білінбейді, тері асты майы жауырыннан шоданай төмпешігіне дейін жиналған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет