Сабақ тақырыбы : Африканың географиялық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер,зерттелу тарихы



Дата10.07.2016
өлшемі46.59 Kb.
#189053
түріСабақ
Тойжанова Луара Утемисовна
Ақтөбе қаласы,

Елек орта мектебінің

география пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы : Африканың географиялық орны,

жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер,зерттелу тарихы..



Мақсаты: Материктердің географиялық орнын,жағалауындағы мұхиттар туралы, зерттелуі туралы білім беру,оқушылардың білмін,ой-өрісін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру,жан-жақты дамыту .

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгіме,топпен жұмыс

Көрнекілігі : Д.ж және Африканың физикалық картасы,интерактивті тақта, схемалар, суреттер.электронды оқулық.

Сабақ барысы:



І.Ұйымдастыру. топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тест арқылы сұрау (интерактивті тақта арқылы).

Ой қозғау.

Африка туралы не білеміз?



ІІІ. Сиқырлы сандық «ия», «жоқ» .

А) Африкадағы ең үлкен материк

ә) Африка түгелімен Оңтүстік жарты шарда орналасқан.

б) Ең ыстық материк.

в) Африканы Солтүстік мұзды мұхит шайып жатыр.

ІV. Мәтінмен жұмыс : 1-топтың тапсырмасы, Кескін картамен жұмыс

.( Материктің шеткі нүктелерін , аралдарын, түбектерін, шығанақтарын , бұғаздарын, жағалауындағы мұхиттар,теңіздер түсіру

1.Материктердің эквоторға , бас меридианға, тропиктерге және поляр шеңберіне қатысты орнын анықтау 2.Материктің шеткі нүктелерін анықтау.

3.Материктің жағалауыдағы мұхиттар мен олардың теңіздерін анықтау, 4.Материктің жанында қандай басқа материктер орналасқанын анықтау.

2-топтың тапсырмасы: Зерттелуі

б.з.б. 600 жылдары финикиялықтар

ХІV ғ. араб Әбу Ибн Баттута , 1497 -99 ж Васко да Гама

1849ж.,1855ж. ағылшын Д. Ливингстон , Генри Стэнли , ХІХ ғ. орыс ғалымы В.Юнкер,1926-27ж орыс ғалымы И.И.Вавилов

Қәзір Юнеско шешімі бойынша «Биосфераның Алтын қорына » енген Сахара шөлімен Мадагаскар аралы зерттелуде.
3-топтың тапсырмасы: Африканың ерекшеліктерін анықтау:

а) Экваторда, бастапқы меридианда кесіп өтетін жалғыз материк.

ә) Д.ж. ең ұзын өзен Ніл б) Ең үлкен шөл Сахара

в) Сахара солтүстігі + 58 ең жоғары температураг) Ең ірі жануары піл

д) Ең биік нүктесі Килиманджаро е) Ең үлкен арал Мадагаскар

ж) Ең үлкен көлі Виктория з) Ең терең көл Танганикаи) Ең ірі сарқырама Тугела

Дәптермен жұмыс :

Африка материгіндегі топонимикалық атаулар

1.Африка- "фраге" – аяз, "афригея" – аязсыз2. Ливия – ежелгі Греция кезеңінде "Либу" тайпасы өмір сүрген.3. Алжир – араб тілі. "Аль-джазаир"-аралдар деген сөз, өйткені,қала алғаш төрт аралда құрылған.

4.Эфиопия- ежелгі грек тілінде "айтос","эйтос"-күйген, "опс"-бет мағанасында.


  1. Марокко бербер тілінде "мароккуш"- бекітілген деген сөз.

  2. Сомали – кушит тілінде қара деген мағанасында.

  3. Мадагаскар – малагаси тайпасының атымен байланысты немесе мальгаштар деп аталған.

  4. Мозамбик – португалша қайықтар жиналған жер.

  5. Александрия – антропоним. А.Македонскидің атымен байланысты.

10.Қайырымды Үміт мүйісі – Испан королінің

бұйрығымен аталынған.

11.Игольный мүйісі – португал тілінде агульяне деп аталады. Бұл атау осы жердегі магнит аномалиясына байланысты қойылған.

12.Оранжевая өзені –Герц Оранскидің құрметіне қойылған.

Қосымша материалдарды оқу арқылы өзара түсіндіру

Финикиялықтар дүние жүзі география ғылымының дамуына көп еңбек сіңірді.Олар тұңғыш рет дүние жүзінің екі үлкен құрлығына (материгіне) Европа,Азия деп ат қойды. Финикиялықтар Жерорта теңізінің шығысындағы құрлықты «асу», батысындағы құрлықты «эреб» (батыс) деп атады. Бұл атауларды кейіннен гректер өзінше өзгерте келіп, Азия және Европа деп атады.

л Европа,Үндістан, Цейлон, Қытай, шығыс Африка, Византия, Египет, Палестина жерлерін зерттеді.



Ибн – Баттута (Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Батура 1304-1377) – орта ғасырдағы араб географтарының ішіндегі ең көріктісі. Ол бүкіл араб империясына қарайтын жерді 25 жыл бойы аралап, 120 мың километр жол жүрген, бәрін де көзіммен көріп, өте бағалы географиялық еңбек жазып қалдырған.

Қара теңізден өтті, Оңтүстік Орта Азия мен Қазақстан жерін зерттеді.Атап айтқанда,Хорезм, болды. Ғалым – саяхатшы Бұхапанда , Амудария,Сырдария ,Шу, Іле бойларында , Тянь – Шань,Памир – Алтай таулары өзінің болған жерлерінің географиялық жағдайын асқан шеберлікпен жазды.

Орта Азия ғалымдарының еңбектерінде нақты географиялық материалдар көп кездеседі. Бұл кезде

Орта Азияда астрономия, математика, физика, химия, география, минералогия, тарих, әдебиет сияқты ғылым салалары едәуір дамыды. Ғылымның бұл табыстарын кейіннен европалықтар пайдаланды.


Васко да Гама.1497-99жылдары

Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.


В.В.Юнкер ( 1840 – 1892 )

Орталық Африканы зерттеген белгілі саяхатшы .Ол Оңтүстік Судан туралы тарихи, географиялық, этнографиялық материал жинады. Конго, Ніл су айырығының картасын жасады. Тропиктік Африка өсімдігін, жануарларын., сонымен қатар саваннасын, ауа райын сипаттап жазып, этнографиялық материалдар жиып, жергілікті халықтардың әдеп- ғұрпын,тұрмысын, тілін, мәдениетін зерттеді.


V. Жадыңда сақта ! картамен жұмыс, аталған жерлердің барлығын көрсету

VІ. Бағалау.



VІІ. Үйге тапсырма п. 44 кескін картаны аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет