Сабақ тақырыбы : «Бейнелеуіш сөздер»



жүктеу 38.13 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі38.13 Kb.
Павлодар облысы

Лебяжі ауданы

Қазы ауылы

Қазы ЖОББМ

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Бекужа Айгерим Ахметоллаевна



Сабақ тақырыбы: «Бейнелеуіш сөздер»

Сынып: 6 «А»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту, Бейнелеуіш сөздердің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру, оқу әрекетінде ББД қолдана алуын, мәтінне негізгі ақпаратты бөліп алып,

талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасай алу дағдыларын дамыту,логикалық ойлау әрекетін дамыту.



Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істеу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; өз інің де өзгенің де еңбегіне әділ баға беруге, еңбек мәдениетіне баулу.
Стандарт бойынша оқушы білімі мен білігіне қойылатын талаптар:

Білімі: бейнелеуіш сөздің көру арқылы сипаттайтын сөздер екенін, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіштерден айырмашылығын, олардың құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін білу.

Білігі: бейнелеуіш сөздерді еліктеуіштерден айыра алуы, бейнелеуіш сөздердің негізгі және туынды, дара және күрделі түрлерін ажырата алуы тиіс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың ұйымдастырылу формасы: топтық
Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, СТО стратегиялары
Сабақтың жабдықталуы: флипчарт
Көрнекіліктер: постер, эмблема, тест, бағалау парағы т.б.
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Сабақтың тақырыбын оқушылар Абайдың «Қыс» өлеңінен үзіндінің құрамынан еліктеу сөзді тауып, оның еліктеуішке жатпайтытын, яғни бұл жаңа сабақтың тақырыбы екенін айтады. Сабақтың тақырыбы Актив-студионың перде командасы арқылы ашылады.

Сабақтың мақсатын оқушылар өздері айқындап береді.


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларға көркем шығармадан 5-7 еліктеуіш сөздері бар карточка жасау деген тапсырма берілген. Тапсырма фронтальді тексерілді.

Топ басшылары топ мүшелеріне 5 балдық жүйемен бағаларын қойып отырады.




  1. Жаңа сабақ:

Флипчарт тағы бір беттің жартысында өзеннің, баланың, феерверктің суреттері мен олардың тұстарында дыбыстары орналасқан. Дыбыс пернесін басқан кезде судың сылдырап ағып жатқан, баланың сыңғырлаған күлкісі мен феерверктің сатыр-сұтыр дыбыстары қосылады. Бұдан оқушылар еліктеуіш сөздердің табиғаттағы әр түрлі дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер екенін қайталайды.

Флипчарт тағы беттің екінші жартысында найзағайдың, алтынның, тоңған адамдардың суреті берілген. Оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады: Еліктеуіш сөздермен салыстырғанда қандай айырмашылық байқадыңдар? Оқушылар қорытынды жасайды.

Жаңа сабақ топпен жұмыс барысында ашылады. Топтар оқулықтағы «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбын оқып, талдайды. Алынған ақпаратты сызбаға салады.

Постерлерге салынған сызба-суреттерін ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар қарсы топ мүшелеріне алғыстарын білдіріп, қошеметтейді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стр. Бойынша қарсы топ жұмысының екі оң жағы мен бір ұсыныстарын жасайды.


  1. Бекіту кезеңі;

А) «Сикырлы шеңбер» ойыны ойналады. Актив-студионың көмегімен жасалады. Оқушыларға шеңбердің ішіне тек бейнелеуіш сөздерді ғана жинақтау тапсырмасы берілді. Егер жауап қате болса, сөз шеңбердің ішінде көрінбей қалады. (Интербелсенді тақта арқылы)

Ә) оқулықтағы - жаттығуды интербелсенді тақтада орындау. Тиісті бейнелеуіш сөздерді қойып, оның құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін ауызша айту тапсырмасы берілді. Оқушылар тиісті жауапты қалам арқылы орнына апарады.

Б) – жаттығуды жеке дара орындату. Оқушылар бір-бірін тексереді. Бағалау парағына тиісті бағасын қойып отырады.

В) Интербелсенді тақтадағы сызбаны (денотаттық граф) қалпына келтіру. Оқушылар елістеу сөздер тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтайды, сызбаның логикалық қисынын табады.



5. Бақылау кезеңі:

5 сұрақтан тұратын тест тапсырмалады ұсынылады. Тест жауаптары тақтада прожектормен жабылып тұрады. Оқушылар өздері тексеріп, алдын ала берілген бағалау критерийлері бойынша бағаларын қояды.




  1. Бағалау кезеңі:

Топ басшылары толтырған бағалау парақтары бойынша бағаланады.Топ басшылары қойылған бағаларына комментарий жасап шығады.


  1. Рефлексия:

Сабақтың мақсатына жеткен немесе жетпегендегін айтады, сабақтан алған негізгі ұғымдар жайлы әңгімелейді. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
8. Үй тапсырмасын беру: 1-топ: прозалық шығармадан 5-8 бейнелеуіштерді бар сөйлем жазып келу, 2-топ: поэзиялық шығармадан 5-8 бейнелеуіштерді жазып келу.

Қорытынды. Оқушылармен «Қызыл кілем» жаттығуын жасау, мадақтау.




автофигура 21автофигура 22



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет