Сабақ тақырыбы : «Үлкен ми сыңарларының қыртысы»



Дата27.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#161228
түріСабақ
Сәрсенбаева Динагүл

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

география және биология пәндерінің мұғалімі


Сабақ тақырыбы: «Үлкен ми сыңарларының қыртысы»

Мақсаты: Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысын ми бөліктері құрылысымен салыстыра отырып, әр бөлігінің маңызы мен атқаратын қызметін толық етіп түсіндіру.
Білімдік міндеті: Жүлгелер, иірімдер, аймақ және ми сұлықтығы туралы тереңірек түсіндіру. Қызметтеріне жеке тоқталу.
Дамытушылық міндеті: Үлкен ми сыңарлары қыртысының негізгі аймақтары мен ми бөліктері және нейронның құрылысын, мидың дамуына адамның өскен ортасының маңызы туралы тереңірек түсіндіріп, қосымша материалдарды пайдалана отырып, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ми ауруларының пайда болу жолдарын, аурулардың түрлерін және емдеу, оларды болдырмау, сақтану шараларын үйрету. Миға, жүйке жүйесіне зиянды алкоголь мен шылым никотин уының залалын түсіндіре отырып, аулақ бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Таблицалар, ми бөліктерінің нақ жүйесі.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Демонстрациялап отырып сұрақ-жауап арқылы ауызша баяндау.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.


Сұрақтары:

  1. Мидың құрылысы қандай?

  2. Мидың қабаттарын және оның қызметін ата.

  3. Ми сұйықтығы қайда орналасқан, қандай қызмет атқарады?

  4. Ми бөліктерін ата.

  5. Әр бөліктің жеке қызметіне тоқтал.

  • Аралық ми қандай қызмет атқарады?

  • Орталық

  • Мишық

  • Сопақша ми

  1. «Биологиялық ырғық», «ішкі сағат» дегенді түсіндір.

  2. Ми мен жұлынның және жүйке жүйесінің қызметіне тоқтал.



ІІІ. Осы сұрақтарға жауап алып, қортындылап, жаңа сабақты түсіндіруге дайындаймын, өткен материалдарды қайталау үшін төмендегідей сұрақтар беремін.

  1. Біз қай жүйемен таныстық?

  2. Жүйке жүйесі неше бөліктен тұрады?

  3. Орталық бөлігін ата.

  4. Шеткі бөлігін ата.

  5. Жұлын қандай қызмет атқарады?


ІV. «Жүйкеге саяхат» ойыны.

Таблицадан кім бұрын тауып, жолдармен жүріп өтеді?



  • Нейрон деген не, құрамын ата?

  • «Рефлекс доғасы» деген не, жолын көрсет.

  • «Тізе рефлексіне саяхат».


V. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жаңа сабақты түсндіре отырып, негізділерін дәптерлеріне жазғызамын.

Оқушылар, біз ми бөліктеріне жеке-жеке тоқталып өттік, қай бөлігімен толық танысқан жоқпыз?


  • Үлкен ми сыңарымен

  • Дұрыс. Енді осы бөлігімен танысамыз.

а) үлкен ми сыңарларының құрылысы.

ә) қызметі мен әр бөлігінің маңызы.

б) ми ауруларының түрлері (бас сақинасы, мидың қабынуы, мидың шайқалуы, мененгит, т.б).



в) пайда болу, сақтану, емдеу жолдары.
. Бекіту сұрақтары. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет