Сабақ тақырыбы: Қ. Мұқышев Көктем



Дата17.07.2016
өлшемі50.96 Kb.
#206184
түріСабақ
 

Калназарова Сара Жултаевна

Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебінің



бастауыш класс мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Қ.Мұқышев Көктем
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық, суреттер, әртүрлі түсті гүлдер, көбелектер, маркерлер, постер, желім
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, музыка 
Сабақ барысы: 
l.Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлеу
2.Психологиялық дайындық. 
Табиғат

Тіршіліксің тұнып тұрған

Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің,

Сен ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен – жарықсың,

Сен – жерсің,

Сен - гүлсің,

Сен – адамсың.

Сен – ауасың,

Сен – анамсың,

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.

3.Гүлдер жылдың қай мезгілінде қызыл ала кілемдей құлпырады? 
4.Көктем айларын ата? 
5.Топтастыру: Көктем 
6.Жаңа сабақ. 
1.Жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау, күннің жадын жазу. 
2.Қабыкен Мұқышев «Көктем» өлеңімен танысамыз. 

Қабыкен Мұқышев өмірі, туған жері, шығармалары жайлы таныстырып өту. 
(1920-1976) - Қарағанды облысыНұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.

Оқулықпен жұмыс

А) Өлеңді мәнерлеп оқу
Ә) Өлеңді жекелей оқыту


1-топ “Жуып жердің омырауын” тіркесінің мағынасын түсіндір

2 - топ “Дегдіді” сөзіне мағыналас сөздерді тап

3 -топ Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы

4 -топ Осы өлең бойынша сурет салып көр


8.Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?

9.Өлең құрастыр

Жарқылдайды - ...................................
Қаңқылдайды - ...................................
Жасылданды .......................................
Қаптады құстар ..................................


10.Дәптермен жұмыс

Өлеңдегі көркем сөздерді дәптерге жазып ал

Көк аспан, жер көгерді, жас шыбық.

11.Шығармашылық тапсырма

1-топ – Көктем мезгіліне байланысты мақал-мәтел жаз
2-топ – Көктем туралы эссе


3-топ – «Көктем» 5 жолды өлең

4-топ – Көктем мезгіліне сурет сал

12.1-топ Қыстап қалатын құстарды топтастыр





Көктемде не болмайды?

1-топ Көктемгі еңбек

2-топ Табиғат көріністері

3-топ

4-топ



1. Көктем айлары

а) наурыз, сәуір, мамыр

а) наурыз, сәуір, мамыр

б) маусым,шілде,

тамыз


2. Көктемде не ериді ?

а) мұз

ә) су

б) қар

3. Көктемде ауа райы қандай болады ?

а) ыстық

ә) жылы

б) суық

4. Бірінші гүлдейтін гүл ?

а) бәйшешек

ә) бақбақ

б) түймедақ

5. Адамдар қалай киінеді?

а) жылы

ә) жеңіл

б) тон

6. Көктемде не жауады ?

 а) қар

 ә) жаңбыр

б) мұз

7. Көктемде қандай мереке тойланады ?

а) Тәуелсіздік күні

ә) Наурыз мерекесі

б) Білім күні

8. Өзендерде не жүреді ?

а) қар

ә) мұз

б) балық

9. Ағаштарда нелер шығады ?

а) жапырақтар

ә) бүршіктер

б) шөптер

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап

«... қорада шу»



а) Көбелек пен құстар да

ә) Түйе боздап, қой қоздап

б) Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті




Ыстық орындық


Бағалау

Көңіл-күйің қандай?


Сабақ мені қызықтырған жоқ, түсінбедім

Сабақ мені қызықтырған жоқ, түсінбедім


Сабақ мені қызықтырған жоқ, түсінбедім

Үйге:

1.“Көктем” өлеңін жаттау

2. Жұмбақтар құрастырып келу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет