Сабақ тақырыбы : Сын есімнің шырайлары. Сабақ мақсаты



Дата14.06.2016
өлшемі63.86 Kb.
#134311
түріСабақ
Лаура Бекбергенова,

Ақтөбе облысының

Қобда ауданындағы

Ақырап орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Сын есімнің шырайлары

( 6 – класс )
Сабақ тақырыбы : Сын есімнің шырайлары.

Сабақ мақсаты :

1. білімділік : сын есімнің шырайларын түсіндіру, практикалық жолмен меңгерту,

олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу, жаңа сабақ мазмұнын игерту.



2. дамытушылық : оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын кеңейту, ес

қабілетін, сөйлеу шеберлігін дамыту, өз бетінше ойланып,

қорытынды жасай білуге төселдіру, түрлі әдістерді пайдалана

отырып, шығармашылыққа баулу.



3. тәрбиелік : оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа, білімділікке,

ойлылыққа жетектеу, пәнге деген қызығушылығын , төрт түлік

малға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ түрі : жаңа сабақ.

Сабақ көрнекілігі : интерактивті тақта, активті қалам, флипчарттар, слайдтар,

сызбалар, суреттер, кестелер.



Пәнаралық байланыс : қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақ әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сұрақ – жауап, салыстыру, денсаулық сақтау

технологиясы, сөйлесу, топтастыру, баяндау, ойландыру,

жаздыру, оқыту, психологиялық тренинг,іздендіру.

Сабақ барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі .

а ) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру ;

б ) сабақ ертегі желісімен өтетінін хабарлау ;

1- слайд .Психологиялық дайындық.

Мұғалім : Күн күлімдесе бақыт па ?

Оқушы : бақыт ³ ( қолын жоғары көтеру )

Мұғалім : Анамыз күлімдесе бақыт па ?

Оқушы : бақыт ³ ( қолын жоғары көтеру )

Мұғалім : Достарымыз көп болса бақыт па ?

Оқушы : бақыт ³ ( бір – бірін құшақтау )

Мұғалім : Күшіміз көп болса бақыт па ?

Оқушы : бақыт ³ ( өз күштерін көрсету. )
2- слайд - Ешкі мен лақ , қасқыр суреттері.

- Ертеде бір ешкі жеті лағымен суатқа су ішуге келсе, алдынан ашыққан қасқыр шығып , тап беріп,қуа жөнеледі. Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқаларынан адасып қалыпты.

- Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға сала отырып, адасқан лақтың өз тобына қайта қосылуына көмек көрсетулерің керек. Алдарыңда кездескен кедергілерді жеңе отырып, тапсырмаларды орындауларыңа тілектеспін.
3- слайд – Лақ пен екі айырылған жол суреттері.

- Лақ келе жатып екіге айырылған жолды көреді. Қайсысын таңдарын білмей, сасқалақтап тұрған лаққа көмектесейік, ол үшін үй тапсырмасын тексереміз.


III. Үй тапсырмасын тексеру.

4-слайд – Лақ пен өзен суреттері

- Лақ тиісті бағыттағы жолға түсіп, келе жатса, алдында өзен жатыр. Ол өзеннен жүзіп, арғы бетіне шығуы керек. Ол үшін тақтадағы сызбаға қарап, бүгінгі жаңа сабағымыды жақсылап түсініп алайық.


5- слайд - IY. Жаңа сабақ.

Тақтадағы сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.



Y. Мысалдарды жазып алу :

Қара - қаралау, қап – қара, өте қара.

Жеңіл – жеңілірек, жеп –жеңіл, ең жеңіл.

Биік – биіктеу - біп - биік, тым биік.


6- слайд – Лақ пен көкжал қасқыр.

- Өзеннің арғы бетіне өткен лақ қуанышпен келе жатыр еді, алдынан тағы бір көкжал қасқыр кездесті. Қасқырдан құтқару үшін мына тапсырмаға назар аударайық.


YI. Тақтамен жұмыс.
1- тапсырма.

Флипчарт бетіндегі сын есімдерді шырай түрлерінде жазу.



  1. ұсақ – ұсақтау – ұп –ұсақ.

2. ыңғайлы - ыңғайлырақ – ып-ыңғайлы - өте ыңғайлы.

3. толық – толықтау – топ- толық – ең толық

4. жүйрік – жүйріктеу – жүп –жүйрік – аса жүйрік.

5. сары - сарылау – сап - сары - тым сар



2- тапсырма.

Перфокартамен жұмыс.




Сөздер

Жай .ш.

Салыстырмалы.ш.

Күшейтпелі.ш.

Асырмалы.ш.

1.

Төзімділеу













2.

Ақылды













3.

Әп -әдемі













4.

Ең терең













5.

Ұзақ













6.

Ластау













7.

Ап –арық.













8.

Тым жалқау.














7- слайд - YII . Сергіту сәті.
1.Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп – үлкен боп өседі.

2.Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


8- слайд – Лақ пен түлкі суреті.

- Қасқырдан құтылып әндетіп келе жатқан лаққа түлкі кез болады.Түлкіден құтқару үшін келесі тапсырмаларды орындайық.


3- тапсырма.

Сәйкестендір.
Тәтті қатты

Жап - ірек

Тап – нашар

Өте тақыр

Кең жасыл.

Тым леу.


4- тапсырма.

Сын есімді тіркестермен сөйлем құрау.

Үлгі : Үй кең.

Менің үйім кең. Менің үйім сенің үйіңнен кеңірек. Менікі - кеп –кең.

Жұмыс қиын, бөлме жарық, жаңа кітап.



9- слайд – Лақ пен үлкен тау суреті.

- Лақ түлкіден құтылып, енді үйіне қарай келе жатса үлкен тауды көріп, өте алмай сендерден көмек сұрайды.Ол үшін мына тапсырмаларға көңіл аударыңдар.


Шығармашылық тапсырмалар.

5- тапсырма.

сурет орнына сөз қойып, сөз тіркесін жасау.

Тату + отбасы суреті, жұмсақ + тамақ суреті, айбатты + жолбарыс суреті,

жұп-жұмсақ + нан суреті, хош иісті + гүл суреті, терең + көл, су суреті,



6- тапсырма.

Сөйлемнен шырай түрлерін анықта.


1. Көршілеріміз ақ көңіл, өте қарапайым адамдар.

2. Ол бала әлі жап-жас қой.

3. Менің сатып алған киімім сенің киіміңнен қалыңдау, тәуірлеу, қымбатырақ.

4. Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ.

5. Басқа балаларға қарағанда оның бойы аласалау, мінезі тұйық, өте салмақты, тәртіпті.
10- слайд – Адасып қалған лақ анасымен қосылу суреті.

- Сөйтіп біздің лағымыз ата –анасымен, бауырларымен қауышып қуанышқа кенеледі.

Сендерге көп рахметін айтуда.

( оқушылар қуаныштарын білдіріп, қол шапалақтау )


11- слайд - YIII. Сабақты қорытындылау « Аққала ойыны»

«Аққала» ойыны арқылы бүгінгі сабақтан алған білімімізді пысықтайық.

Мына пішіндер арқылы Аққаланы құрастырамыз, әр пішіндер астыңғы жағында

сұрақтар жасырынған, сол сұрақты шешіп, Аққаланы астыңғы жағынан бастап құрастырамыз.







1. Сын есімнің шырайлары нешеге бөлінеді ?

2. Жай шырайға мысал келтір.

3. Салыстырмалы шырай қалай жасалады ?

4. Күшейтпелі шырайға мысал келтір.

5. Асырмалы шырай қалай жасалады ?

6. Сын есім шырайлары қай сөз табына жатады ?



  1. слайд


IX. Рефлексия.

Сабақтан алған әсерлерін смайликтермен көрсету.


X. Бағалау.
XI. Үйге тапсырма : «Менің досым қандай ?» деген тақырыпқа сын есімнің шырайлары арқылы сипаттап, әңгіме құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет