Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
1-сабақ
Сабақтың басы
3 минут
|
Амандасу. Психологиялық ахуал
«Қошемет сөздер»
Оқушылар шеңбер жасап, қол ұстасып тұрады. Көршінің көзіне қарап ол туралы жақсы сөз айту керек. Содан кейін ол басқа оқушыға қошемет сөздерді айтады.
|
Слайд 1
|
Тақырып пен сабақ мақсатын тұжырымдау
2 минут
|
Оқушылар сабақ тақырыбы мен оның мақсатын тұжырымдайды.
- Орындаған тапсырма мен бейне материал бойынша сабағымыздың зерттеу пәні не болады деп ойлайсыздар?
Презентация.
| Слайд 2-3 |
Жаңа материалды өздігімен меңгеру
10 минут
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз қасиетін дәлелдейді:
Теорема (1-қасиет). Егер параллель түзулердің біреуі жазықтыққа перпендикуляр болса, онда екіншісі де жазықтыққа перпендикуляр болады.
Егер a || b, a ⊥ α, онда b ⊥ α.
Теорема (2-қасиет). Егер екі жазықтық түзуге перпендикуляр болса, онда олар параллель болады.
Егер a ⊥ α, a ⊥ β, онда α || β.
| https://bilimland.kz/ru/courses/math-ru/geometriya/stereometriya/perpendikulyarnost-v-prostranstve/lesson/perpendikulyarnost-pryamoi-i-ploskosti
А4
|
Бекіту.
10 минут
|
Жұптасып, не үштікте жұмыс жасау.
Символдар арқылы берілген AA1BB1 төртбұрышының түрін анықта.
AA1 ⊥ α; A ∈ α, B ∈ α; AA1 ≠ BB1, AB1 || A1B;
AA1 ⊥ α; BB1 ⊥ α; A ∈ α, B ∈ α, A1B =AB1;
A ∈ α; B ∈ α; AA1 ⊥ α; BB1 ⊥ α; AA1 =BB1.
BCD – тіктөртбұрыш, BS⊥AB, AM⊥CD болсын. AMD және BSC жазықтықтары қалай орналасқанын тап.
Бағалау критерийлері:
түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық қасиетін біледі;
түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін біледі;
түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін есептер шығаруда қолданады
| |