Магний және оның қасиеттері
Периодтық жүйедегі орны. Магний III периодтың, II топтың негізгі топшасының элементі, атомдық нөмері 12, олай болса ядросында 12 протон бар, электрондарының жалпы саны да 12, салыстырмалы атомдық массасы 24, сондықтан ядросындағы нейтрондар саны да 12 болады ).
Магнийдің 12 электроны үш электрондық қабаттарға бөлініп орналасқан:
1s2 2s2 2p6 3s2
Валенттілік электроны 3s2, олар кванттық ұяшықта жұптасып орналасқан; валенттігі II; тотығу дәрежесі 0, +2.
Табиғатта таралуы. Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында тұр; табиғи минералдары магнезит MgCO3, доломит MgCO3 CaCO3, карналлит KCl MgCl2 6H2O, асбест 3MgO 2H2O 2SiO2. Оның минералдары Қостанай өңірінде (асбест) кездеседі.
Магний ионы жасыл өсімдіктердің хлорофил дәндерінде, теніз суларында болады.
Магнийді хлоридінің балқындысын 7500C электролиздеп алады.
MgCl2 Mg + Cl2
Физикалық қасиеттері. Магний күмістей ақ, жеңіл ( г/см3), балқу температурасы 6510С, қайнау температурасы 10960С, ауада оңай тотығып, жарқырап жанады, тығыз оксидтік қабатпен қапталатын металл.
Химиялық қасиеттері. Магний химиялық белсенді металл ( ), бетіндегі оксидтік қабыршақтан тазартылған магний оттегімен, хлормен, азотпен, фосформен, кремниймен әрекеттеседі.
а) жай заттармен әрекеттесуі:
2Mg + O2 = 2MgO магний оксиді
Mg + S = MgS магний сульфиді
3Mg + N2 = Mg3N2 магний нитриді
3Mg + 2P = Mg3P2магний фосфиді
2Mg + Si = Mg2Si магний силициді
ә) күрделі заттармен әрекеттесуі:
2Mg + H2O = MgO + O2
2Mg + SiO2 = 2MgO + Si
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Осы реакция бойынша Өскеменнің титан-магний комбинатында титан өндіріледі. Химиялық, медициналық аспаптар; ұшақ, кеме, зымыран жасауда қолданылатын болатты асылдандыру үшін титан таптырмайды металл. Ол болатқа беріктік пен коррозияға тұрақтылық береді
3Mg + MoO3 = 3MgO + Mo
3Mg + WO3 = 3MgO + W
Магний көмірқышқыл газында да жанады:
Mg + CO2 = MgO + CO
2Mg + CO2 = 2MgO + C
Нағыз металл ретінде қышқылдармен әрекеттеседі:
Mg + 2HCl = MgCl2 + H2
Осы реакциялардың барлығында магний-тотықсыздандырғыш. Органикалық синтезде магнийорганикалық қосылыстар кеңінен қолданылады, олар мына реакция бойынша алынады:
C2H5Cl + Mg С2H5 – Mg – Cl (Гриньяр реактиві)
Достарыңызбен бөлісу: |