Сабақ тақырыбы №3 модельдеу. «Адамның, сиырдың және жауын құртының асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру»



бет5/9
Дата22.10.2023
өлшемі393.02 Kb.
#481389
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
био кур қмж

Сабақтағы проблемаларкестесі



Тыныс алу сыйымдылығын есептеуге есептер шығару


Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000–3500 мл, ер адамдарда 3500–4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000–7500 мл дейін барады.


Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

1-сурет. Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді)

Есеп шығару барысы:

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуы орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады.
Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет. Жасанды тыныс алдыру жолдары: а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу; ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу; в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру; г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу; д) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу; е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.

2-сурет. Жасанды тыныс алуда көрсетілетін жәрдем (бағдарша кеуде қуысын қолмен басу бағытын көрсетеді)

Осы бөлім бойынша тест тапсыру


СҰРАҚТАР

  1. Кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше

  2. Өкпенің сыртын қаптаған дәнекер ұлпа

  3. Ересек адамның тынысалу қозғалыстары минутына

  4. Тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында болатын азоттың мөлшері

  5. Тыныс алуды жиілететін гормон:

  6. Тыныс шығару орталығы орналасады:

  7. Өкпенің тіршілік сиымдылығын өлшейді:

  8. Әйелдернің өкпе тіршілік сыймдылығы:

  9. Бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең таралған жұқпалы ауру:

  10. Өкпені жарақаттайтын ауру:

Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Каумешова Т.Б.



Күні:

23.10.2023ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет