АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақтаны презентацияны, видеоматериалды көрсету үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.
|
Бастапқы білім
|
Жиындарды қосу және көбейту ережелерін біледі. Қайталанбайтын алмастыру, орналастыру, теру.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
1-сабақ
Сабақтың басы
5 мин
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылардың назаларын шоғырландырады; оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырады; оқушылармен сабақ мақсаттарын айқындайды, бағалау критерийлерімен таныстырады; оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтау, сабақтың соңында күтілетін нәтижесін айқындау. Мұғалім оқушыларды сабақ жоспарымен таныстырады.
II. Мотивациялық кезеңі.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Комбинаторлық есептер қайда қолданылады?». Оқушылар сұраққа жауап береді, содан соң мұғалім оқушыларға комбинаториканың қай салаларда қолданғаны жайлы қысқаша ақпарат береді.
Комбинаториканы қолдану салалары:
- оқу орындарында (кестені құру)
- қоғамдық тамақтану сферасы (меню құру)
-лингвистика (әріптердің комбинациясын қарастыру)
-география (карталарды бояу)
-биология (ДНҚ кодын зерттеу)
-химия (химиялық элементтер арасындағы мүмкін болатын байланысты саралау)
-экономика (акциялардың сатуын/сатып алуын саралау)
-құмар ойындарда (ұтыстардың жиілігін есептеу)
-криптография (шифрлаудың әдістерін құру)
- поштаны жеткізу (жөнелтудің әдістерін қарастыру)
- спорттық сайыстары (қатысушылар арасындағы ойындар санын есептеу)
|
Слайд 1-4
Слайд 5
|
|