Сабақ туралы жазбалар.
Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабаққа шолу, үй тапсырмасын оқушылар көршісімен дәптерлерін алмастыру арқылы бірін-бірі бағалау іске асырылады.
Сандар арқылы оқушылыр екі топқа бөлінеді.
Өткен материалдар бойынша екі топқа тапсырма беріледі:
Дәрежеге байланысты:
Көпмүшені көпмүшеге көбейтуга байланысты: (3х+5)(х-1) ; (2х-3)(2х-3); (4+х)(х+4)
Әрбір топ жетекшісі топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп береді, топ мүшелері сол бойынша білімдерін ортаға салады.
Мұғалім сыныпты бүгінгі сабақтың ұстанымымен таныстырады:
Естігендеріңді ұмытасыңдар,
Көргендеріңді ойға сақтайсыңдар,
Істегендеріңді түсінесіңдер
Конфуций
5.Бірінші топқа: (х-у)2 (5-х)2 (у+2)2
Екінші топқа: (а-в)2 ( а+8)2 (в+4)2
6. Мысалдар: 1. (х±у)2=х2±2ху+у2
( 2а+9)2-а(4а+31)=4а2+36а+81-4а2-31а=5а+81
512=(50+1)2=502+2*50*1+12=2500+100+1=2601
792=(80-1)2=802-2*80*1+12=6400-160+1=6241
а2±2ав+в2 = (а±в)2
Анықтама: Екі өрнектің қосындысының квадраты мен айырмасының квадраты
=бірінші мүшесінің квадраты қосу 2еселенген бірінші мүше мен екінші мүшенің
көбейтіндісі қосу екінші мүшенің квадраты, яғни
(а±в)2=а2±2ав+в2
7. Сабақты бекіту мақсатында оқулықтан есептерді топта талдай отырып шығарады.
8. Перфокартадағы есептерді оқушылар шығарып, өзара бағалау жүргізіледі. Топ мүшелерінің және келесі топтың жұмысын формативті бағалайды.
9. Мұғалім сабақты бекітіп, сабақтың мақсаты орындалғаны немесе орындалмағанын туралы қорытындылап, үйге тапсырма береді.
10. Рефлексия: оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгені, сабақта өздерін қолайлы немесе қолайсыз сезінгендері туралы стикерлерге жазып тақтаға іледі.
Мұғалімнің сабақ бойынша рефлексиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |