Сабақ тақырыбы атмосфера. ҚАзақстан климаты. АҚылжан ағаймен география



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.04.2023
өлшемі0.93 Mb.
#471823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
2 Қаз климат

фактор болып табылады. Жұтылған және шағылған күн радиациясының
мөлшері, яғни температуралық жағдай да жергілікті жердегі өсімдіктер мен
топырақ жамылғысының ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Жер беті Күн сәулесінің жылуын алып қана қоймай, оны шағылыстырады.
Атап айтсақ, ең көп мөлшердегі Күн сәулесінің шағылысуы жаңа жауған
қарда 85%-дан астам; ең азы 8—12% ғана болатын жаңа жыртылған қара
топырақты егіс алқаптарында байқалады; жасыл ормандар келіп түсетін Күн
радиациясының 10—20%-ын, шөлдің беті 29—35% -ын, қоңыржай
ендіктердегі теңіздің беті 78%-ын, ал экваторлық ендіктерде небәрі 2%-ын
шағылыстырады; ылғалды топырақтың шағылыстыруы құрғақ топыраққа
қарағанда аз; өсімдіктер жамылғысы Күн радиациясын 10%-дан 20—25%-ға
дейін шағылыстырады.


КҮН СӘУЛЕСІ ТҮСУІ
-Қазақстан Республикасы қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқандықтан, Күн
сәулесінің түсу ұзақтығы жоғары және жылына 2000—3000 сағатты құрайды.
-Еліміздің
солтүстігі
мен
оңтүстік-шығысының
қиыр
шетіндегі
тауалды
жазықтарында бір жыл ішінде түсетін Күн сәулесінің мөлшері біршама азаяды (2000
сағатқа дейін).
-Ашық күндердің саны еліміздің солтүстігінде 120 күннен оңтүстігінде 260 күнге
дейін артса, ал бұлтты күндер солтүстігінде 60-тан оңтүстікке қарай 10 күнге дейін
кемиді.
-Қазақстанның оңтүстігі үшін жиынтық радиацияның мөлшері шілдеде 15—18
ккал/см2-ді құраса, қаңтарда одан 4 есе кем болады. Жердің төсеніш қабатының
сипатына сәйкес.
-Күн сәулесінің шағылысу коэффициенті қыста таза қар жамылғысы болғанда 70—
80%-ды құраса, көктемдегі ластанған қарда 40—45%, ал жазда бұл коэффициент одан
да төмен — 20—30% болады. Жылдық жиынтық радиация Қазақстанның
солтүстігінде 100 ккал/см*-ге, ал оңтүстігінде 150 ккал/см*-ге дейінгі аралықта
ауытқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет