Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Жүгіру және оның түрлері Оқу мақсаттары



бет59/267
Дата01.04.2024
өлшемі1.04 Mb.
#497198
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   267
10 сынып дене шынықтыру пәнінен ҚМЖ

Қысқа мерзімді жоспар №23



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2. Командалық ойынның қозғалыс дағдысы



Мектеп: Қадырғали Жалайыр атындағы №6 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Канапия Б.А

Сынып: 10



Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Ойын арқылы сенімділікті бекіту.

Оқу мақсаттары

10.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын бағалайды
Көбі: Білім алушылар бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын бағалайды, өз араларында талқылайды.
Кейбірі: Білім алушылар бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын бағалайды, өз араларында талқылайды және өз ойларымен бөліседі.

Жетістік критерийлері

Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп,командалық жұмысты орындайды.

Тілдік мақсаттар



қабылдау, допты ойынға қосу соққы, дәлдік, пас, жалғау шабуыл, қорғаныс
тактика, техника, стратегия, шешім қауіпсіздік, ойын ережесі қорғаушы, шабуылдаушы, ойыншы жалғастыру ойын комбинациясы

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды белсенділікке, патриоттыққа, болжай білуге, өз ойын жеткізуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, физика, жас өспірімдер физиологиясы.

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім



Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту.Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.

Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10мин



Дайындық бөлімі.
Білім алушылардың сәлемдесіп зейінін шоғырландырып,бірге сабақ мақсаттарын/ОМ/ анықтап алу. Техника қауіпсіздігі. Спорттық киімдеріне назар аудару. Жаңасабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.



Кең алаң
Ысқырық,секундомер,доптар



Сабақтың ортасы
25мин

(С, Т, Ф) Сынып төрт командаға бөлінеді команды(А-Б-С-Д).«А»және«С» командалары алаңға ерікті түрде орналасады. «Б» командасының ойыншылары иық арқылы түрлі түсті таспаларды киеді және «А» командасына допты иеленуге көмектеседі. «Д» командасының ойыншылары «С» командасына допты иеленуге көмектеседі. Мұғалімнің белгісі бойынша «А», «С» командалары бір- біріне допты бере бастайды. «Б», «Д»
командаларының ойыншылары допты қағып әкетуге тырысады және оны иеленіп, оны өз командасына береді әрі бір балл алады.

Сабақтың соңы
5 мин

Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:
Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   267




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет