Сабақ тақырыбы: Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде есеп 13 жасар Асхат Темірхан «Жас техник»



Дата14.06.2016
өлшемі149 Kb.
#136136
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде


  1. есеп

13 жасар Асхат Темірхан «Жас техник» журналындағы сайысқа көпірлерді ажырастыру үшін өзен ағысының күшін пайдалану жайлы ұсынысын жібереді. Оның ұсынысы бірінші сыйлыққа ие болады да журнал редакциясы Асхатқа өнертабыс патентін беру үшін өтініш қағазын толтыруды ұсынады. Асхаттың ата-анасының ойынша, патент авторы ретінде ата-ананың біреуі көрсетілуі тиіс, өйткені Асхаттың жасы небәрі 13-те және ол өз бетімен өнертабыс патентіне байланысты барлық құқықтар мен міндеттерді орындай алмайды. Ата-ана өз пікірлерінің дұрыс екенін білу үшін таныс өнертапқышқа кеңесуге барады, ол болса ата-ананың авторлығын тану заңды болатынына күмәнданады. Бірақ Асхаттың да ойынша, ол өзі пеатент иесінің құқықтарын жүзеге асыра алмайды, өйткені патентке ие болу азаматтық құқықтар мен міндеттердің бірқатар жиынымен байланысты.

Арнайы түсініктеме алу үшін Асхатттың ата-анасы заң қызметкеріне кеңес алу үшін арнайы келеді.

Оларға қандай жауап берген жөн болар?


  1. есеп

Атасының қайтыс болуынан кейін 10 жасар Арман Сариевтің меншігіне «Жигули» автокөлігі өтеді. Автокөлік гаражда тұрды және баланың атасы қайтыс болғаннан екі жылдан астам уақыт оны ешкім де пайдаланған жоқ болатын. Біраз уақыт өткенннен соң Арман салық инспекциясына шақырылады, ол жерде оған көлік иелерінен алынатын салықты төлеу ұсынысы жасалады. Арманның ата-анасы оны әрекетке қабілетсіз, салықтарды өз бетімен төлей алмайды және салық қарым-қатынастарының субъектісі бола алмайды деп санады. Салық инспекциясы құжаттарды заң кеңесшісінің қарауына жібереді.



Заң кеңесшісінің дәлелді қорытындысын құрастырыңдар.



  1. есеп

Жергілікті әкішілік шешімімен Сапарованың некелік жасы 17 жасқа дейін түсіріледі, содан соң барып ол Нышановқа тұрмысқа шығады. Басқа ауылда тұратын күйеуіне көшуіне байланысты Сапарова өсиет бойынша алған үйді сатпақшы болады. Оның ауылдастарының ешқайсысы үйді сатып алуға ниет білдірмегендіктен, ол көршілерінің бірі, Нақыповқа 500 АҚШ долларына тең сомаға үйді құқрылыс материалы ретінде сатуға келісім жасайды.

Оны білген соң Сапарованың ата-анасы, үй бағасының төмен болуына байланысты, бұл келісімге қарсылығын білдіреді. Олардың ойынша үйді құрылыс материалы ретінде сатудың мүлдем қажеті жоқ еді, үй жақсы күйде болғандықтан олар оны анағұрлым жоғары бағамен тұрақты қоныс ретінде сатып алатын адамды тауып қояды. Сапарова Нақыповпен шарт жасасып қойғанын және оны өзгертуге немесе бұзуға ниеті жоқ екенінайтып жауап береді. Содан барып оның ата-анасы жасы кәмелетке толмаған қыздарының олардың рұқсатынсыз Нақыповпен жасасқан шартын жарамсыз деп мойындау жөніндегі талап арызын сотқа береді.

Сот қандай шешім қабылдауы керек?



  1. есеп

Ерлі-зайыпты Ибрагимовтар некені бұзуды ұйғарып, жазбаша келісім жасасады, ол келісім бойынша Ибрагимов пәтерді бөлуге үміт артпайды, Алматыдан көшіп кетіп, Ақтөбеде өз анасымен бәірге тұрады, ал Ибрагимова, өз тарапынан, олардың қызы – бірінші курс студенті институтты бітірмейінше күйеуге шықпауға уәде береді. Неке бұзылған соң Ибрагимов пәтерден көшіп кетеді. Біраз уақыт өткен соң Ибрагимова өзінің бұрынғы күйеуінің Алматыда бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін құжаттар дайындап жүргенін біледі. Ибрагимова сатып алу- сату шартын дайындап жатқан нотариусқа барып, Ибрагимовтың қаладан кету туралы жазбаша міндеттемесіне қайшы келетін болғандықтан сатып алу- сату шартының жасалуы мүмкін еместігін мәлімдейді. Сатып алу- сату шартын жүзеге асыруда еш кедергі жоқ екенін айтып, нотариус шартты куәландырады.



Сот қандай шешім шығаруы тиіс?


  1. есеп

17 жасар Сәкен Берікұлы мектеп бітіруіне байланысты әжесінен сыйлық ретінде магнитафон алады. Біраз уақыт өткен соң ол магнитафонды өзінің танысы Иманбаевтың видеокамерасына ауыстырып алуға әжесінен рұқсат сұрайды. әжесі қарсылық білдірмейді және жазбаша түрде өз келісімін береді. Алмасу жүзеге асады. Сәкеннің әкесі, болған алмасу жайлы білгенде, Иманбаевтан магнитафонды қайтарып, ал видеокамераны алып кетуді талап етеді, өйткені алмасуға ол өзінің келісімін берген емес болатын. Иманбаев магнитафонды Сәкенге әкесі емес, магнитафонды алмастыруға жазбаша рұқсат берген әжесі сыйлағанын айтып, қарсылықпен жауап береді. Иманбаевтың ойынша, бұл жағдайда келісімді жүзеге асыру үшін Сәкенге әкесінің рұқсаты керек емес.



Бұл дауда кімдікі дұрыс? Егер әжесінің сұрауы бойынша Сәкеннің анасы алмастыруға рұқсат берсе, шешімде өзгеріс туа ма?



  1. есеп

17 жасар Қайрат Қараев орта мектепті бітірген соң жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмысқа тұрады. Бірнеше айдан соң Серіктестік бастығына Қараевтың әкесі келеді де баласының бүкіл еңбекақыны өте қымбат заттарды сатып алуға, ресторандарға барып қыдыруға және т.с.с. нәрселерге орынсыз жұмсайтынын айтып береді. Ал одан басқа жасы толмаған екі бала бар болғандықтан, жанұясы ақша жағынан үнемі тапшылық көреді. Оның үстіне Қайраттың анасы мүгедек болу себебінен жұмысссыз отыр. Бастық жанұяның тапшылығын түсінеді де Қайраттың қолына еңбек ақының тек жартысын, ал қалғанын оның ата-анасына беруге бұйрық береді.



Серіктестік бастығының істеген әрекеті дұрыс па?



  1. есеп

16 жасар Қайсар Султанов колледжде оқып жүрді. Стипендия алу кезінде кассир оған ақшалай-заттық лотерея билетін алуды ұсынады. Ақырында ол билетке ұтыс бағасы 50 000 теңгеге тең мұздатқыш шығады. Ата-анасымен ақылдаспай, Султанов билеттің ақшалай сомасын алып, ұтыстың барлық сомасына инвестициялық компанияның акцияларын сатып алады. 3 ай өткен соң, акциялар бойынша ақы алу кезеңі келгенде, акциялардың өтімі түсіп, Қайсардың сатып алған акцияларының тұтасы дерлік 5 000 теңгеге тең болады. Бұл жағдайды білген Қайсардың ата-анасы қорғаушыға барады, ол болса Қайраттың жасасқан келісімдерін жарамсыз деп тану туралы талап арызды сотқа беру керек деп кеңес береді.



Қорғаушының берген кеңесі дұрыс па?



  1. есеп

6 жасар Болат Орманов атасынан мұра бойынша саяжай мен автокөлікке ие болады. Жақын арада басқа қалаға көшуіне байланысты Болаттың ата-анасы саяжайды әкесінің қызметтесіне сатуды, ал автокөлікті қалада өз әулетімен тұрып жатқан және сол қалада қалатын болаттың 20 жасар ағасына сыйлауды шешеді. Бұл тектес келісімдер нотариалды түрде куәландыруды қажет ететіндіктен, Болаттың әке-шешесі автокөлікті сыйға тарту және саяжайды сату шартттарын куәландыруды сұрап нотариусқа барады.



Нотариус қандай әрекет жасауы қажет?


  1. есеп

Прокурор Сексеновты әрекетке қабілетттілігі шектеулі деп тануды ұсынып сотқа арызданады. Арызда жалғыз өзі коммуналдық пәтердің бөлмесінде тұрып жатқан Сексенов, арақ-шарап ішіп, Сексеновқа қатысты қажетті шаралар қолдану туралы өтінішпен прокуратураға барған көршілерінің мазасын алатыны көрсетілген. Прокурордың арызына қосымша ретінде Сексеновтың созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және әрекет қабілеттілігін шектеу керектігі жайындағы психоневрологиялық диспансердің анықтама қағазы қоса тапсырылады. Сот Сексеновты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану жөнінде шешім шығарады.



Соттың шешімі дұрыс па? Егер Сексенов қартайған анасын асырап отырса, шешім өзгерер ме еді?



  1. есеп

Өткелова өзінің бұрынғы күйеуін өлді деп жариялау жөніндегі арызбен сотқа барады. Арызда Өткеловтың қайда жүргені туралы 5 жылдан астам уақыт хабарсыз екенін, оған дейін Өткеловтың алимент төлеуден қашып, соған байланысты іздестірілгенін көрсетеді.

Сот Өткелованың арызы мен Өткеловтың соңғы тұрған жерінің тұрғын үй кеңсесі берген анықтама қағазы негізінде оны хабар-ошарсыз кеткенін мойындау жайлы шешім шығарады және Өткеловтың хабар-ошарсыз кеткені жайлы шешімнің күшке енгенінен 4 жыл өткен соң арызданушыға оны өлді деп жариялау жөніндегі арызбен сотқа баруға болатынын түсіндіріп береді.

Соттың шығарған шешімі дұрыс па?

Сабақ тақырыбы: Азаматтық құқықтың объектілері


  1. есеп

Некені бұзуға байланысты ерлі-зайыпты Қуанышевтар арасында бірге жиған-терген мүлікті бөлу жайында дау туады. Асан Қуанышев жихаз гарнитуры, асханалық және шай сервиздері, көркем әдебиет кітапханасын және басқа да мүліктің бағасын ескере отырып, теңдей етіп бөлуін талап етеді. Нәтиежесі заттардың құнсыздануына әкелетіндіктен Сабира Қуанышева ондай бөліске қарсылық білдіреді және Қуанышевқа жихаз гарнитурын алып, ал оған асханалық және шай сервиздерін беруді ұсынады. Кітаптарды болса авторлар бойынша бөліп алуға келіседі. Бірақ М. Әуезов шығармалар жинағының хатттары жарыққа шығарылған соңғы томын беруді сұрайды.



Пайда болған дауды шешу кезінде заттардың қандай классификациясын ескеру қажет және істің сотқа берілу жағдайында көрсетілген мүлік қалай таратылуы тиіс?



  1. есеп

Серікжанов комиссиялық дүкенге скрипка сатып алу үшін келеді. Скрипка қияғымен бірге қынапта жатқан болатын және олардың қасына бағасы қойылған. Серікжанов кассаға барып, көрсетілген сомаға чек соқтырып алады. Сатушы Серікжановқа қияқ пен қынапсыз тек скрипканы береді. Серікжанов қияқ пен қынаптың берілуін талап етеді. Сатушы оған баға тек скрипка үшін қойылғанын айтып жауап береді.



Бұл дауда кімдікі дұрыс?



  1. есеп

Манарбаев құрамында көне алтын ділдәлар мен алтын қасықтар, шанышқылар, сонымен бірге марқұмның қолжазбалық туындылары бар мұраға ие болады. Заңды бұзып алам ба деп күмәнданған Манарбаев, өзінің ие болған алтын ділдәлары мен мұра қалдырушының қолжазбаларына ие болу құқығын түсіндіріп беруін сұрап, заң кеңесшісіне барады.



Қандай түсініктеме берілуі тиіс?



  1. есеп

Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде сатып алушыға өтетін мүліктің құрамын анықтау жөнінде сатушы мен сатып алушы арасында келіспеушіліктер туады. Сатушы оның билеуінде кәсіпорынның сатылмаған өзі шығарған өнімі қалуын, сонымен қатар өткізіліп жатқан кәсіпорын құрамынан мүліктік емес құқықтардың (фирмалық атау, тауарлық белгі) шығарылуын талап етеді.

Сатып алушы, өз алдына, тек активі бар қолдағы мүлікті ғана қабылдауға тиіс деп санап, өткізілетін кәсіпорынның құрамынан оның қарыздарын шығарып тастауды талап етеді.

Бұл дауда кімдікі дұрыс?



  1. есеп

Авторлар мен театр арасында шарт жасалады. Ол шарт бойынша белгіленген мерзімге қарай біреуі либретто жазуға, ал басқасы музыка шығаруға міндет алады. Театр болса, тапсырылған шығарманың ойдағыдай болу жағдайында спектакль қоюды өзіне міндет етіп алады. Студентттер арасында осы құқықтық қарым қатынастың объектісі не болып табылады деген сұрақ бойынша келіспеушіліктер туады.

Біреулердің ойынша, осы құқықтық қатынастың объектісі шығарма шығаруды өзіне міндет етіп алған либретто авторы мен композитордың іс-қылығы болып табылады. Басқаларының айтуынша, бұл жағдайда авторлар шығармасын орындау міндетін алған театрдың да іс-қылығын объект деп санау керек. Үшіншілері бұл қатынас шығарма сияқты игілік жөнінде туған деп ойлайды. Кейбіреулері осы құқықтық қатынаста тіпті объектттің бар болуына күмәндығын білдіреді.

Ал сіздің пікіріңіз қандай?

Сабақ тақырыбы: Мәміле түсінігі және мазмұны


  1. есеп

Азаматша Әлібаева мен оның бұрынғы күйеуі өздерінің арасында жасасқан келісімді куәландыру үшін нотариусқа барады. Ол келісім бойынша ажырасқан ерлі-зайыптылар кішкентай балаларын асырау жөнінде бір-біріне қандай да бір талап қоюдан өзара бас тартады, күйеуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге дәметпейді, ал әйелі балалар кәмелетке жеткенше жаңа некеге тұрмауды міндет етіп алады. Нотариус бұл мәмілені куәландырудан бас тартады.



Нотариустың әрекеті дұрыс па?



  1. есеп

Насыровқа мұра бойынша «Жигули» автокөлігі өтеді. Өзінің досы Масановқа бұрынғы көрсеткен қызметтерін ескере отырып және автокөлікті айдай алмағандықтан, Насыров Масановпен шарт жасасады. Ол шарт бойынша Насыров автокөлікке құқық белгілейтін құжаттарды ала салысымен тез арада «Жигули» автокөлігін Масановқа сыйлауды міндеттенеді. Шарт нотариуста куәландырылады.

Масанов автокөліктің профилактикалық жөндеу жұмыстарын бастайды және оның жөнделуіне біршама көп сома жұмсайды. Алайда тиісті құжаттарды алған соң Насыров Масановқа автокөлік сыйлаудан бас тартады. Масанов автокөлікті беру жөніндегі талабымен сотқа арыз ұсынады.

Істі шешіңіздер.


  1. есеп

Үсенов өзінің кемтарлығына,- яғни, соқыр болу себебінен пәтер бойынша көршісі Армановты Үсеновтың атынан шартқа қол қоюын сұрйды, ол шарт бойынша ол Болатбаевтан 100 мың теңге қарыз алады. Шартта қарастырылған мерзім өткен соң Болатбаев қарыз сомасын қайтаруды талап етеді. Үсенов жағдайының жоқтығына сілтеп, бұл талапты орындаудан бас тартады.

Сот мәжілісінде Армановтың қойған қолын ешкім куәландырмағаны, ал оның өзі бұл қаладан мүлдем кетіп қалғаны анықталады. Қарыз шартының тәртібі сақталмағанын көрсете отырып, Үсенов талап арызды мойындамайды, бірақ ақшаны алғанынан бас тартпай, оны реті келгенде қайтарып беруге уәде береді.

Сот қандай шешім шығаруы тиіс?



  1. есеп

Ата-анасының өлімінен кейін асырауында екі кішкентай қарындасы қалған Асқаров ауыр материалдық мұқтаждық көргендіктен әкесінен мұраға қалған үш бөлмелі пәтерді Түгелбаевқа сатады. Мәміле жасауға ықыласты Асқаров пен оның қарындастарының ақша жағынан тапшылық көретінін Түгелбаев білетін. Сатудан түскен ақшаға Асқаров пен оның қарындастары екі бөлмелі пәтер сатып алады.

Бір жарым жыл өткен соң Асқаров оның сатқан пәтерінің сол кезеңде нарықтық бағасы Түгелбаевтың төлегенінен екі есе жоғары болғанын анықтайды. Түгелбаевтың Асқаров пен оның қарындастарының ауыр жағдайын пайдаланып үйді сатып алғанын талабының негізіне ала отырып Асқаров сотқа талап арыз береді. Сот мәжілісінде Түгелбаевтың жылжымайтын мүлік сату агенттіктерінің бірін басқарып отырғандықтан, пәтерлердің бағасы жөнінде хабары бар болғаны анықталады. Түгелбаев талап қою мерзімі ескіргендігін сілтеп, талап арызды мойындамайды.

Істі шешіңіздер.



  1. есеп

Жауапкершілігі шектеулі қоғамның шаруашылық іс-әрекетін тексеру барысында салық инспекциясы қоғамның меншігіндегі дүкендердің біреуі арақ-шарап бұйымдарының ірі партиясын сатып алғанын анықтайды. Қоғамның арақ –шарап бұйымдарын сатуға лицензисы жоқ болғандықтан, салық инспекциясы жасалған мәмілені жарамсыз деп жариялап, мәміле бойынша түскен табыстың бәрін мемлекетке өткізуді талап етеді.

Сатушы – арақ-шарап комбинаты өз жағынан ешқандай заң бұзушылық болмағанын айтады. Оның үстіне, шарт жасасу кезінде ұсынылған Қоғам жэарғысында арақ-шарап бұйымдарын сату сияқты іс -әрекет түрі қарастырылған.

Салық инспекциясының әрекеті заңды ма?



  1. есеп

Қылмысты істі тергеу барысында Сабыровтың алдамшы жолмен азаматтарды көне шеберлердің суретттірін олардың өз бағасынан едәуір төмен бағамен сату келісімдерін жасауға мәжбүр еткені анықталады. Осындай жолмен сатылып алынған суреттер тергеумен анықталып, тәркіленеді. Азамат Сабыров тергеу аяқталғанша қайтыс болып кетеді. Жәбірленушілер Сабыров тарапынан алдаудың дәлелдерін бере алмай қалады. Алайда, тергеуші, едәуір төмен бағаның төлену фактісін және жәбірленушілердің түсініктемелерін басшылыққа ала отырып, суреттерді жәбірленушілерге қайтарып береді. Сабыровтың мұрагерлері тәркіленген суреттерді қайтарып беру жөнінде талап арызды сотқа ұсынады, өйткені Сабыровтың өліміне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған, ал оның кінәсі сот барысында дәлелденбеген.



Істі шешіңіздер.



  1. есеп

Тәңірбергенова жеке меншігіндегі екі бөлмелі пәтерін өзінің жиені Ескеноваға сыйламақшы болады. Ескенова салық инспекторына сыйлау шартының жасалу жағдайында оның қандай салық төлеу керектігін түсіндіріп беруді сұрап барады.

Сатып алу- сату шарты кезіндегі салықтың төмен болуын біліп алған Ескенова, Тәңірбергенованы сатып алу – сату шартын жасасуға үгіттейді.

Пәтер Ескенованың атына жазылғанын анықтаған салық инспекторы сыйлау тәртібінде берілетін мүлікке салық төлеуді талап етеді. Ал сатып алу- сату шартының жүзеге асырылғаны анықталғанда, ол мәмілені жарамсыз деп тану үшін және түсірілген табыстың бәрін мемлекет пайдасына өткізу үшін құжаттар дайындайды.



Салық инспекторының әрекеті дұрыс па? Ескенованың Тәңірбергеноваға пәтер құнының тек жартысын төлеуінің маңызы бар ма? Егер Ескенова еш бөлігін төлемесе, бірақ алдағы екі жылда оны жасайтын болса, шешім өзгере ме?



  1. есеп

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шетел компаниясымен жекешелендірілген кәсіпорындардың бірінің акциялар пакетін сату шартын жасасады. Шарт тиісті тәртіп бойынша жасалып, тараптардың қолы қойылады және брокермен куәландырылады. Шарттың орындалуы барысында шетел компаниясының өкіліне акцияларға ие болу жөнінде куәлік беріледі, ал серіктестік өз есеп шотына барлық тиісті соманы түсіреді.

Бір жылдан соң акционерлердің кезекті жиналысына дайындық кезінде, акционерлер тізімінде әлі күнге дейін шетел компаниясы емес жауапкершілігі шектеулі серіктестік көрсетілгені анықталады. Серіктестіктің өкілі өз тарапынан акцияларға билік ету бойынша талап етілетін әрекеттің бәрін орындағанын, ал компанияның тізім ұстаушыға барып өзгертулер енгізуге тиіс екендігін мәлімдейді. Тізім ұстаушы бір жылдық ескілігі бар құжаттар бойынша тіәзщімге өзгерістер енгізуден бас тартады.

Акцияларға құқық берілмегендіктен, мәміле жасалмаған болып саналуы тиіс деген оймен, шетел компаниясы оның төлеген бүкіл сомасын қайтаруды талап етеді.



Шетел компаниясының талаптары заңды болып санала ма?
Сабақ тақырыбы: Өкілдік пен сенімхат


  1. есеп

72 жасар Үсенова Нояновпен жасасқан өмір бойы асырауда ұстау шартын бұзу жөніндегі талап арызын сотқа ұсынады. Талап арызында Үсенова жеке меншік құқығындағы тұрғын үйін ешкімнің меншігіне бермейтінін, өйткені оны тұрғын үйі жоқ немере қызына өсиет бойынша беруге ниеті барын көрсетеді. Ал өмір бойы күту мен асырау шартына қатысты болса, оны жиені Серіков оған айтпастан жасасқан. Үйді сатып алушы Ноянов, талап арызға қарсылық білдіре отырып, шынымен Серіковпен шарт жасасқанын, бірақ соңғысының қолында тиісті түрде жасалынған Үсенованың мүлігін басқару жөнінде бас сенімхаты бар екенін түсіндіреді. Сондықтан да, оның ойынша, шартты жарамсыз деп танудың негізі жоқ. Ол өз мойынына алынған міндеттемелерді тиісті түрде орындап отыратынын және шын мәнінде қаржыға және қосымша күтімге мұқтаж болған Үсенованы мүддесі ешбір түрде қосылмайтынын айтып, сотты сендіреді. Осыған қарамастан Үсенова шартты бұзуды талап етеді.



Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?



  1. есеп

Астанада тұрып жатқан Сарманов жанұясымен бірге Алматыға көшіп келуді ұйғарады. Алматыда тұрғын үйді іздестіруге мүмкіндігі болмаған ол өзінің алыс туысы Қалиевпен келісілген соманың айналасында оның тұрғын үй сатып алу варианттарын іздестіруі жөнінде уағдаласады. Берілген тапсырманы орындау жағдайында Сарманов Қалиевке сатып алатын тұрғын үй құнының 2,5 %-і мөлшерінде сыйақы төлеуді міндетке алады. Біраз уақыт өткен соң, Қалиев таныстары арқылы Келімжанованың тиімді бағамен сататын 3 бөлмелі пәтерін сатып алуға мүмкіндік барын біледі. Пәтерді көріп, Қалиев осы вариант Сармановтың көңілінен шығады деп шешеді. Келімжанова ойын өзгертеді деп күдіктенген Қалиев оны пәтерін тек Сармановқа сататыны жөнінде жазбаша шарт жасасуға үгіттейді. Ниеттерінің шындығын растау үшін Қалиев өз қаражаты есебінен Келімжановаға соманың жартысын төлейді, оны тараптар шартта кепілпұл деп атаған. Қалиев дереу САрмановпен хабарласады, бірақ соңғысы жағдайлардың өзгеруіне байланысты Алматыдағы пәтерді керек етпейтінін айтады. Қалиевке қандай да бір сыйақы төлеуден немесе оның шығындарын өтеуден Сарманов бас тартады.

Қалиев Келімжановаға Сармановтың пәтерді сатып алудан бас тартқанын айтқанда, Келімжанова кепілпұл ретінде ақшаны қайтаруға ниеті жоқтығын, өйткені жасасқан шарттың кесірінен басқа сатып алушыларға пәтер сатудан бас тартқанын мәлімдейді.

Қалиев Сармановпен де, Келімжановамен де қарым-қатынастарындағы өзінің мүліктік құқықтарын қорғау жөнінде сұрақпен заң кеңесшісіне барады.



Қалиевке қандай кеңес берілуі тиіс?


  1. есеп

Ауыр сырқатқа шалдыққан азамат Момынов жинақ банкісіндегі өзінің ақша салымын бірнеше жыл бойы іс жүзіндегі некелік қарым-қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы сенімхат береді. Сонда Момынов куәгерлердің көзінше Нұрланова осы қаражат есебінен оны жерлеуге байланысты барлық шығындарын өтеп, ал қалғанын өз еркімен жұмсасын деген тілегін білдіреді. Осы сенімхат та, Нұрлановаға мұра бойынша автокөліктің және үй жабдықтарының өтуі туралы өсиет те, Момыновтың емделіп жатқан ауруханасының бас дәрігерімен куәландырылады. Момыновтың өлімінен кейін әкесімен бірқатар жылдар бойы қатынаспайтын, бірақ заң бойынша Момыновтың жалғыз мұрагері болып табылатын оның ересек ұлы Нұрлановадан жинақ банкіде Момынов атында сақталған ақша салымының барлық сомасын беруді талап ете отырып, оған талап арыз ұсынады.



Осы талап арыз қаншалықты негізделген деуге болады?



  1. есеп

Саудалық фирманың тауар маманы тігін фабрикасына фирма үшін қажетті өнімдердің үлгісін таңдап алу үшін және өнім беру шартын жасасу үшін жіберіледі. Фирма директорының орынбасары қол қойған сенімхатта оған 120 млн. теңгеге дейінгі сомаға әйелдердің пальтоларын және ерлер плащтарын сатып алу құқығы берілген. Фабрикадағы пальтолар мен плащтар үлгілері тауар маманына ұнамайды, бірақ ол ерлер костюмдері мен әйелдердің жылы курткаларының үлгілерін құптап, фабрикамен 95 млн. теңге сомасына өнім беру шартын жасасады. Жасалған шартқа сәйкес сауда фирмасы фабрикаға шартта көрсетілген соманы аударады, алайда фабрика шарт бойынша өз міндеттемесін орындамайды. Фирма аударылған ақша қаражатын қайтаруды және шартта қарастырылған айыпты төлеуді талап етіп, фабрикаға хат жібереді.

Ол хатқа жауап ретінде фабрика аударылған қаражатты фирмаға қайтаруға дайын екендігін, бірақ айып төлеуге ниеті жоқтығын, себебі фирмамен жасалған шартты жарамсыз деп санайтынын мәлімдейді.

Фирманың бас директоры сотқа талап арыз беруге бола ма деген сұраққа жауап іздеп, заңгерге барады.



Бас директорға сіз қандай кеңес берер едіңіз? Егер фирма фабрикаға ешқандай қаржы аудармаған болып шықса, шешім өзгере ме?

Сабақ тақырыбы: Меншік құқығы түсінігі және мазмұны
1-есеп
Шопанов Қамаловтан «Лада» жеңіл автокөлігін сатып алады. Мәмілені жасау сәтіндегі тәртіпке сәйкес олар оны комиссиялық дүкен арқылы жасайды. Комиссиялық сыйақының мөлшерін төмендету үшін тараптар көліктің сатылу бағасының жартысын сатып алушы сатушыға дүкеннен тыс қолма-қол беретіні туралы келіседі.

Мәміле жасалған соң сатып алушы комиссиялық дүкенге төлеген ақшаның үстіне тағы ақша төлеуден бас тартады. Оған жауап ретінде сатушы сатып алушыдан автокөлігін тартып алады. Сатып алушы көлікті қайтару жөнінде талап арыз ұсынады.

Талапқа қарсылық білдіре отырып, сатушы автокөлігін МАИ органдарында өз атына тіркеп үлгермегендіктен сатып алушыға меншік құқығы әлі өтпегеніне сілтейді. Ал мәміленің өзін жасамаған деп тану қажет, өйткені тараптар баға жөнінде келісімге келмеді.

Істі шешіңіз.
2- есеп
Салынып бітпеген тұрғын үйдің меншік иесі – Нышанов, терезелер мен есіктерді қағып тастап, ұзақ уақыт жоқ болады. Аудандық әкімшілік үйді ашуға жарлық береді, үйдің 75%-ке бұзылғаны жөнінде акт жасалған соң үй тұрған жер учаскесі Кенебаевқа құрылыс үшін беріледі. Нышановтың үйі Кенебаевқа құрылыс материалы ретінде ақысыз беріледі.

Кенебаев жаз мезгілі ішінде үйді толығымен қалыпқа келтіріп, қайта жобалап, іргелі түрде жөндеп алады.

Күзде бұрынғы тұрғын орнына келген Нышанов Кенебаевтан үйді оған қайтаруды талап етеді. Кенебаев Нышановқа аудан әкімшілігіне баруды ұсынады, ал ол жерде Нышановтың талабы оның ұзақ уақыт жоқ болуына байланысты негізсіз деп танылады.

Іс қандай тәртіпте және қалай шешілуі тиіс?
3- есеп
Сарманов өз саяжайын іргелі жөндеу жөнінде жұмыскерлер бригадасымен шарт жасасады. Пешті бұзу кезінде жұмыскерлердің бірі алтын ділдаларымен құнды заттары бар қобдишаны тауып алады. Жұмыскер оларды өзі тапқандықтан, олар өзінікі деп мәлімдеп, құнды заттарды беруден бас тартады. Жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жұмысшылардың қалғаны да құнды заттардағы өз үлесін талап ете бастайды.

Милиция органдары табылған құнды заттарды алып, оларды қазына табысының есебіне өткізуге қаржы органдарына береді. Саяжайдың меншік иесі, жұмыскерлер мен қаржы органдары арасында құнды заттарға кімнің құқығы бар және оларды қалай бөлісуге болады деген дау туады.



Бұл дау қандай тәртіпте шешілуі мүмкін?
4-есеп
Қуатов өзіне мұра бойынша келген үйде өзінің бұрынғы жанұя мүшелерімен тұрып жатты. Басқа тұрақты тұрғын орынға көшуіне байланысты ол үйді Асановқа сатып жібереді, шартта үйде тұрып жатқан адамдар жөнінде мәселе мүлдем қозғалмайды. Шарт жүзеге асқан соң Қуатов үйден көшіп кетеді. Жанұя мүшелері басқа тұратын жерлері болмағанын негізге алып, үйдібосатудан бас тартады.

Жаңа меншік иесі аталған адамдарға үйді босату жөнінде талап арыз ұсынады. Талап арызындағы талаптарына дәлел ретінде арызданушы үй қожасы үйден шығып кетсе, онда оның әулет мүшелері, оның үстіне бұрынғы мүшелері, үйді босатуға тіпті міндетті екеніне сілтейді.

Жауапкерлер талап арызға қарсы болып, өз кезінде үйге меншік иесінің жанұя мүшелері ретінде кіргендерін және меншік иесінің ауысуы оларды үйді босату міндетін жүктемейтінін айтады.

Істі шешіңіз. Егер шарт жасалмай тұрып, үйде тұрып жатқан адамдар үйді босату жөнінде жазбаша міндеттеме берген болып, бірақ ақырында оны орындаудан бас тартса, даудың шешімі өзгере ме?


  1. Есеп

Біріне –бірі жанасып жатқан жер учаскелерін пайдаланушылар оларды жекешелендіріп алады. Бұдан кейін учаскелердің біреуінің меншік иесі басқасының меншік иесіне өз учаскесін жүру мақсатында пайдалануға тыйым салады. Басқа учаскенің меншік иесі, жекешелендіруден бұрын екеуі келісе отырып пайдаланған құдыққа жолды бөгеп тастайды. Өз әрекеттерін олар жер учаскелерінің меншік иелері болғандықтан, оған ешкімді жібермеуге құқылы екенімен негіздейді.

Жер ресурстары бөлімінде дауды қарастыру кезінде бір учаскені айналып өтіп басқасына жету өте қиын екені анықталады. Екі учаскені де құдықпен қамтамасыз ету талпыныстары сәтсіздікке әкеледі, өйткені бірнеше қайталап скважина қазылғанымен су жүрмей қояды.

Пайда болған дауды қалай шешуге болады?


  1. Есеп

Кәмелетке толған және ата-анасынан бөлек тұрып жатқан төрт балаға олардың ата-анасы қайтыс болған соң мұра бойынша тұрғын үй өтеді. Мұрагердің үшеуі үйді сатып, түсірген пайдасын үлестер бойынша бөліап алғысы келеді. Мұрагерлердің біреуі үйді сатуға келісім бермейді, үйдегі өз үлесін тұрғын орын ретінде пайдаланғысы келетінін мәлімдейді. Мұрагерлер арасында келісім орнамағандықтан, олардың үшеуі үйді сатуға қарсы болған мұрагерге үйді сатуға кедергі жасамауы туралы талап арызын береді. Өздерінің талаптарын олар үйді толығымен сатқанда оның нарықтық құны әп-сәтте жоғарылайтынымен түсіндіреді.



Істі шешіңіз.


  1. Есеп

Ерлі-зайыптылар Арманова мен Зекетов бірге өмір сүрген кезінде «Волга» автокөлігін сатып алады. Бірнеше жыл өткен соң Зекетов авиациялық апатта қайтыс болады. Оның анасы мұрагер ретінде автокөлікті бөлісу туралы Армановаға талап арыз ұсынады. Соттың шешімі бойынша автокөлік әйеліне беріледі, ал анасына ақшалай компенсация тағайындалады, оны Арманова төлеп береді.

Ақырында Арманова Көлікті сатып жібереді. Оны білген Зекетовтың анасы өзінің автокөлікті сатып алуға басымдылық құқығын бұзғандықтан, сатып-алу сату шартын жарамсыз деп тану жөнінде талап арызды Армановаға ұсынады.

Істі шешіңіз.


  1. Есеп

Некеде тұрған кезінде Сатова мен Манасов бірігіп үй сатып алады. Ақырында олардың арасында неке бұзылады да, Сатова Манасовқа үйді бөліс жөнінде талап арыз ұсынады. Іс бойынша экспертиза тағайындалады. Экспертиза қорытындысы бойынша даулы үйді сол қалпында техникалық себептермен бөлуге болмайтыны анықталады. Үй қаланбалы құрылыстан тұрады және оны сол қалпында екі бөлікке бөлу үшін қаланбалы керегеден есік үшін қуыстар жасау қажет, ал ол үйдің бүкіл құрылысының босауына әкеп соқтырады.

Істі қарастыру кезінде сот Сатованың Манасовтан туған ауру қызымен үйде тұрып жатқанын, ал Манасов үйді пайдаланбайтыны және басқа тұрғын үйі барын анықтайды.

Істі шешіңіздер.


  1. Есеп

Ерлі-зайыптылар Кеңесовтар бірнеше жыл некеде тұрады. Кеңесова бизнеспен айналысады, Кеңесов жұмысынан айырылып, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алып тұрады. Кеңесова күйеуіне некеде тұру кезінде жинаған-терген мүліктерін бөлісу тәртібі бекітілген контракт жасасуды ұсынады. Егер де ондай контракт жасалса да, ол заңды күшке ие бомайды деп мәлімдейді Кеңесов. Ерлі-зайыптылар келісімге келе алмаған соң, олар заң кеңесшісіне барады.



Оларға қандай жауап берілуге тиіс?

  1. есеп

Бақ өсіруші серіктестік мүшелерінің жеке меншігіне жер учаскелерін беру кезінде учаскені ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіне беруге бола ма, әлде меншік құқығы туралы куәлік тек серіктестік мүшесі болып табылатын жұбайына берілуі тиіс пе деген сұрақ туады. Сонымен қатар, егер жер учаскесі өзінің көлемі жағынан азаматтардың жеке меншігіне берілетін жер учаскелерінің белгіленген нормаларынан асатын болса, қалай болады?



Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ тақырыбы: Меншік құқығының түрлері
1-есеп
Тұрғын үй-құрылыстық кооперативінің мүшесі Жұматов пәтер үшін жарналық төлемін толығымен төлейді. Шетелге тұрақты қоныс тебуіне байланысты Жұматов пәтерді сатпақшы болып, сатып алушымен келісіп қояды. Жұматов пәтер оның меншігінде екені туралы анықтама қағаз алу үшін кооператив басқармасына барғанда, оның сұранысы орындалмайды. Басқарма бас тарту себебі Жұматовтың пәтері орналасқан тұрғын үй кооператив жарғысы бойынша кооператив меншігі болып табылады, сондықтан да тек қана кооператив пәтерді сатуға құқылы. Кооператив Жұматовқа пәтерді сатудан түскен соманы төлеуге келісімін береді.

Басқарма әрекеттері заңды ма? Меншік құқығының пайда болуының қандай негіздерін білесіздер?
2- есеп
Иманов жабдықталған және бұйымдары бар өндіріс орынын дүкен жасау үшін жалға алады. Жабдықтар мен бұйымдардың ақысын төлеп алған соң, Иманов өндіріс орынын сатып алуға талаптанады. Аудандық әкімшілік пен жалға беруші – жөндеу-эксплуатациялық басқарма Имановтың кісі тұрмайтын орынды сатып алуына қарсы болады. Өйткені кісі тұрмайтын орын тозғанына байланысты бұзылуға жіберілетін еді. Имановтың ойынша, жабдық пен бұйымдардың меншікті иесі болғандықтан ол кісі тұрмайтын орынды қалдық бағасы бойынша сатып алуға құқылы.

Пайда болған дау қалай және қандай тәртіпте шешілуі мүмкін?
3- есеп
Есенов бекітілген жобаны бұзып, тұрғын үй салады. Екі қабатты үйдің орнына Есенов үш қабатты үй салады. Үйдің тұрғын ауданы жобада көрсетілгендей 60 емес, 110 кв.м. болып шығады. Есенов учаскесінде жобада көрсетілмеген жылыжай мен гаражды салады да, өзіне тиісті учаскеден екі есе асатын учаскені қоршаумен қоршап тастайды. Поселке әкімшілігінің комиссиясы үйді қабылдаудан бас тартып, Есеновтан үйді жобаға сәйкестіріп жасауын, жылыжай мен гаражды бұзып, қоршауды қайта құруды талап етеді. Есенов комиссия талабын орындаудан бас тартады, оның негіздеуі боцйынша, туып отырған дау тек сот күшімен шешіледі, өйткені онымен үй салу шарты жасалған. Оның үстіне, дау пайда болған сәтке қарай азаматтардың салатын тұрғын үйлерін көлемі бойынша шектеу жойылған болатын. Осылардың негізінде Есенов бұрынғы бекітілген жобаны учаскедегі салынған құрылыстармен сәйкес етілуі керек деп санайды.

Осы дауды қалай және қандай тәртіпте шешкен жөн?
4- есеп
Астананың тұрғын үйлерінің бірінде пәтер босайды. Астанадағы аймақтық мемлекеттік мүлік комитеті мен аудан әкімшілігі арасында сол пәтерге тұрғын кіргізіп, оған ордер беруге кімнің құқығы бар деген дау пайда болады. Комитеттің пікірі бойынша тұрғын үй республикалық меншік болып табылады. Сондықтан пәтерді билеу құқығы комитетке берілген.

Орталық аудан әкімшілігі үй коммуналдық меншікке жатады деп санады. Сондай-ақ ол үй ауданда берілетін ордерлер бойынша қоныстандырылатынына және үйдің аудандық тұрғын үй пайдалану ұйымдарының бірінің балансында тұрғанына сілтейді.



Істі шешіңіз.
5-есеп
Республикалық бюджетте тұратын мекеме коммерциялық іс-әрекеті есебінен бірнеше пәтер сатып алады да, өзь қызметкерлерінің меншігіне береді. Оны білген соң, мүлікті басқару комитеті қызметкерлер меншігіне пәтерлер беру шартын жарамсыз деп тануды талап етеді. Өйткені мемкемеге қандай да болмасын жағдайда, қандай да болмасын негізде сатылып алынған жылжымайтын мүлкін өз ұйғарымымен билеуге құқық берілмеген. Мекеме мен комитет келісімге келмегендіктен дау сотқа беріледі.

Пайда болған дауды қалай шешуге болады?


  1. есеп

Басқа өнім шығаруға көшуімен байланысты мемлекеттік кәсіпорын өзіне қажетсіз материалдық құндылықтарын сата бастайды. Мүлікті басқару комитетінің өкілетті адамы кәсіпорын директорына бұл материалдарды өз кезінде орталықтанған қаржылық салымдар есебінің арқасында сатылып алынғандықтан, оларды сатудан бас тарту туралы бұйрық береді. Оның үстіне қазіргі уақытта кәсіпорынды қазыналыққа айналдыру жөнінде құжаттар дайындалып жатқанын айтады. Комитет келісімі бойынша қайта ұйымдастырылу барысында, құндылықтар тағдыры жөнінде мәселе шешілетін болады: олар кімге және қандай тәртіпте беріледі, не болмаса мекемеде қалады.



Бұл дауды қалай шешуге болады?

Сабақ тақырыбы: Міндеттемелердің ұғымы және пайда болу негіздері
1-есеп
Арғынов, өз досы, эстрада әртісі Нұрлановпен, оның орындауындағы эстрадалық өлеңдерді үй жағдайында отырып тыңдағысы келген қызметтестерін, өзінің үйінде жинайтыны жөнінде келіседі. Алайда, белгіленген уақыттан бір сағат бұрын, Нұрланов теледидардан футбол ойынын көру үшін үйде қалуды шешкенін телефон арқылы Арғыновқа хабарлайды. Белгіленіп қойған кездесуді өзгертуге тура келді.

Арғыновтың ойынша, Нұрланов кездесуге даярлық жасауға байланысты оның барлық шығындарды (сатып алған азық-түлігі мен сусындарының құнын), сонымен қатар моральдық нұқсанның орнын толтыруы тиіс.



Арғыновтың Нұрлановқа осындай талап қоюының заңды негіздері бар ма?
2- есеп
Бір-біріне жақын орналасқан көрші саяжайлардың меншікті иелері саяжайларға жанасып жатқан жер учаскелерінің екеуінде де көктемдік және күздік жинау жұмыстарын жасап отыратыны жөнінде шарт жасасады. Төребаевтың учаскесі Сармановтікінен екі есе үлкен болғандықтан, Сарманов жасаған жұмыстары үшін Төребаевтан еңбекақының бір айлық ең төменгі көрсеткіші мөлшерінде қосымша төлем алатыны да шартта белгіленеді.

Бірінші болып жинау жұмыстарын Төребаев жасайды. Алайда, Сарманов өз міндеттерін орындап болғанда, Төребаев олардың шарттарының заңды күші жоқ екеніне және тек тұрмыстық сипатта жасалғанына сілтеп, ақша төлеуден бас тартады.



Төребаевтың пайымдауының негізі бар ма?

3-есеп
Ажырасқаннан кейін Алматыда бір пәртерде тұруға мәжбүр болған бұрынғы ерлі-зайыпты Аймановтар араз қарым-қатынастарды болады. Екеуінің арасындағы кезекті жанжалдан соң, Айманова бұрынғы күйеуінің жақын туыстарына оның өлімі туралы хабарлап, телеграммалар салып жібереді.

Алматыға Маңғыстаудан, Ақтаудан, Оралдан келген туысқандар Аймановтың аман-сау екенін көргенде қорғаушыға барып, Аймановадан авиабилеттерге, қонақ үй мен азықтануға кеткен шығындарын және оларға келтірілген моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге заңды негіздері бар ма деп сұрайды.

Қорғаушы қандай жауап беруі қажет?

4- есеп
Білаловпен сақбаев жаңа үйден екі бөлмелі пәтерлерге ордерлер алады. Тұрғын үй пайдалану ұйымымен шарттар жасасу кезінде Білаовқа берілген пәтердің 5-қабатта, бірақ оңтүстік жақта орналасқаны, ал Қарсақбаевтың пәтері солтүстік жақтың 2-қабатында екні анықталады. Тұрғын үй пайдалану ұйымының бастығының көзінше Қарсақбаев күнгей жақта тұру үшін 2-қабаттағы пәтерді қуана беретінін мәлімдейді. Ал Білалов сол арада оған келісімін береді. Тұрғын үй пайдалану ұйымының бастығы ондай келісімге қарсылығы жоқтығын білдіреді.



Жасалған келісім бойынша тұрғын үйді жалға беру туралы шарт жасасу орынды ма?

5-есеп
Өзінің досы Мырзаевтың сұрауы бойынша Әубәкіров өзінің жеңіл автокөлігімен Мырзаевтың сатып алған теледидарын жеткізіп беруге келісімін береді. Жолда келе жатқанда Әубәкіров көлікті басқара алмай қалып, аударылады. Жүргізуші мен жолаушы зақымданбайды, ал багажникте жатқан теледидар тұтастай сынып қалады.

Мырзаев Әубәкіровтан жарамсыз болып қалған теледидардың құнын өтеуді талап етеді. Әубәкіров оған қарсы болады, өйткені оның ойынша, ол Мырзаевқа тек досы ретінде қызмет көрсеткісі келген. Олар қандай да бір шарт жасасқан жоқ болатын, теледидарды тасымалдау үшін ол ешқандай ақы алмайды. Сондықтан да олардың араларында ешбір міндеттемелер болмауы керек. Оның үстіне апат нәтиежесінде тек Мырзаев қана емес, өзі де шығынға ұшырайды. Өйткені көлікті жөндеу үшін оған теледидар құнынан әжептәуір жоғары соманы жұмсауға тура келеді.

Бұл дауда кімдікі дұрыс? Осы жағдайда азаматтық-құқықтық міндеттеме туып тұр ма?


Сабақ тақырыбы: Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.
1 – есеп
“Боран” жабық акционерлік қоғамы балық консервілеу зауытымен одан балық консервісінің үлкен пкртиясын сатып алу жөнінде келіссөзді бастайды. Сатушы тауарды сатудың шарты ретінде тауардың тұтас партиясы үшін ақы төленуін талап етеді. Сатып алушы тауар төлемін басқаша қамтамасыз етуге, атап айтқанда, үшінші ұйым тарапынан кепілдік алып беретінін айтады. Кепіл беруші қарсы болмайды.

Алайда балық консервілеу зауыты кепілдікті қабылдамай, “Боран” ЖАҚ директорына Азаматтық Кодексте кепілдік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдіс ретінде қаралмағанын айтады. Сондықтан да ол сатушының өз уақытында ақша алуын қамтамасыз ететін қандай да бір басқа жолын тандап алуды ұсынады.

Мәселені шешу үшін тараптар заң кенесшісіне келесі сұрақтар бойынша түсінііктемелер беруін сұрайды:

1) Қазіргі заманда міндеттемелрдің орындалуын қамтамасыз ететін қандай әдістер қарастырылған?

2) Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдіс ретінде кепілдікті қолдануға бола ма?

3) Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің таңдап алынған әдісі жөнінде тараптар келісімі қалай жасалады?

4) Негізгі шарт жасасқан тараптар, кейіннен қамтамасыз етуші міндеттемені қолдану жайында келісе ала ма?
2 - есеп
Несие шарты бойынша қарыз алушы адам әрбір кешіккені үшін өз уақытында өтелмеген ссуданың 20%-ін төлеуге міндеттенеді. Қарыздың 75%-ін өтеп, қарыз алушы қалған соманы қайтаруды үш айға кешіктіреді, соған байланысты несие беруші қарыздарға шартта қарастырылған айыпты төлеу жөнінде талап қояды.

Қарыз алушы талап арызда баяндалған дайттарға қарсы болмай, соттан оны айып төлеуден босатуды сұрайды, өйткені айып мөлшері қалған қарыз сомасынан 15 еседей асады, қарыздың негізгі бөлігі өз уақытында өтелген, қазіргі уақытта ол жұмысынан айрылып, материалдық тапшылық көруде.



Сот қандай шешім қабылдауға құқылы?

3 – есеп
“Елес” фирмасы тапсырыс беруші- ауылшаруашылық өнімін өнлеу комбынаты-тапсырыстың толық сомасына банк кепілдігін беретін болса, құрылыс бойынша жұмыстар жүргізуге келіседі. Комбинат банк кепілдігін алады, бірақ құрылыстық мердігерлік шартына қол қоюдан бас тартады,ол банкет алған қаржыны өзінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсауды ұйғарады.

Банктің кепілдікке қол қоюынан кейін Комбинат оған кепілдік сомасын Комбинаттың есеп шотына аударуды сұрап хат жібереді.Банк ондай талапты банкке тек мердігер-«Елес» фирмасы Комбинаттың орындалған жұмыстардың ақысын төлемеген жағдайында ғана қоя алады деген оймен одан бас тартады. Екінші хатында баннк кепілдігі негізінде несие беру кепілдігі болып табылатынын, Комбинат оны өтеуге міндеттеме алатынын көрсете отырып, Комбинат талабынан бас тартпайды.Ақшаның іс жүзінде қайда (құрылыстың төлеміне не шикізат сатып алуға кететінін) банктің білуі қажет емес деп санайды.
4 - есеп
Кіші-гірім оңтүстік қалаға экспедицияда жұмыс істеу үшін қызмет сапарына жіберілген Мәуленов, экспедициядан таяу жерде орналасқан үй иесімен экспедицияда жұмыс істеу кезінде 3 ай бойы оның үйінде Мәуленовтың әулеті: әйелі мен кішкентай ұлы тұратыны жөнінде келіседі. Тұрған орны үшін ақыны Мәуленов сол кезде-ақ төлейді, ол жөнінде үй иесі қолхат беріп, алынған соманы кепілпұл деп атайды.

Бірнеше күннен соң Мәуленовтың әулеті келеді, бірақ үй иесі немересі келетінін күтіп жүренін түсіндіріп, оларға тұрғын орын беруден бас тартады.Мәуленовқа қолхат бойынша алған сомасын қайтарып береді. АлайдаМәуленов, алынған соманы екі есе мөлшерде қайтарып беруді талап етеді, өйткені ол кепілпұл ретінде берілген болатын. Оның үстіне ол әулеттің жол шығындарын өтеуді талап етеді. Талап етілген соманы ала алмай, Мәуленов сотқа барады.



Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
5 – есеп
Саттаров банктен несие сұрайды да, оның кепіліне өзінің үйі мен үйге жанасып жатқан жер учаскесін салады. Тараптар арасында екі шарт – несиелік шарт және кепіл туралы шарт жасалады.

Алайда, көп ұзамай Саттаровқа кепіл туралы шартын сауда-саттық шартына алмастыру ұсынылады. Ондай алмастырудың мақсатқа сәйкестігін банк өкілі үй мен жер кепілі екі рет тіркеледі, ал несиенің қайтарылмау жағдайында оларды сату үшін сот шешімін алуды талап ететінін айтып түсіндіреді. Оның бәрі үлкен машақатпен және қосымша шағындарды қажет етеді. Несие шартымен бір мезгілде сауда-саттық шартына қол қою банк үшін анағұрлым қолайлы, ал Саттаровтың мүддесіне кепілдік ретінде, егер де ол өз уақытында банк алдындағы қарызын өтесе, онда банк Саттаровқа үйді өзіне қайта сататын болып міндеттеме алар еді.

Саттаров заңгерден міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлікті кепілге беру жөнінде түсініктеме беруді сұрайды.

Заңгер қайда түсініктеме беруі тиіс?

Сабақ тақырыбы: Міндеттемелерді бұзғандығы үшін жауапкершілік

1- есеп
Жалгердің кінәсінен болған өрт салдарынан қоймаға зиян келтірілді. Жалға беруші келесі зияндарды өтеу жөнінде талап арыщ ұсынады:

а) өрт салдарынан қойма бағасының төмендеген сомасы;

ә) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін уақыт бойына жалдық ақы төлеу;

б) құрылыс ұйымы жасаған сметаға сәйкес анықталатын қайта қалпына келтіріп жөндеуге кеткен шығынды өтеу;

в) жалгер шарты бойынша жалға берушінің пайдасына қойма орнын сақтандыру міндетін орындағанында жалға берушінің алатын сақтандыру сомасы.



Қандай шығындар өтелуі қажет?
2- есеп
Азамат Смағұлов «Спортлото» билетін уақытында толтырып, арнайы жәшікке салады. Сол билетке ұтыс түседі. «Спротлотоның» аймақтық басқармасы билеттің поштаға кеш өткізілгеніне, соның салдарынан ол ұтыс көлемін есептеу кезінде есепке алынбағанына сілтеп, Смағұловқа ұтысты төлеп беруден бас тартады.

Бұл істі қарастырған кезеде, «Спортлото» басқармасына билеттердің жеткізілуі пошта бөлімі қызметкерлерінің селқостығынан туғаны анықталады. Сот шешімі бойынша ұтыс сомасы Смағұловтың пайдасына төленеді.

«Спортлотоның» аймақтық басқармасы көрсетілген соманы байланыс органдарының өтеуі жөнінде талап қояды. Сотта істі қарастыру кезінде, «Спортлото» басқармасына залал келтірілген бе деген сұрақ туады.

Осы дауды қалай шешуге болады?

3- есеп
Шаштаразда киім ілінетін жерден сапаровтың бағалы аң терісінен тігілген бас киімі ұрланып кетеді. Оның орнына жасанды теріден тігілген ескі бас киім қалдырылған. Сапаров киім ілетін орында қызмет көрсететін комбинатқа бас киімінің және келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру жөнінде талап арызын ұсынады. Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты талапқа қарсылық білдіре отырып, бас киім жоғалған күні киім ілуші әйел ауырып қалғанын, ал оны алмастыратын ешкім болмағанын айтады. Сапаров мұндай қымбат бас киімін киім ілетін жерге қоймауы тиіс еді. Болған оқиғада ол өзі кінәлі, сондықтанда талаптан бас тарту қажет, ал зиянның орнын толтыру ретінде киім ілетін жерде қалдырылған ескі бас киімді алуына болады.



Іс қалай шешілуі тиіс?

4- есеп
6-класс оқушысы Бекетов Бақтияр әкесінің швейцарлық алтын сағат мектепке алып келіп, сабақта басқа оқушыларға көрсетіп отырады. Мұғалім сабақ үстінде Бақтиярдан сағатты тартып алып, өз столының тартпасына салып қояды. Сабақтан соң класс экскурсияға шығады да, Бақтияр мұғалімнен сағатты сұрауды ұмытып кетеді. Келесі күні мектепке Бақтиярдың әкесі келіп, сағатты қайтаруды талап етеді. Мұғалім сағатты столының тартпасына салып қойып, ол туралы ұмытып кеткенін, ал таңертең мектепке келген соң, оны ол жерден таппағанын түсіндіріп айтады.



Бақтиярдың әкесі аудандық білім беру бөліміне және баласынан сабақ үстінде сағатты тартып алған мұғалімге сағаттың құнын өтеу жөнінде талап арызды ұсынады.

Сот қандай шешім шығару тиіс?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет