Сабақ тақырыбы: Б. Майлин Күлпаш



Дата21.06.2016
өлшемі44 Kb.
#151873
түріСабақ
Алиманова Фарида Ретбаевна

№8 орта мектебі нің бастауыш сынып мұғалімі.

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

Сабақ тақырыбы: Б.Майлин Күлпаш

Тақырыпты пысықтау сабағы: «Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны. Сабақ мақсаты: Ойын арқылы білімдерін пысықтау,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сабақ көрнекілігі: Үлестірме материалдарын даярлайды,сандықша,суреттер,интерактивті тақта. Сабақ әдісі: Модульдік оқыту технологиясыСабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі; 2.Сабақтың мақсатын айқындап «Сиқырлы сандықша» ойынның жұмыс барысымен танысу.

Ойынның шарты: Мұғалім үлестірме материалдарын дайындайды.Фишкалармен бағалайды. «5», «4», «3» деген баға қойылады.Сиқырлы сандықша сұрақтарымен толтырылады,олардың саны оқушы санынан артық болады. Сұрақтарда алдында өтілген тақырып қамтылуы мүмкін. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, фишкалар арқылы тиісті бағасын алады.


  1. Зейін Шашкиннің «Азаттық жолында» әңгімесінде кім туралы айтылған?

  2. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?

  3. Түрмеде оған қандай айып тағылды?

  4. Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?

  5. Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?

  6. Ол анасымен не жайында сәйлесті анасына не айтты?

  7. Әңгімеден Тоқаштан алынған жауап жөнінде айтылған тұсты тауып, рөлге бөліп оқыңдар.

  8. Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?

  9. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

  10. Мақтым мен Күлпаш неге жылады? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

«Тұлғаны танып-біл» оқыта үйрету ойыны.

Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады.Оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (батырлардың ) портреттері жапсырылған.

Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады.Балалар портреттегі тұлғаның аты- жөнімен ондағы сұрақтарға жауап береді.Топ ішінде талдау 5 мин аспайды. Өз командасын топтың бір адамы қорғайды. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген команданы анықтайды.Жүргізуші ойынға қатысушылардың барлығына рахмет айтады.

Қабанбай – Бөгенбай тобы

1.Жоңғар шапқыншылығы кезігдегі халықтың жағдайы?

2.Халықты жаудан қорғаған батыр кім?

3.Бұқар жырау неге теңейді?(Қабанбай,Бөгенбайды)

4.Алмас қылышты ардагер кім?

Ағыбай батыр тобы

1.Мәтіндегі ел басынан өткен кезең туралы?

2.Кененсары кім?

3.Неліктен Ағыбай батыр есімі Кенесары ханмен қатар айтылады?

4.Ағыбай батырды халық қалай бағалады?

5.Батырға халықтың берген есімі?

Амангелді батыр тобы

1.Өлеңде кім туралы айтылған?

2.Қазақ елінің тұрмысы туралы не делінген?

3.Амангелді қандай ер?

4.Дұшпанды қалай суреттеген?

Махамбет пен Исатай тобы

1.Жақия кімнің баласы?

2.Мәтіндегі батырларды ата?

3.Исатайдың тұлпарын ата?

4.Исатай батыр мен Махамбеттің заманындағы хан кім?

Шоғы батыр тобы

1.Шоғы кім?

2.Батырдың анасы кім?

3.Батырдың әкесі кім?

4.Шоғы батыр қандай шайқаста ерлік көрсетті?

5.Шоғы батырдың топырағын Маңғыстау өңіріне қайдан әкелді?

Сөзжұмбақ

1.Алмас қылышты ардагер кім?

2.Қаракерей ..............................?

3.Махамбеттің серігі кім?

4.Есет батырдың құрдасы кім?

5.Бүгінгі сабаққа қатысқан қонақтарға не дейміз?
























































































































«Жадының түрін зерттеу» әдісі

1.Жасақ


2.Жарақ

3.Пырақ


4.Уәж

5.Мәміле


6.Өрім-өрім

7.Ызғырық

8.Шұбырынды

9.Буырқану

10.Бөкебай

Ішінен оқып,қағазға түсіреді.



Бейнені есте сақтау.

Бейнені есте сақтау 20 сек ішінде есте сақтап, 1мин ішінде қағазға түсіру керек,суреттеуге де болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет