Сабақ тақырыбы: «Баланың мамандық таңдаудағы ата ананың ролі»



жүктеу 64.16 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі64.16 Kb.
Сабақ тақырыбы: « Баланың мамандық таңдаудағы ата – ананың ролі»

Мақсаты: Жеке тұлғаның тиімді мамандық тандауда профессионалды түрде кәсіби кеңес өткізу керектігі туралы, жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау барысындағы педагог-психологтың тиімді жұмысының бағыттарымен таныстыру.

Сабақ барысы:

Мұғалім осы тақырыпта баяндама оқыды.

Тақырыбы:Баланың мамандақ таңдау мәселесіндегі ата – ананың ролі.
Слайдтар арқылы сауалнама жүргізілді.

Сіз қандай ата-анасыз?

1.Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.Балаңыздың жасына қарамай,онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаыңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 бал.



2.Кейде ғана келісемін - 2 бал.

3.Келіспеймін - 1 бал.

 Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16 Бала тәрбиесі-сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 Балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Сауалнама жүргізіліп болған соң ата – аналар мен де оқушылармен де тренинг ойыны өткізілді

4. «Мен сізге жазамын.....» ойыны /ата- аналармен/

Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылғанқолыңызда парқ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек?

Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындай, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін,сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң бұл парақсол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңызбенфамиляңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын атқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздеріжайлы жазылған парақты оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттерменалмасады.

Талқылау:

1.     Өзінің басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдың?

2.     Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай? Және т.б Ойын соңында психолог бұл парақта сақтап, өмірдің қиын кезеңізде қарап, еске түсіруге болатындығы жайында кеңес береді. Яғни жаныңдағы адамдар сені қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ойынпаз» т.б. екеніңді ойлайтынын көреміз. 



2. «Туған күн» ойыны

Мақсаты: Жасөспірімдер ортасында қарым - қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б.

  Ойынның алдында жүргізуші әр қайсысына билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-тен адам қатысса, 2 адам бір билеттен ұсынуға болады.

Билеттегі тапсырмалар:

1.     Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге тартуға тырысады.

2.     Білгішсымақ - кез-келген әңгімеге қыстырылуға тырысады.

3.     Таласқыш - бәрімен ерегесіп, таласады.

4.     Келісімге келтіруші - кикілжіңді басуға ұмтылады.

5.     Бәріне және барлығына көңілді толмайтын адам.

6.     Асаба - туған күн иесіне көмекші.

7.     Қызық мінезді адам - кез-келген әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.

8.     Әдепсіз адам.

Ойыннан кейін талқылау жргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің мінез - құлқын байқауға мүмкіндік береді.

«Адамдар әлемінде» тренинг

«Жарнама ролигі»

Нұсқау: -Біздің барлығымызға жарнама деген не екендігі белгілі.Күнбе- күн теледидар экранынан небір жарнама ролигін бақылаймыз да белгілі бір тауарды қалай ұсынатынын көреміз. Біз тұтынушы болғандықтан, жарнама жасаудың шебері болуымыз да мүмкін. Ал қазір біз жарнама маманы ретінде бір тауарды ұсыну үшін өзіміздің жарнамалық ролигімізді жасау үшін жиналып отырмыз деп елестетейікші. Біздің міндетіміз ұсынысымызды тартымды, қызықтыратындай етіп ұсыну.

Тек бір ерекшелік біздің ролигіміздің нысаны мына айналамызда отырған нақты адамдар табылады. Әрқайсымыз қатысып отырған адамның аты жазылған қағаздардың біреуін суырып, оның атын атамай, оны белгілі бір тауар немесе қызмет ретінде жарнамалауға тиіспіз. Кейбіріңе өз атыңыз түсуі мүмкін, ештеңе етпейді. Өз-өзіңізді жарнамалауға тиіссіз.

Сіздің таңдап алған адамыңыз адам кепінде емес, тауар, не қызмет көрсету мекемесі не тауар болса, қандай болар еді, мүмкін мұздатқыш па не үй ме? Ол қандай үй болар еді?

Бұл жарнамаңызды кімге, қандай адамдар категориясына ұсынасыз, атаңыз. Жарнамалайтын нысаныңыздың ең маңызды және шынайы қасиеті көрсетіліп, танытылатын болуы тиіс. Жарнама бір минуттан аспауы керек. Содан кейін топ бұл жарнаманың топ мүшесінің қайсысына арналып, яғни кімді жарнамалап тұрғанын табуға тиісті.


Жаттығу: «Интервью»

Жаттығудың мақсаты: серіктесті тыңдай білуді дамыту және коммуникативті дағдыларды жетілдіру;

Қатысушылар жұп-жұпқа бөлінеді және 10 минут ішінде өз серігімен ол жайлы көбірек білуге тырыса отырып әңгімелеседі, одан соң әрқайсысы өзінің әңгімелесушісі жайында қысқаша түсінік береді. Басты міндет- оның жеке даралығына,өзгелерге ұқсайтындығына, ерекшелігіне басты назар аудару. Бұдан соң қатысушылар кезектесіп бір-бірін таныстырады. Яғни өз серіктестері жайлы түсініктерін айтады.
Жаттығу: «Амандасу»

Әрбір қатысушы топ мүшелерінің әрқайсысымен мимика, жест, пантамималардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сөзсіз амандасуы керек. Егер амандасу біркелкі болып кетсе, амандасу тәсілдерін еске салу қажет.


Жаттығу: «Баспа машинасы»

Жаттығу мақсаты: сергіту, ұйымшылдықпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

Қатысушыларға сөз немесе фраза жасырылады. Мәтінді құрайтын әріптер топ мүшелері арасында бөлініп беріледі. Кейін әркім өз әрпін атайды, фраза мүмкіндігінше жылдам айтылуы тиіс, ал сөздер арасындағы аралықта барлығы алақандарын соғып шапалақтайды.

Жаттығу: «Мүсін»

Мақсаты: конфликтінің шешу жолдарын болдырмау.

Қатысушылар үш адамнан топқа бөлінеді және «Мүсіншіні» таңдайды. Ол «конфликт» мүсін тобын тұрғызады және ондағы өзінің тұратын орнын анықтайды.

Жаттығу барысындағы өз сезіміңізді айтып көріңіз.

«Мүсінші» денесінің қай жерінен ауырлық, күштену сезілді? Сол және басқа қалыпта (поза) қандай сезімдер мен ассоциациялар пайда болады ?



Бәйтерек» тренинг

Мақсаты:

Қазіргі кезде баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-анамен баланың қарым-қатынасын қалыптастыру.



Құралдар: карточкалар, қағаздан құралған жүрекшелер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезең:

Тренингтің қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу. Сәлемдесу рәсімдерін жүргізу.

-Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгінгі кездесуіміз мазмұнды болуы тиіс. Бүгінгі тренинг тақырыбы ‘Бәйтерек’ деп аталады. Мақсат баланың қарым-қатынасын арттыру. Сонымен қатар өзін-өзі тануға, өзінің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.

Негізгі бөлім.

1-тапсырма.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырып “Мен” деген сөзді ары қарай жалғастырады.

- Мен....

- Мен...


2-тапсырма.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде әкесі туралы таныстырып, “Әкем-асқар тау” деген сөзі жалғастырады.

- Әкем-асқар тау....

-

-
3-тапсырма.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде анасы туралы таныстырып, “Ана-бақыт” деген сөзі жалғастырады.



- Ана-бақыт

-

-


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет