Әдістемелік нұсқаулар: Талантты және дарынды оқушылардың қажеттіліктері инклюзивтік нысанда қанағаттандырылуы мүмкін. Шағын топтардағы бірлескен жұмыс инклюзивтік сыныптарда талантты және дарынды оқушыларға міндеттер қою үшін қолданылуы мүмкін. Тереңдетілген тапсырмалар инклюзивтік сыныптарда талантты және дарынды оқушыларға міндеттер қою үшін пайдаланылуы мүмкін.
Әдебиеттер:
1. Dauban, J & Crossland. J., (2009). ‘Working with Gifted and Talented Children at an Iron Age Hill Fort in North Somerset’. [«Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы Темір ғасыры». Бастауыш сыныптардағы тарих. Талантты да дарынды балалармен жұмыс істеу]. in Primary History 51. Spring, 2009 (Historical Association, UK).
2. Eyre, D and Lowe. H., (2002). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Secondary School. [Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту]. David Fulton.
3. Freeman, J., (1998). Educating the Very Able. [Ерекше қабілеттілерді оқыту]. The Stationery Offce, London.
4. Freeman, J., (1991). Gifted Children Growing Up. [Дарынды балаларды тәрбиелеу]. London: Cassell.
5. GTIP Think Piece – Gifted & Talented. [Дарындылар мен таланттылар] (2007).
6. Koshy, V., Mitchell, C., & Williams, M., (2006). Nurturing gifted and talented children at Key Stage 1. A report of 14 action research projects. [Бастауыш мектепте дарынды және талантты балаларды тәрбиелеу].
12-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Диалогтік оқыту.Оқыту мен оқуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың мақсаты: Студенттерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектесу, оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастыру, (жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы). Тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |