Сабақ Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет2/15
Дата04.09.2024
өлшемі146 Kb.
#503348
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практика

2-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері. Мұғалім құзіреттілігі.
Сабақтың мақсаты: Сапалы оқыту туралы қабылданған ресми құжаттарды және өзінің идеяларын зерттеу және салыстыру. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу және талдау нәтижелерін әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Оқытудың мақсат, міндеттерін айқындау. Әр студенттің өз пікірі есепке алынып, ортақ ойдың кластерін түзу;
2. Жалпы білім беретін орта мектептердегі білім сатыларын анықтау, өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
3. «Құзыретті» мұғалім моделін анықтау; Қазақстандық мектеп жағдайы мен мүмкіндіктері тұрғысынан және заманауи зерттеулерге сәйкес келетін нәтижелер тұрғысынан құзыретті мұғалім моделін түсінуде бір тұжырымға келу.
4. Студенттердің мінсіз оқушыға тән сапаларына қатысты өз пікірлері бойынша постер құрастыруы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру. білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларға табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.
3. Білім беру интернационалының VI Дүниежүзілік конгресі, 2011, 22–26 шілде. Кейптаун (Оңтүстік Африка). http://www.ed-union.ru/page.html?region=1&sid=&page=9&doc=9581
4. Barber, М., Mourshed, М. & McKinsey., (2007). Report «Consistently high performance: Lessons from the world’s top performing school systems». [Мектепте орнықты жоғары сапалы оқытуға қалай қол жеткізуге болады].
5. Harris, J. R., (1998). The nurture assumption: Why children turn out the way they do. [Тәрбие туралы ойлар: неліктен балалар бұндай болады]. Free Press.
6. OECD (2000). Literacy in the information age: final report of the international adult literacy. [Ақпараттық дәуірдегі сауаттылық: ересек адамдардың халықаралық сауаттылығы мәселелері бойынша қорытынды баяндама]. Paris: OECD.
7. Vygotsky, L. S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. Cambridge, MA: Harvard University Press.
8. Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалар қалай ойлайды және қалай білім алады]. (2nd ed.). Oxford: Blackwell Publishers Ltd




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет