Сабақ Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет10/15
Дата04.09.2024
өлшемі146 Kb.
#503348
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практика

Қарастырылатын мәселелер:
Бағалау мақсатын білу. Оқу үшін бағалау үдерісінің мәнін және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін білу. Бағалау әдістерін меңгеру. Оқушының қызығушылығын анықтауда рейтингілік тиімді тестілеу әдісін білу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студенттер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отыруға дағдыланады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылатынын тұжырымдайды. Бағалау үдерісін оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі ретінде түсіну (оқу үшін бағалау) бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын рәсім ретінде дәстүрлі қабылдауға үйренген мұғалімдердің ұғымында түбегейлі өзгерістердің болуын талап етеді. Оқушыларды сабақтың оқу мақсаттарымен таныстыруды үйрену. Сабақтың міндеттері мен табыс критерийлерін әзірлеу. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау туралы.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.
3. Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика]. Wiley-Blackwell Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқу үшін бағалау:10 ұстаным]. University of Cambridge Faculty of Education.
4. Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және оқыту]. University of Cambridge Faculty of Education.


11-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқыту
Сабақтың мақсаты: Мұғалімдерді инклюзивтік қағидат негізінде талантты және дарынды оқушылар үшін күрделі тапсырмаларды түзуге арналған тәсілдермен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер: Талантты және дарынды оқушыларға арналған нұсқаулардың маңызын түсіну. Талантты және дарынды оқушылар үшін тиісті зияткерлік тапсырмаларды өзгерту әдістемесін меңгеру. Қабілеттілігі әртүрлі талантты және дарынды оқушылар үшін топта бірлескен тапсырмаларды жоспарлау. Қабілеттері әртүрлі оқушылар бірлескен тапсырмаларда қолданатын әртүрлі дағдыларды анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет