Сабақ Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет12/15
Дата04.09.2024
өлшемі146 Kb.
#503348
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практика

Қарастырылатын мәселелер: Студенттер оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге; білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға; бастауыш және орта буынды оқыту мен оқу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге; сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға; диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады. Тілдің оқыту мен оқудағы орталық рөлін түсінуге, жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда, әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдауға көмектеседі.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі заманғы оқу аспектісінде мұғалімдерге тілдің оқыту мен оқудағы жүйе құраушы рөлін түсінуге, сыныптағы оқушылармен қарым-қатынаста заманауи тәсілдер туралы рефлексия жасау мен әзірлеуге көмек көрсету.
Ынталандырушы әңгіме туралы материалдарды талқылау және әңгіме түрлерін анықтау. Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Зерттеу материалдарын түсіндіру үшін Нейль Мерсердің кіріспе таныстырылымын пайдалану. Студенттердің сұрақ қоюы және оны стикерде жазбаша ұсынуы. Шағын топтарда жұмыс істейтін студенттерге сыныпта әңгімелесуді пайдаланған кезде пайда болатын кедергілерді қарастыруға арналған зерттеушілік сипаттағы диаграмма жасауды ұсыну. Студенттер әңгімелесу –балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік екенін тұжырымдайды. Сыныпта диологті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал етуге болатынына көз жеткізеді. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектесетінін пайымдайды.
Әдебиеттер:
1. Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну]. Cambridge: Dialogos UK.
2. Barnes, D., (1971). Language and Learning in the Classroom. [Сыныптағы тіл және оқыту]. Journal of Curriculum Studies, 3(1), 27–38.
3. Barnes, D., (1976). From communication to curriculum. [Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына дейін]. Harmondsworth: Penguin.
4. Galton, M. & Hargreaves, L., (2002). Transfer from the Primary School: 20 Years On. [Бастауыш мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge.
5. Hargreaves, L. and Galton, M., (2002). Transfer from the Primary School: 20 Years On [Бастауыш мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge
6. Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. [Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер]. Clevedon: Multilingual Matters.
7. Mercer, N., (2000). Words and Minds: how we use language to think together. [Сөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?] London: Routledge. Mercer, N., and Hodgkinson, S., (2008). Exploring talk in school: inspired by the work of Douglas Barnes. London: Sage.
8. Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Dialogue and the development of thinking. A sociocultural approach. [Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл]. NY: Routledge.
9. Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University Press).
10. Wragg, E. and Brown, G. (2001). Questioning in the Primary School. [Бастауыш мектептің мәселелері]. Routledge Falmer.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет